Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені мрsrk 09 ҚР құқық жүйесі модулі



бет18/65
Дата27.11.2023
өлшемі403,56 Kb.
#130119
түріБағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   65
Байланысты:
Дістемелік кешені-emirsaba.org

Дәрістің мақсаты: Әкімшілік құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар түрлеріне анықтама беру. Әкімшілік құқықтың әдістің ерекшеліктерімен таныстыру. Әкімшілік-құқықтық нормалар, олардың түсінігі, құрылымына тоқталып, оларға анықтама беру. Әкімшілік құқықтың қайнар көздерімен таныстыру. «Әкімшілік құқық» туралы түсінік қалыптастыру;Әкімшілік-құқықтық құжаттармен жұмыс істеуге үйрету.Әкімшілік құқықтың басқа құқық салаларымен байланысын көрсету.
Глосарий:Әкімшілік құқық-құқық саласы ретінде – атқару билік саласында қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығын құрайды.
Жоспар:
1.Әкімшілік құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар түрлері.
2.Әкімшілік құқықтың әдісі.
3.Әкімшілік-құқықтық нормалар, олардың түсінігі, құрылымы.
4.Әкімшілік құқықтың қайнар көздері.
5.Әкімшілік құқықтық қатынастар: түсінігі, құрылымы, мазмұны.

6.Әкімшілік құқық жүйесі.



1. Әкімшілік құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар түрлері. Заң әдебиетінде әкімшілік құқықтың ғылым ретінде және құқық саласы ретінде қатынасы туралы сұрақтар қазірге дейін дискуссиялық болып отыр. Осыған орай бұл ғылым көптеген мамандармен мемлекеттің барлық істерін басқару ғылымы ретінде қарастырылды. Әкімшілік құқық ғылыми пән ретінде - әкімшілік-құқықтық құбылыстар туралы пікірлер мен қорытындылар жүйесі. Оның пәні болып құқық саласы және сәйкесінше заңнама саласы ретінде әкімшілік құқық табылады. Соңғы жылдарда зерттеудің тек жалпы ғана емес, сонымен қатар арнайы әдістеріне де қызығушылық көбейді. Мұның нәтижесінде көптеген мәселелер жаңа дауысқа ие болуда.Әкімшілік құқықтың ғылым ретінде және құқық саласы ретінде айырмашылығы әкімшілік-құқықтық құбылыстар мен оларды зерттеу нәтижелерін бейнелеу тәсілдерінде болып табылады. Әкімшілік-құқықтың ғылым ретінде бастысы - тек қана әкімшілік-құқықтық қатынастарды зертеу емес, сонымен қатар әкімшілік құқықтың даму перспективасын белгілеу, адам мен азаматтың абсолютті және бөлінбес құқықтарын конституциялық бекіту, биліктің бөлінуі және ҚР Конституциясындағы басқа да тенденцияларды белгілеу болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет