Әлеуметтік қақтығыс – бұл өзара әрекет ететін топтардың (субъектілердің) өздерінің қандай да бір мақсаттарына жетуге ұмтыла отырып, сол жолда бір-бірімен сөз, пікір таластырып, бірін-бірі жоққа шығаруға әрекет етуінен туындайды.
Айла-тәсілдердің әртүрлілігіне қарамастан қақтығыстың өзіне ғана тән ерекшеліктерінің үш негізгі белгісі бар:
12-дәріс: Қарым-қатынас психологиясы және мәдениет
Кең мағынасында қатынас сөзі адамдардың жеке және әлеуметтік өмірінің шарты болып табылады. Адамдардың басқару ісіндегі өзара ара қатынасы олардың арасындағы қарым – қатынасқа тікелей байланысты
Қатынас процесінің өзінде адамның құлқының арнайы қалыптасу моделі мен үлгілері негізгі орын алады. Әрі қарай ол тұлға құрылымына жалғасып кетеді, яғни, «ішкең еніп кетеді. Қарым – қатынас процесінің барысынды адам өзінің ішкі «Менінң қалыптастырады, сонымен бірге дүние туралы арнайы ой қалыптастырады. Өзімен - өзі қалған адам өзімен ішкі диалог күйіне түседі.
Ендеше, қарым – қатынас - бұл барлық уақытта диалог: бір адамның екінші адаммен немесе адамның өзімен - өзі. Диалогтік қарым – қатынас әр түрлі екі деңгейде болуы мүмкін: басқа адамдардың қатысуымен болған сырткы коммуникация, сонымен қатар адамның ішкі субъективті әлемінде, оның ойында, қиялында, есінде т.б. Бұл екі жүйе, яғни ішкі және сыртқы коммуникация өзара тығыз байланысты, олар өзара қиылысады және бірін – бірі толықтырады.
Адамдармен қарым – қатынас әр түрлі критериилердіңк өмегімен бағалнады. Олардың бір қарым – қатынастың «нәтижелілігің. Қарым – қатынас процесін зерттеуші белгілі поляк психологы Е.Мелибруда бұл құбылысты былайша талдайды. Қарым – қатынастың нәтижелілігі немесе әсерлілігіне ол белгілі бідр мәліметті екінші біреуге ол түсінетіндей етіп жеткізуді жатқызады. Ендеше, нәтижелі қарым – қатынас егер ол максимальды деңгейде шынайы болса, әріптестердің өзара түсінігін арттырады. Бір – бірін дұрыс түсіну дегеніміз не? Бұл екінші адамның айтайын дегені нәрсесін сезе білу. Өзара дұрыс түсіністік екі жақтың қарым – қатынас процесіндегі мүмкіндіктеріне байланысты.
Адамдар арасындағы өзара әсер тәжірибесі екіжақты түсінігінің деңгейі адамдар арасында жақсы нәрсені қалыптастырады. Бұл көбінесе адамдардың ойларын қате түсінудедн, сонымен бірге өз әріптестеріне оның айтпаған сөздергін тағып қоюдан да болып жатады. Бұның негізінде әр түұрлі себептер жатады: көбінесе адамдар өз ойлағандарын және нені шын мәнінде қалайтындарын айтпайды.
Басқа адамның сөзін дұрыс түсінбеудің басқа себебі өз ойын толық жеткізбегендіктен, яғни ойлардың дәл және бірегей жетпеуінен. Оның үстіне кейбір адамдар өз ойларын қажет болған жағдайда бас тарта алатындай етіп құрайды.
Адамдар қарым – қатынасында көрінетін ойлар мен сезімдер шарттылықтар мен рәсімдер себебінен қарама – қайшылыққа әкеп соғады. Сондықтан адамдар өздері айтуы тиісті нәрсені айтудан гөрі айтқысы келгенін айтады.
Қарым – қатынас процесі - күрделі құбылыс. Біз айтылған мәліметтің қабылдауда бұрмаланғандығын жиі байқаймыз. Сұқбаттас адам өз ойымен, есіндегі басқа нәрселерімен отырса, тыңдалған ой дұрыс қабылданбайды, яғни, жай ғана түрде айтатын болсақ, ол өзіне айтылғанды «естімейдің.
Кейде адам өзіне не айтылатынына соншалықты сенімді болады да, өзі ойламаған түрде өзіндегі бастапқы құрылған ойдың әсерімен тыңдалған мәліметті бұрмалап түсінеді. Мұндай «маған не айтайын дегеніңізді онсыз да білемң деген ішкі сенім себепті адамдар тиісті мағлұматтан алыстап кетеді. Мұндай жағдайда олар өзге адамдарды оған баға беру мақсатында тыңдайды. Сөйлеушіге деген мұндай бағалық тұрғыдан болған қарым – қатынас қабылданған мәліметті талдау барысында тым қатты сынға алып барады.
Ғалымдардың дәлелдеуінше, қатынастың бұзылуының негізі - әріптестердің сөйлесу кезіндегі бір – біріне деген өзара сенімнің болмауы болып табылады. Жеке тұлғалар арасындағы қатынас бұзылғанда, оны қалай жөндеу керек деген әңгіме туады. Психологтардың пікірінше, адамдар арасындағы қарым – қатынастың сәтті болуының негізгі факторлары бар. Бұндай факторлардың бірі – сөйлеушінің сенімділігі. Мұнда тыңдайшының айтылған нәрсеге деген сенім деңгейі незарда тұтылады. Сөйлеушінің сенімділігі егер оны тыңдаушы оның өзі сөйлеп тұрған салада белсенді санағанда ғана өседі.