Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «жоо химияны оқытудың жаңа технологиялары» 6М011200 – Химия» мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет2/43
Дата06.01.2022
өлшемі91,32 Kb.
#14173
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
Байланысты:
Жаңа ақпараттық технология

Жаңа педагогикалық технологиялар - бұл білімнің басында мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің, оқу–тәрбие үрдісін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамасымен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда іс-әрекет оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды.

Жаңашылдық //жаңа енгізілім (инновация)-мектепішілік басқару жүйесіне жаңа тұрақты элементтерді,өзгерісті белгілі бір бөліктер бойынша енгізу үрдісі.

Жобалап оқыту технологиясы -тақырып (жобалық) оқу бағдарламасына сәйкес болуы керек және ол магистранттың қызығушылығын тудыруы қажет; оқытушының рөлі өзгереді, ол тек қана ұйымдастырушы әрі кеңесші болуы тиіс; жобалай оқытудың өн бойында іздену әрекеті, зерттеу әрекеті, талдау және жинақтау әрекеті ұйымдастырылады.

Қашықтан оқыту технологиясы –оқу үрдісі кезінде оқып үйренушілер мен оқытушылар арасында интерактивті өзара іс-әрекетте оқытылып, материалдың негізгі көлемін оқып үйренушілерге жеткізуді қамтамасыз ететін, оқылған материалдарды меңгеру бойынша, сонымен бірге оқу үрдісі барысындағы оқып үйренушілердің өз бетімен жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін ақпараттық технология

Модульдік оқыту технологиясы – білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқудың әдістері мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді.

Мотивация-жеке бастық және ұжымдық мақсаттарға қол жеткізу жолындағы түрткі үрдіс.

Педагогикалық технология– педагогтің жеке басының шығармашылық күш-қуатын өрістетуде қамтамасыз етудегі, адамаралық және іс-әрекеттегі қарым-қатынасты жоғарлатудағы, кәсіби еңбектегі адамның рухани жоғары биіктен көрінуіне ықпал ететін адамгершілік жүйе», –деп анықтама береді.

Проблемалық оқыту – ойлау операциялары (логика, талдау, қорытындылау және т.б.) мен оқушылардың ізденіс әрекеттерінің заңдылықтарын (проблемалық, ситуациялық, танымдық қызығушылығының, қажетсінуінің және т.б.) ескере отырып жасалған оқу мен оқытудың бұрыннан мәлім тәсілдерін қолдану ережелерінің жаңа жүйесі

Сабақ - өте күрделі, жан –жақты, көп қызмет атқаратын педагогикалық үрдіс.

Технология -латын сөзі «texne» – өнер, кәсіп шеберлік, «Iogoc» – ғылым, ілім деген мағынананы білдіреді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет