Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Физика және математика» ббб мәжілісінде қаралды


Озат педагогикалық тәжірибенің екі түрі бар



бет50/99
Дата14.10.2023
өлшемі6,14 Mb.
#113765
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   99
Озат педагогикалық тәжірибенің екі түрі бар:
а) педагогтың ғылыми ұстанымдары біліктілікпен, ұтымды кешенді пайдалануы болып табылатын педагогикалық шеберлігі;
ә) педагогикалық жаңашылдық, яғни жаңа білім беру қызметін көрсетулері, оқытудың жаңа мазмұны, тәсілдері мен құралдары, т.с.с өзінің шығармашылық табыстарымен байытылған тәжірибе.
Озық тәжірибенің критерийлері:

  • Жаңашылдық – белгілі бір қалыптасқан әдістемені жоққа шығару емес, оны жетілдіру, толықтыру;

  • жоғары нәтижелілік;

  • ғылымның қазіргі жетістіктеріне сәйкестік

  • тұрақтылық;

  • тәжірибені басқа да педагогтар мен оқу орындарының пайдалану мүмкіндігі;
    тәжірибенің оңтайлылығы;

  • көкейтестілігі, оның ғылым үшін және педагогикалық тәжірибе үшін құндылығы;
    оптималдық;

  • бұқаралық тәжірибеде шығармашылықты қолдану мүмкіндігі.

Озық педагогикалық тәжірибенің белгілері, оған қойылатын талаптар. 
Бірінші белгісі – қоғам дамуының бағытына, әлеуметтік сұранысқа сәйкестігі. Озық мұғалімдер мен білім беру ұйымдарының қызметкерлері өмір талаптарына сай жұмыс істеп, педагогикалық үдерісті жетілдірудің тиімді жолдарын табады.
Озық тәжірбиенің екінші белгісі – педагогикалық қызметтің тұрақты, жақсы нәтижелері. Педагогикалық «өнім» – оқушылардың білім, іскерлік, дағдыларының, жалпы дамуының, тәрбиелілігінің деңгейі.
Мұғалім сабақтарын дұрыс бағалап, оқушылардың білім сапасын тексеріп, жауап алынатын сұрақтар:

  • оқушылардың бағдарламадағы оқыту материалын меңгеруі;

  • өз беттерімен білім ала білуі;

  • білімдерін шығармашылықпен тәжірбиеде колдануы;

  • оқушылардың жалпы дамуы.

Білім сапасы оқушылардың байқампаздығынан, талдау, жинақтау, абстракциялау іскерлігінен, оқу материалымен жұмыс істеу жолдарын анықтаудан, іс-әрекеттің жүйесін белгілеуден, өз іс-әрекетін бақылап, оған керек жағдайда түзетулер енгізуінен көрінеді.
Оқушылардың тәртібі олардың пікірлерінен, мінез-құлқынан, жүріс-тұрысынан байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет