Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені мрsrk 09 ҚР құқық жүйесі модулі



бет19/65
Дата27.11.2023
өлшемі403,56 Kb.
#130119
түріБағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   65
Байланысты:
Дістемелік кешені-emirsaba.org

Әкімшілік құқықтың пәні болып оның нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар табылады. Бірақ әкімшілік құқық нормалары заңнаманың басқа да салаларында қолданылуы мүмкін (денсаулық сақтау, экология туралы және т.б.).

2. Әкімшілік құқықтың әдісі. Қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің, яғни әкімшілік құқықтың әдісі болып әкімшілік- құқықтық қатынастарға ықпал етуге көмектесетін әдіс-тәсілдер, шаралар жиынтығы саналады. Бұл жиынтықты құрайтындар: а) құқық беру - тұлғаларға өздерінің жеке белсенді әрекеттеріне құқық беру; ә) тыйым салу - белгілі бір әрекеттерді жасаудан тартынуды талап ету; б) позитивті міндеттеу - тұлғаларға өздерін дұрыс ұстау міндетін жүктеу.Мемлекеттік билік әдістері -басқару органдарының, олардың лауазымды тұлғаларының басқарылатындардың еріктері мен саналарына тікелей ықпал етудің әртүрлі тәсілдері. Мемлекеттік билік әдістерін келесі белгілер сипаттайды: барлық мемлекеттік билік әдістері мемлекеттің еркімен құрылады және одан туынды; әдетте олар мемлекеттік қызметті орындау процесінде жүзеге асырылады; Әкімшілік-құқықтың ғылым ретінде бастысы-тек қана әкімшілік-құқықтық қатынастарды зертеу емес, сонымен қатар әкімшілік құқықтың даму перспективасын белгілеу, адам мен азаматтың абсолютті және бөлінбес құқықтарын конституциялық бекіту, биліктің бөлінуі және ҚР Конституциясындағы басқа да тенденцияларды белгілеу болып табылады. Әкімшілік құқықтың пәні болып оның нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар табылады.

3. Әкімшілік-құқықтық нормалар, олардың түсінігі, құрылымы.Әкімшілік-құқықтық нормалар атқарушылық билікті жүзеге асырудың қиын процесімен тығыз байланысты.Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес биліктің жалғаз бастауы болып халық табылады. Ол өз билігін тікелей өздерінің өкілдері немесе арнай құрылатын органдар арқылы жүзеге асырады. Әдебиетте «билік» түсінігі өз еркіне басқа субъектілерді бағындыру мүмкіндігі және құқығы ретінде қарастырылады. Осыған орай кез келген уақытта белгілі бір шекте өзін өзі дұрыс ұстауды немесе құқыққа қайшы әрекеттерді істеуден бас тартуды талап ететін субъектілер болады.Билік субъектісінің әрекеттері (атқарушы билік органдарының) әрқашан өзінің еркін басқаларға міндеттеумен байланысты. Егер мұндай құбылыстар қатынастарда жүзеге асатын болса, онда олар құқықпен реттелуі керек (әкімшілік-құқықтық нормалармен). Әкімшілік-құқықтық нормалар - әлеуметтік тірекке ие болуға және көпшілік мүдделерінің заңдық басымдығын сақтауға мүмкіндік береді. Мұндай жағдайларда, әкімшілік-құқықтық нормалардың күші тек қажетті жүріс-тұрысты ұстануға сендіруде ғана емес, сонымен бірге нақты билікте. Мысалы, сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту мақсатында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» ҚР заңында анықталғандай мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары өздеріне жоғарыда аталған заңмен орнатылған шектеулерді қабылдайды және сыбайлас жемқорлықпен күресуге шаралар қолданбағандары үшін жауапқа тартылады.Бұрын әкімшілік-құқықтық нормалардың жалпыға міндетті сипаты басқаруды біртұтас орталықтан жүзеге асыру қажеттілігіне негізделді, себебі бүкіл ел бір ағза ретінде жұмыс жасады.Қоғамның әлеуметтік қатынастарының өзгеруі, демократиялық және құқықтық мемлекет құру үшін алғы шарттар пайда болуы жағдайларында тек қана бөлек басқару сұрақтарын шешу үшін белсенді ізденіс жүргізу емес, сонымен қатар атқарушы билікті кешенді реформалау қажет. Сонымен, әкімшілік-құқықтық нормалар мемлекеттің заңнамалық және атқарушы органдардың билікті еркін көрсетудің нәтижесі болып табылады. Олар: атқарушы билік аясындағы қоғамдық қаттынастарды императивті реттеудің әлеуметтік қажеттілігін сезінуді бейнелейді; мемлекет мүдделерінің заңдық басымдығын ескеретін қажетті, құқықпен рұқсат етілген жүріс-тұрыс ережелері бар; ресми және жалпыға бірдей міндетті сипаты бар, сонымен бірге қолдану барысында сендіру мен мәжбүрлеу шараларымен қамтамасыз етіледі; әкімшілік құқық шығармашылық актісі болып табылады және мемлекетпен танылатын әкімшілік құқық бастауларында болады. Сонымен әкімшілік-құқықтық нормалар-бұл мемлекеттік билік органдарымен (заң шығарушы, атқарушы) орнатылатын және атқарушы билік аясында қоғамдық қатынастарды реттейтін қажетті, құқықпен рұқсат етілген жүріс-тұрыс ережелері.Әкімшілік құқық нормалары әр түрлі критерийлерге байланысты сыныпталуы мүмкін, осыдан олардың сәйкесінше түрлерін бөліп алуға болады. Әкімшілік-құқықтық нормалардың мазмұнын түсіну үшін ең қажетті болып келесі критерийлер табылады: а) мазмұны; ә) субъектілердің жүріс-тұрысына ықпал ету әдісі; б) мақсаттық арналуы; в) қолданылу аясы; г) заңды күші; ғ) әрекет ету шегі (кеңістіктегі, уақыттағы, субъектілерге байланысты әрекеттері). Әкімшілік құқық нормаларын мазмұны бойынша материалдық және процессуалдық деп бөледі. Материалдық нормалар азаматтардың, ұйымдардың, атқарушы органдардың әкімшілік-құқықтық мәртебесін бекітеді. Бұл, мысалы, атқарушы билік субъектісінің құқықтарын, міндеттерін, құзыретін, сонымен қатар әкімшілік құқық реттейтін қатынастар қатысушыларының жауапкершілігін анықтайтын нормалар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет