Бақылау сұрақтар:
Ғылыми зерттеуде ақпаратты жинақтауды түсіндіріңіз
Жоспар жасауды көрсетіңіз
Тезис әзірлеудегі әрекеттерді түсіндіріңіз.
Конспектілеу қалай жазылатынын түсіндіріңіз.
Практикалық сабақ 6
Педагогикалық зерттеулердің теориялық әдістері
А) Тарихи-генетикалық әдіс. Бұл әдіс зерттеу проблемасына тарихи талдау негізінде жүргізіледі. Сондықтан да проблемада «қайда қашан, неге пайда болды? Оған қандай факторлар себеп болды? » деген сұрақтар алға тартылады. Осы себепті зерттелетін мәселенің себеп-салдары анықтауда дитерменистік принципті басшылыққа алу керек. Бұл принцип мәселенің не екенін біліп, танысу емес, оның не себепті осындай болғанын ұғындыруға бағытталады.
Талдау (анализ) мақсатыбүтіннен – бөлікті, күрделіден – қарапайымды, жекеден – жалпыны, салдардан – себепті анықтау, табу болып табылады.
Жинақтау (синтез) – негізінен келесі теориялық мәселелерді шешу:
Зерттелінетін пән, тікелей байланысқан және өзара бағынышты байланыс жүйесі және жетекші бола алатын жағдайы.
Құбылыстар элементтерінде, табиғатында жеке-жеке тұрған элемент болғанмен, оларда барлығына тән біркелкілік ;
Бірдей объектілердегі заңдар мен заңдылықтардың арасында байланыстардың барлығы жатады.
Сондықтан талдау – жеке бөліктерді тек жинақтау, біріктіру емес, ол конструктивті іске асыратын логикалық жүйе болып табылады.
Салыстыру. Таным әдістерінің ішінде кең таралған және әмбебат әдістерінің бірі – салыстыру. Салыстыру – бұл қашанда салыстырылатын заттардың ұқсастығы мен айырмашылығын анықтау, әдетте, біртектес әйтеуір бір ұқсастығы, үйлестігі бар заттар салыстырылады. Яғни, зерттелінетінн объектілердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ойша белгілеу салыстыру деп аталады.
Салыстыра білуді мақсатты қалыптастыру үшін салыстырылатын объектінің нақтылы құрамын, құрылысын оқушылар айқын біліп алуы қажет, яғни:
Достарыңызбен бөлісу: |