Плазмалық векторлар: Вектор ретінде пайдаланатын плазмидалар, бактериялық клеткада клондағанда құрамында төмендегідей элементтері болу керек:
Ori сайты, ол берілген бактерияның түрінің клеткасында ДНҚ-ның репликациясы дұрыс болуы және плазмиданың өсуі үшін;
Бірегей рестрикция сайты, яғни векторда бір-ақ рет кездесетін сайт болуы керек.
Фагтық векторлар:Ең жиі қолданылатын фагтық векторлар ƛ-фагтың туындылары. Фагтың оң және сол иіндерінде литикалық циклге қажетті түгел гендер бар; керісінше, иіндер арасында және лизогенияны бақылайтын гендер алыс орналасқан. Мұндай модификацияланған фагтар литикалық циклді өтеді, бірақ лизогения болмайды.
Космидтік векторлар:Космидтер табиғатта кездеспейді, олар плазмидамен ƛ-фагтың қисындасуының нәтижесінде жасанды түрде жасалған. Космидада ішек таяқшасында репликациялана алатын оri бір ізділігі, доминанттылық селекциялық маркер Арʳ, бірегей инсерцияға және ДНҚ-ның фрагменттерін өркендететін сайттар болады. ДНҚ фрагментінің космидтік векторда клонданатын көлемі 35-45 нб құрайды.