Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «жоо химияны оқытудың жаңа технологиялары» 6М011200 – Химия» мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары


Диагностикалық жолмен айқындалған мақсат қою



бет6/43
Дата06.01.2022
өлшемі91,32 Kb.
#14173
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
Байланысты:
Жаңа ақпараттық технология

Диагностикалық жолмен айқындалған мақсат қою:

-біріншіден, оқушының бойында қалыптастыруға қажет сапалардың нақты сипатын білдіру керек;

- екіншіден, осы сапаларды диогностикалық айқындаудың нақты тәсілдерін мұғалім де, оқушы да толық меңгеруі қажет; - үшіншіден, сапалардың өзгеру мүмкіндігін ескеру керек. Сонымен технология дегеніміз – педагогикалық тәсілдердің жиынтығы түрінде берілген педагогикалық жүйе деп қарастыруымызға болады.

Педагогикалық технология – дара тұлғаны қалыптастыруға педагогикалық ықпалдарды ұйымдастыру қажеттілігінен туындаған өзара байланысты процесстер. Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік жоспары, ұлттық үлгісі қалыптасуда. Осыған орай, оқушының тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологиялары пайда болуда. Бүгінде елімізде білім беру ошақтарында 50-ден астам педагогикалық технологияларды теориялық және ғылыми қолданбалы бағыт тұрғысынан зерттеу арқауы етіп, оларды оқыту үрдісін жетілдіру бағытында қолдану мәселелерімен Отандық ғалымдар: Д.М.Жүсіпбалиева, Б.Ә.Әбдікәрімұлы, М.С.Мәлібекова, Г.Қ.Нұрғалиева, Қ.Қабдықайырұлы, Ж.А.Қараев, Ш.Т.Таубаева т.б. өз зерттеулерінде қарастырған, педагогикалық технологияларды пайдалану мүмкіндіктерін нақтылау қажеттілігін айқындай түсуде. ТМД елдерінің оқыту жүйесінде кең өріс алып жатқаны белгілі. Жобалай оқыту технологиясының теориялық алғаш негіздеген ғалымдар: Д.Дьюри мен В.Килпатрик болатын. 1) Ресей ғалымдарынан В.П.Беспалько, В.В.Давыдов, В.К.Дьяченко, Л.В.Занков, П.Я.Гальперин, Н.В. Кузьмина т.б. ғалымдардың теориялық зерттеулерінің нәтижесінде; 2) Е.Н.Ильина, С.Н.Лысенкова, В.Ф.Шаталов т.с.с. әдіскерлердің практикалық тәжірибелерінің негізінде енгізілгені анықталуда. Білім беру жүйесінің әр буынында қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде меңгерту үрдісінде оқыту технологияларын қарастырған, оларды таңдап қолдаудың ғылыми-әдістемелік мәселелерін арнайы зерттеген жұмыстар қатарында Ф.Ш.Оразбаеваның комуникативтік технологиясы, К.Жақсылықова мен М.Жампейісованың модульдік оқыту технологияларын, Қ.Қадашованың жаңғырта оқыту технологиясын, З.Бейсенбаеваның студенттермен өздік жұмыстар жүргізу технологиясын, Н.Құрманованың дамыта оқыту технологиясы, Н.Оразахынованың сатылай кешенді талдау технологиясын т.б. өз зерттеулерінде қарастырған. Бұл аталмыштарды ескере отырып, әлі де педагогикалық технологияларды пайдалану мүмкіндіктерін нақтылау қажеттігін айқындай түсуде.

Кредиттік жүйе маман жұмыскерлерден бастап, жоғары ғылыми білікті мамандарға дейін білім берудің сатысын және деңгейін, академиялық дәрежесін бірдей бағалауға жол ашады. Кредиттік технологияны енгізу білім берудің барлық идеологиясын қозғайды. Оқытушы білім беріп қана қоймай, қалай оқу керектігіне, білімді алуға, дағды мен іскерлікті алып, өз бетімен практикада қолдануға үйретеді. Магистранттың өзіндік жұмысының ролі нығайып, оқыту саласына талап күшейеді, жастардың білімге бірдей жетуіне және оқытудың ашықтығы қамтамасыз етіледі, кәсіптік элита қалыптасады. Оқытудың кредиттік технологиясының жетістіктері:

- мамандарды әлемдік стандарттар деңгейінде даярлау мүмкіндігі;

- білім алушылардың өзіндік білім алуға және өзіндік дамуға қабілеттерін дағдыландыру;

- білім алушылардың өз бетімен білімді шығармашыл игеруге дағдыландыру;

- білім алушылардың біріккен оқуын ұйымдастыру;

- сырт елдердің жоғары оқу орындарымен серіктес қарым-қатынас орнату болып табылады.

Магистранттың өзіндік жұмысы жеңілдетіліп, білімнің сапасы жоғарлайды.

Кез келген материалды игеру үшін мүмкіндік жоғарлап, практикалық дағдылар жинақталады. Оқытудың кредиттік технологиясын енгізудің алғашқы кезеңі оқыту үрдісі болып табылады, яғни білім алушылардың білім беру бағдарламаларын игеруге бағытталған бақылау жүйесін анықтау, әр түрлі оқу сабақтарын, оқу жүктемелерін жоспарлау, оқу жоспарымен бағдарламаларын құру бойынша шаралардың жиынтығы. Сонымен қатар, оқу сұрақтары магистранттардың өзіндік жұмысын және кәсіби практикасын ұйымдастырумен байланысты. Бақылау шаралары пәндер бойынша білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауды ұсынады . Оқу үрдісін жоспарлау жоғары оқу орнының білім беру әрекетін басқару жүйесінде алғашқы элемент ретінде қарастырылады және академиялық күнтізбені (календарь) құру жолымен жүзеге асырылады. Академиялық күнтізбе – демалу күндері көрсетілген (каникул, мереке) оқыту үрдісінің күнтізбесі.

Білім беру әрекетін жоспарлау бірнеше кезеңдерден тұрады:

1. Типтік оқу жоспарлары, бағдарламалары, мемлекеттік білім беру стандарты негізінде жұмыстық оқу жоспарлары мен бағдарламаларын өңдеу;

2. Таңдау бойынша пәндерді – элективті курсты анықтау, білім алушылардың жеке оқу жоспарын құруы;

3. Академиялық күнтізбе құру;

4. Мамандықтың жұмыстық оқу жоспарына және білім алушылардың жеке оқу жоспарына сәйкес университет, факультет, деканат жұмыстарын жоспарлау;

5. Оқу жұмыстарының түрлері бойынша педагогикалық жүктемелердің нормаларын анықтау, оны профессорлар-оқытушылар құрамы мүшелерінің арасында бөлу және штатты жоспарлау;

6. Академиялық топтардың оқу сабақтарының кестесін даярлау. Академиялық күнтізбеде оқу жылы 1 апта бойынша 4 кезеңнен тұрады, олар төмендегідей атауларды құрайды: - бірінші триместр (күз), - екінші триместр (қыс), - үшінші триместр (көктем), - жазғы триместр (жаз). Әрбір триместр апталық сынақтық-емтихан сессиясымен аяқталады. Оқытудың педагогикалық технологиясы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қ.Бітібаева әдебиетті тиімді оқыту жолдарын бүгінгі күннен 20-25 жыл бұрын оқытып шыққан. Сол оқыту әдістері күні бүгінге дейін жаңалығын жоймай келеді, жоймайды да. Бүгінгі педагогикалық оқыту технологиясының инновациясына жататынына да күмән жоқ. Сондықтан әр оқытушы өзінің міндетіне шығармашылықпен ойлап, оқытудың жаңалығын аша берулеріне мүмкіндіктер жасау өздерінің ізденістеріне байланысты және ол дұрыс тиімді ұйымдастырылған сабақ болса, ешқашан да ескірмейді, тиімділігінің, нәтижесінің ерекшелігіне қарай жылдан-жылға жаңара, жақсара береді. Аталынған оқыту түрлері мүлдем жаңалық екен деп түсінбеу керек, бұл қашаннан белгілі, оқу процесінде үнемі талап етіліп, жан-жақты ізденіспен жүргізіліп жүрілген мәселелер. Солай бола тұрса да, бұл аталмыштың бүгінгі күнгі оқытудың негізгі тірегі, бағыты болып отыр. Бұл мәселелерге оқытушылар ерекше мән беріп, оқытудың жаңа технологиясын ізденуде, яғни оқытудың жаңаша формаларын табудың талпыныстарында. Бұл оқыту түрлерінің әрқайсысының мазмұны шығармашылықпен ізденген құрылысы ақпарат беттерінде терең түрде болмаса да біршама көрінуде де. Қалай болса да, бүгінгі оқытушылардың ізденістерінде екені және жаңалықтарға ұмтылыстары әрине бар, оны құптарлық деймі



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет