Тәжірибені жетілдіреміз Жоғарыда келтірілген мысалда автор өзгерткісі келетін тәжірибенің жеке аспектісін анықтады (төмендегі 4 -мысалды қараңыз).
Осы іс-әрекеттің қажеттілігі, болған өзгерістер мен алынған нәтижелер туралы қосымша ойлаңыз.
• Сіздің тұжырымдарыңыз нәтижелермен расталды ма?
• Әріптестеріңізде назар аударарлық дәлел бар ма?
• Бұл дәлел орын алған даулар мен талқылауларға сәйкес келеді ме?
• Тұжырым мен Сіз ұсынған ғылыми контекстің бірегейлігі неде?
• Қоршаған адамдар дәлелдеріңізді маңызды деп мойындай ма?
Бір Іс-әрекетті зерттеу жергілікті оқыту тәжірибесін жетілдіру үшін пайдалы болуы мүмкін. Мүдделі мұғалімдердің желілік қоғамдастығында жүргізілген Іс-әрекетті зерттеу жекелеген сыныптар шеңберінен тыс шығуы мүмкін. Желілік қоғамдастық аясында әріптестермен қарым-қатынас Сіздің зерттеулеріңіздің әсер ету аясын кеңейте алады.
Іс-әрекетті зерттеу оқушылардың қалай білім алатыны туралы немесе педагогтердің оқыту және үйрету тәжірибесін жетілдіру үшін не істей алатыны туралы біздің барлық сұрақтарымызға толық жауап бермейді. Бірақ Іс-әрекетті зерттеу осы сұрақтар туындаған жерде орынды, онда нақты практика жүзеге асырылады және дереу әрекет жасауға мүмкіндік береді (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 2012).
Бақылау сұрақтары: Зерттеу жүргізу бойынша міндеттемелер қабылдау қалай жүргізіледі?
А) зерттеу тақырыбына байланысты әдебиеттер, нормативтік, әдістемелік құжаттарды оқыту, танысу;
Ә) Әңгімелесу ;
Б) педагогикалық бақылау;
В) тестілеу;
Г) рейтингілеу, рангілеу
Д) пелагогикалық тәжірибе;
Е) тәжірибені жинақтау және қорытындылау
Ұсынылған тақырыпты пелагогикалық бақылау әдісі ұтымды сипат алады.
Бақылау зерттелінетін объектілерді мақсаты және жүйелі түрде тікелей қабылдау арқылы зерттейтін әдіс.
Бақылауда мына мәселелер қарастырылады: себептілік, мақсатқа лайықтылық, мақсат.
Себеп дегеніміз екінші рет құбылысқа себепші болатын оны туғызатын құбылысты белгілейтін философиялық категория, сол құбылыстың салдарынан барып өзара байланысты оқиғалардың тізбегі де туады. Мақсатқа сәйкес әрекет ету дегеніміз – ол қызметі бастаудың алдында осы қызметтің дайын нәтижесінің бейнесі және осы нәтижеге жету жолдары болуы керек деген сөз. Мақсат дегеніміз – қызмет пен шығатын салдардың ойдағы обдразы.
Педагогикалық бақылау жүргізу үшін келесі нұсқаулар: