Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Физика және математика» ббб мәжілісінде қаралды



бет70/99
Дата14.10.2023
өлшемі6,14 Mb.
#113765
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   99
Байланысты:
umkd gpz

Жалпылау және нақтылау. Теориялық мәселелердің құрылуы мен қорытындылаудың кең тараған, қарапайым әдістерінің бірі –жалпылау. Жалпылаудың әдіснамалық негізін бізді қоршаған дүниенің заттары мен құбылыстарының өзара шарттылығы туралы диалектиканың қағидалары құрайды.
Нақтылауда – не айнымалы тұрақты мен алмастырылады немесе зерттелінетін объектіге қандай да бір шектеу қойылады.
Ұқсастық (аналогия). Ұқсастық – объектілердің кейбір белгілерінің ұқсастығына сүйеніп, олардың басқа белігілерінің де ұқсас болатындығы туралы қорытынды шығаратын тану әдісі.
Модельдеу әдісі – зерттеу әдісі, жоюбалау, конструкциялау ретінде ғылымда кең қолдану тапты. Модельдеу – көбінесе қандай да бір құбылысты, процесті немесе объектілер тұрғызу арқылы және олардың модельдерін оқып – үйрену арқылы зерттеу болып табылады.
Кез-келген «модельдік» зерттеудің мынадай құрылымы болады:
1. Мәселені қою
2. Модель құру немесе ол модельді таңдап алу;
3. Модельді зерттеу;
4. Модель арқылы алынған білімдерді түпнұсқаға көшіру.
Индукция және дедукция. Индукция (латынша – бағыттау), дедукция (латынша – қорытындылау, шығару) терминдерінің үш мәні бар:
1. ой қорытулардың түрдері;
2. зерттеу әдістері;
3. материалды баяндау формалары.
Индукция дегеніміз ол жекеден жалпыға ұарай ой тұжырымдауға негізделген таным әдісі.
Дедукция дегеніміз – ол жалпыдан жекеге қарай ой тұжырымдау негізделген таным әдісі.


Бақылау сұрақтары:
1. Әдіс дегеніміз не?
2. Қағиданың гносеологиялық мәні дегеніміз не?
3. Тақырып бойынша реферат дайындау.
4. Индукция және дедукция әдістерін түсіндіріңіз.
Практикалық сабақ 7
Іс-әрекетті зерттеуді қалай жүргізуге болады?


Зерттеу жүргізу бойынша міндеттемелер қабылдау
Іс-әрекетті зерттеуді жүргізудің бірінші қадамы оны орындау бойынша саналы міндеттемелер қабылдау болып табылады. Сыныпта қолданылатын тәжірибені ойластыру үшін жеткілікті уақыт көлемін анықтау қажет. Кембридж университетінің тәсіліне сәйкес кәсіпқойлық ұғымын түсіндіру орталығында зерттеу қабілеті, яғни басқалармен ақылға қонымды ретінде қабылданатын жағдайларда сұрақ қою қабілеті бар, мысалы: «Сыныпта, сабақ беру әдістемеңізде қандай нәтиже береді?», «Кім оқиды?», «Процестен кім шығарылады?», «Оқу жоспары оқуға қалай ықпал етеді?», «Сіз жағдайды басқара алмайтыныңызды қашан сездіңіз?» және т. б. (20 -суретті қараңыз).

Мұндай сұрақтар қою соншалықты ыңғайлы емес. Оларға алынған жауаптар одан әрі ыңғайсыздық тудыруы мүмкін. Бірақ мұғалімдер күрделі проблемаларды шешпейінше, сыныптардағы жағдайды жақсартуы мүмкін емес. Бір сөзбен айтқанда, Іс-әрекетті зерттеу – мұғалімге өзін осы рөлде тануға, өзін таным мен даму әлемінде оқушыларды алып жүретін сыни ойшыл ретінде қабылдауға мүмкіндік беретін әдіс. Кембридж университетінің тәсіліне сәйкес, мұғалімдерден үдеріске деген жауапкершілік талап етіледі, ол өз алдына ыңғайсыздық тудыру мүмкін. Сонымен қатар, біз мұғалімдерге күн сайын өткізілген сабақ туралы блокнотқа жазулар жазуға 10 минут уақыт бөлуді сұраймыз. Бұл жұмыс қатаң тәртіпті пен жұмысқа деген қабілеттілікті талап еткенімен, процесс жаңа дағдыны дамытады дегенге сенімдіміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет