Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Педагогика»


Мұғалімнің кәсіби іс-әрекетіндегі оқыту технологиялары



бет71/74
Дата13.10.2022
өлшемі212,74 Kb.
#42837
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   74
Байланысты:
П нні О У- дістемелік кешені «Педагогика»

Мұғалімнің кәсіби іс-әрекетіндегі оқыту технологиялары

  1. Педагогикалық технология туралы түсінік.

  2. Педагогикалық технологиялардың негізгі сипаттамалары.

  3. Педагогикалық технологиялардың қызметтері.

  4. Қазіргі педагогикалық технологияларды әр түрлі тұрғыдан жіктеу.

  5. Педагогикалық технологиялардың түрлері.

Технология сөзi (techne-өнер, шығармашылық, logos-iлiм) грек тiлiнен аударылғанда:
а) өндiрiс процесiнде шикiзат, материал немесе жартылай фабрикаттың формасын, қасиеттерiн, жағдайын өңдеу, дайындау, өзгерту әдiстерiнiң жиынтығын, мысалы: металлдарды өңдеу технологиясы, химиялық технология, құрылыстық жұмыстар технологиясы;
ә) өндiрiстiң сәйкес келетiн құралдарымен шикiзат, материал немесе жартылай фабрикатқа әсер ететiн тәсiлдер туралы ғылым деген мағынаны бiлдiредi.
Қазiргi уақытта көптеген зерттеушiлер жаңа педагогикалық технологияларға терең қызығушылық танытып, бiлiм берудегi технологиялық тәсiлдi дәстүрлi оқыту әдістерінен анағұрлым тиiмдірек деп есептейдi. Технология ұғымына Б.Т. Лихачев, В.П. Беспалько, В.В. Сериков, В.М. Монахов, М.В. Кларин, И.Я. Лернер, П.И. Пидкасистый, В.В.Гузеев, Н.Д.Хмель, Ғ.М.Құсайынов, Ж.А.Қараев, Ж.У.Кобдикова, М.М.Жампеисова т.б. ғалымдар мен зерттеушiлер жан-жақты түсiнiктемелер бере отырып, олардың практикалық тиімділігі туралы құнды пікірлер мен нақты ұсыныстар айтқан.
Педагогикалық лексикадағы теория, әдiстер, әдiстеме, технология, оқыту технологиясы, педагогикалық технология ұғымдарының арақатынасын дұрыс ажырата білу және практикада дұрыс қолдана білу әр мұғалімнің технологиялық құзыреттілігінің басты көрсеткіші.
мағыналық ерекшеліктерін салыстыра отырып қарастыру қажет.
Теория ұғымы біркелкі немесе біртұтас құбылыстар және оның элементтерi мен қызметтерiнiң жиынтығын сипаттайтын заңдар, категориялар, ұғымдар, тұжырымдамалар, қағидалар жүйесi ретiнде сипатталады. Оқыту теориясы – оқыту үрдісiнiң заңдары мен заңдылықтарын зерттейтiн, оқытудың мақсатын, міндеттері мен мазмұнын ашып көрсететiн, оқытуды ұйымдастыру формаларын және әдiстерiн, қағидаларын сипаттайтын педагогиканың құрамды бөлiгi. Педагогика ғылымында оқыту теориясы «дидактика» ұғымының синонимi ретiнде қолданылады.
Әдiс кең мағынада тұлға әрекетiнiң түрлі формадағы тәсiлдер жиынтығы, бiр нәрсеге жетудiң жолы деп анықталады. Кез келген ғылыми әдiс оның қажеттi алғышарты ретiнде қатысатын, белгiлi бiр теория негiзiнде зерттеледi. Әдiстiң негiзгi қызметi – iс-әрекеттi реттеу және бағдарлау. Әдіс – мақсатқа қол жеткізу тәсілдері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет