Озат педагогикалық тәжірибенің екі түрі бар: а) педагогтың ғылыми ұстанымдары біліктілікпен, ұтымды кешенді пайдалануы болып табылатын педагогикалық шеберлігі;
ә) педагогикалық жаңашылдық, яғни жаңа білім беру қызметін көрсетулері, оқытудың жаңа мазмұны, тәсілдері мен құралдары, т.с.с өзінің шығармашылық табыстарымен байытылған тәжірибе.
Озық тәжірибенің критерийлері:
Жаңашылдық – белгілі бір қалыптасқан әдістемені жоққа шығару емес, оны жетілдіру, толықтыру;
жоғары нәтижелілік;
ғылымның қазіргі жетістіктеріне сәйкестік
тұрақтылық;
тәжірибені басқа да педагогтар мен оқу орындарының пайдалану мүмкіндігі;
тәжірибенің оңтайлылығы;
көкейтестілігі, оның ғылым үшін және педагогикалық тәжірибе үшін құндылығы;
оптималдық;
бұқаралық тәжірибеде шығармашылықты қолдану мүмкіндігі.
Озық педагогикалық тәжірибенің белгілері, оған қойылатын талаптар. Бірінші белгісі – қоғам дамуының бағытына, әлеуметтік сұранысқа сәйкестігі. Озық мұғалімдер мен білім беру ұйымдарының қызметкерлері өмір талаптарына сай жұмыс істеп, педагогикалық үдерісті жетілдірудің тиімді жолдарын табады.
Озық тәжірбиенің екінші белгісі – педагогикалық қызметтің тұрақты, жақсы нәтижелері. Педагогикалық «өнім» – оқушылардың білім, іскерлік, дағдыларының, жалпы дамуының, тәрбиелілігінің деңгейі.
Мұғалім сабақтарын дұрыс бағалап, оқушылардың білім сапасын тексеріп, жауап алынатын сұрақтар:
Білім сапасы оқушылардың байқампаздығынан, талдау, жинақтау, абстракциялау іскерлігінен, оқу материалымен жұмыс істеу жолдарын анықтаудан, іс-әрекеттің жүйесін белгілеуден, өз іс-әрекетін бақылап, оған керек жағдайда түзетулер енгізуінен көрінеді.
Оқушылардың тәртібі олардың пікірлерінен, мінез-құлқынан, жүріс-тұрысынан байқалады.