Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені мрsrk 09 ҚР құқық жүйесі модулі



бет54/65
Дата27.11.2023
өлшемі403,56 Kb.
#130119
түріБағдарламасы
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   65
Дәрістің мақсаты: Қорғанысты басқарудың ұйымдастырушылық - құқықтық нысандары туралы түсінік қалыптастыру; Әкімшілік-құқықтық құжаттармен жұмыс істеуге үйрету. Ішкі істер органдарының ұйымдастырылуын және олардың қызметін зерттеу. Кеден ережелерінің бұзылуына тиесілі әкімшілік мәжбүрлеу шаралары туралы түсінік қалыптастыру; Әкімшілік-құқықтық құжаттармен жұмыс істеуге үйрету. Кеден ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті көрсету.

Глосарий Әкімшілік құқығы – ұлттың құқықтарының бір саласы. Мемлекеттік басқару органдарының басқарушылық жарлықшы қызметін реттейтін құқықтық рәсімдер жиынтығы. Әкімшілік құқық қатынастарға қатысушы тараптардың біреуі әдетте мемлекеттік орган немесе лауазымды адам болады.

Жоспар:
1.Қорғанысты басқарудың ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары.
2.Ішкі істерді басқарудың құқықтық-ұйымдастырушылық нысандары.
3.Қауіпсіздікті басқарудың ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары.
4.Әділетті басқарудың ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары.
5.Кеден ережелерінің бұзылуына тиесілі әкімшілік мәжбүрлеу шаралары
6.Кеден ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершік
1.Қорғанысты басқарудың ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары. ҚР қарулы агрессиядан қорғау мемлекеттік аса маңызды міндеттерінің біріне жатады. Әрі Қазақстанның бүкіл халқының ісі болып табылады. ҚР қорғау ұлтына және әлеуметтік тегіне, тұратын жеріне, мүліктік және лауазымдық жағдайына, нәсіліне, тіліне, біліміне, дінге көзқарасына, жұмысының түрі мен сипатына, саяси және өзге де нанымына, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктерге жататындығына қарамастан ҚР-ның жалпыға бірдей әскери міндеттілік мыналарды қамтиды: азаматтарды әскери қызметке даярлау; шақыру учаскелерін тіркеу; әскери қызметке шақыру; әскери қызметтен өту; запастағы қызмет; запаста жаттығу жиындарынан өту; соғыс кезінде азаматтарды жалпыға бірдей міндетті әскери үйрету

2. Ішкі істерді басқарудың құқықтық-ұйымдастырушылық нысандары.
Ішкі істерді басқару- заңдарға, ҚР Президентінің жарлықтарына, Үкімет қаулыларына негізделген мемлекеттің құзыретті органдарының қоғамдық қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету; азаматтардың , қоғамның және мемлекеттің құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін бағытталған атқарушылық-өкімдік қызметі Ішкі істерді басқару мен қоғамдық тәртіп және құқықтық тәртіп арасында тікелей байланыс бар. Нормативтік-құқықтық актілерде көбінесе «қоғамдық тәртіп» деген ұғым қолданылатындықтан, қоғамдық тәртіп пен құқықтық тәртіп арасындағы айырмашылықтарды түсіну қажет. Қоғамдық тәртіп тек қана құқық нормаларын емес, сонымен қатар мораль, дәстүр, салт нормаларын қолдану процесінде пайда болатын қоғамдық қатынастар жүйесі ретінде қарастырылады.
3.Қауіпсіздікті басқарудың ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары. Ұлттық қауіпсіздік саласындағы басқару қоғамға, мемлекетке бағытталған ішкі және сыртқы қауіпті ескертуге және алдын алуға байланысты қоғамдық қатынастардың кең кешенін қамтиды. Ұлттық қауіпсіздік түсінігі екі басқа түсінікпен тығыз байланысты, атап айтқанда: мемлекеттік қауіпсіздікпен және қоғамдық қауіпсіздікпен. Сонымен ұлттық қауіпсіздік - бұл қоғамдық және мемлекеттік институттардың әлеуметтік, табиғи және техногенді сипаттағы қауіптерден қорғалу жағдайы. Ұлттық қауіпсіздік элементтері - бұл онымен қорғалатын объектілер. Оларға жеке тұлға, оның құқықтары мен бостандықтары, қоғамның саяси жүйесі, мемлекеттің егемендігі, аумақтық біртұтастық, елдің экономикалық, ғылыми-техникалық және қорғаныс потенциалы. Ұлттық қауіпсіздік элементтеріне келесі аса қауіпті қылмыстар қол сұғады: терроризм; ұлтаралық даулар (конфликттер); санкцияландырылмаған шерулер мен демонстрациялар; әр түрлі қоғамдық бірлестіктердің заңсыз қызметтері; шет мемлекеттердің агрессорлық саясаты; үлкен табиғи апаттар; экологиялық проблемалардың ушығуы. Соңғы жағдайда қоғам мекемелермен және тұлғалармен істі болады. Аталғандардың қызметі ҚР конституциялық құрылысын өзгертуге бағытталады. Саяси процестің қатысушыларының қызметіне тек қана олар Конституцияны және республика заңдарын бұзған кезде құзыретті органдар жедел түрде араласады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет