Бақылау сұрақтары:
Реферат қалай жазылуы керек?
Реферат тақырыбы бойынша оқу мақсатын, өзін-өзі дамыту мақсатын және осы мақсаттарды жүзеге асырудағы міндеттерді көрсету.
Реферат жоспарын құру
Тапсырма пункттерін жазбаша орындау.
Задание
1. Как должен быть написан Реферат?
2. показать цель обучения, цель саморазвития и задачи по реализации этих целей по теме реферата.
3. Составление плана реферата
Письменное выполнение пунктов задания.
Практикалық сабақ 2
Ғылыми зерттеу жұмыстарының әдеби көркемделуі
Кез келген ғылыми зерттеулерді табысты жүргізу көбінесе ғылым мен техниканың жетістіктері туралы жедел және толық ақпаратты уақтылы қамтамасыз етуге, оны ғылыми-зерттеу, жобалау-конструкторлық және өндірістік кәсіпорындарда тиімді пайдалануға байланысты. Егер ол туралы ақпарат толық емес және сенімсіз болса немесе кешігіп алынса, технологияның ең жақсы әлемдік және отандық үлгілері туралы дұрыс түсінік қалыптастыру мүмкін емес. Сондықтан қазіргі заманғы есептеу техникасының жетістіктеріне негізделген ақпаратты жинаудың, өңдеудің, сақтаудың, тиімді іздеудің және берудің жалпы мемлекеттік жүйесін дамыту өте өзекті міндет болып табылады.
Зерттеу жұмысы нәтижелерін баяндау немесе жазба түрінде орындауда олардың мәтінінің дұрыстығы, оның стилистикасы мен тыныс белгілері ережелерінің дұрыс орындалуына байланысты болады.
Стилистика – стиль туралы ілім. «Стиль» деп белгілі бір жалпыхалықтық тілдің ауқымындағы тілдік құралдарының қолданылу, сұрыпталу дәне тіркесу тәсілдерінің қоғамдық айқындалған, қызмет жағынан сәйкестендірілген, іштей топтасқан жиынтығын айтамыз.
Зерттеу жұмыстары мазмұнына сәйкес төмендегілерді атауға болады:
Ғылыми стиль – ғылыми еңбектер, дәріс, баяндамалар жұмсалады. Сөйлеуде жалпылама – дерексіз, логикалық, дәлелдеу жағы басым.
Публистикалық стильдер – газет, журнал, митинг, жиналыстарда пайдаланылады. Сөйлеу қызулы, ұранды болып, көпшілікке ықпал жасау, қоғамдық істерге адамдардың дұрыс қатынасын қалыптастыру міндетін атқарады.
Тыныс белгілері тіл білімінде пунктуация деп те атайды. Пунктуация – жазуға тән шартты белгі.
Тыныс белгілері – сөздер тіркесі мен сөйлемдерді айтқанда немесе оқығанда тілде байқалатын кірістерді де, дауыста аңғарылатын әркелкі құбылысты да, білдіреді.
Ғылыми жұмыстардың әдеби көркемделінуі төмендегі формалар түрінде орындалады.
Реферат – қандай да бір мәселе төңірегінде әдебиеттерге және басқа да ақпараттарға сыни көзқарастар талдау жасалынған дүние.
Баяндама тезисі – баяндама мазмұнында айтылатын мәселелердің қысқа, логикалық нұсқасы. Көлемі 1-2 бет.
Мақала – мамандар, зерттеушілер арасындағы өзара ғылым ақпарат алмасу формасы. Олардың формасы журнал немесе ғылыми жинақтар бойынша әртүрлі болады.
Баспаға дайындалатын мақала – мысалы, журналдар немесе мақалалар жинағына «Текстік авторлық және баспалық нұсқаға» сәйкес, сонымен қатар баспаханалардың арнайы талаптарына сәйкес жазылуы тиіс. Текст жолағы 60-65 белгіден, бір бетте 28-30 қатар түзілімнен тұруы тиіс.
Мақалада пайдаланылатын әдебиеттер тізімі мақала соңында беріліп, онда тек қана текстте сілтеме жасалғандары ғана түзіледі.
Мақала басында жалпы ондық классификация (УДК немесе ГРНТИ) жазылуы тиіс.
Баяндама – негізінен ғылыми конференцияларда, ғылыми зерттеу жұмысының бағыты, барысы, нәтижесі, т.с.с. жөніндегі хабарлама. Оның баяндалу ұзақтығы – 10-20 мин. Көбінесе, аралығы 2 интервалмен басылған бір беттегі материалды оқып шығуға 2 мин. көлемінде уақыт кететіндіктен, оның көлемі 5-10 беттен аспағаны жөн.
Баяндама дайындауға қойылатын талаптар.
Баяндама толық 4-бетке дейін (суретті қоса есептегенде), баяндаманың тақырыбы, мекеменің және қаланың аталуы, бір қатардан соң резюме қазақ немесе орыс, ағылшын тілдерінде келтіріледі. Осыдан кейін бір қатар тастап, баяндаманың негізгі тексті басылады.
Ғылыми-педагогикалық зерттеу жұмысы нәтижелері бойынша орындалған жұмыстарға, ғылыми есеп, монография, оқу құралдары жазылады. Олардың бірінші беттерінің жазылуы белгілі формаға сәйкес келуі керек.
Текст жазылуы төмендегі өлшемдерге сәйкестендіріледі: сол жағы 30 мм-ден кем емес, оң жағы 10 мм-ден кем емес, жоғарғы жағы 15 мм-ден кем емес, төменгі жағы 20 мм-ден кем болмауы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |