Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені



бет11/12
Дата06.01.2022
өлшемі181,57 Kb.
#15799
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Тест тапсырмалары:





№ 9

дәріс


Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

1. Қытай — көне тарихтың, мәдениеттің, философияның елі. Ежелгі Қытай өркениеті, яғни Яншао мәдениеті Хуанхэ өзенінің алқабында б.д.д. бес мың жыл бұрын қалыптасқаны туралы мәліметтер бар. Егер оның даму кезеңдерін анықтаушы негіз ретінде саяси-экономикалық қатынастарды, мемлекет түрін және мәдени кезеңдерді алсақ, онда Қытай тарихын төмендегідей сатыларға бөлу түсініктері қалыптасқан: архаикалық Қытай (ерте неолиттен мемлекеттің пайда болуына дейін); алғашқы мемлекеттердің пайда болған кезін қамтитын ежелгі Қытай (б.д.д. XVI-XI ғғ., Шан-Инь (б.д.д. ХVIII-ХII ғг.), 2. Чжоу-Батыс Чжоуы (б.д.д.ХII-VIII ғғ.), 3. Чжоу-шығыс Чжоуы-Лего («ұсақталған мемлекеттер»), 4. Чжоу-шығыс Чжоу — Чжаньго («күрескен мемлекеттер»), 5. Цинь империясы (б.д.д. 221-206 жж.), 6. Хань империясы (б.д.д. III ғ. аяғы мен II ғ.). Қытай мемлекетінің алғашқы үш кезеңінде жоғары басқарушы принципін «шан-диді» «құдіретті көк аспан» ұғымымен теңестірген. Ежелгі қытай философиясын түсіну үшін Қытай халқының мәдениетін, Қытай мемлекетінің тарихын, Қытай қоғамының қалыптасу кезеңдерімен жақын, жіті танысу шарт. Мұңда б.д.д. бір жарым мың жыл бұрын ШанИнь патшалығы кезінде (б.д.д. ХVІІ-ХІІ ғғ.) шаруашылықты жүргізудің құлдық қауымдастық түрі қалыптасады. Соғыста тұтқындалған құлдар мал мен жер шаруашылығыңда кеңінен пайдаланылды. Б.д.д. XII ғ. Шан-Инь патшалығын Чжоу тайпалары тас-талқанын шығарып, өздерінің династиясын б.д.д. III ғ. дейін сактайды.

Қола дәуірінде Хуанхэ өзенінің алқабында б.д.д. V-IV мыңжылдықта, неолит дәуірінде Ежелгі Қытай мәдениеті нышандары қалыптасады. Кейбір мәліметтер бойынша, өркениет нышандары одан да бұрын із қалдырған. Қытайдың солтүстік, орталық аймақтарында (Хэнань, Хэбэй, Шэньси) б.д.д. VI мыңжылдыкта қоныс тепкен тайпалар тас өңдеу техникасын меңгерген, қоңыр түсті, дөрекі өңделген қолөнер бұйымдарын жасаған, ит, шошқа өсірген, тары егіп, өнім жинауды үйренген.

Яншао мэдениетін құрайтын орталық-оңтүстік өңірде б.д.д. 5000-3000 жж. арасында кұрылысы біртекті үйлер салынған, қызыл саздан жасалған тостаған, құмыра және т.б. ыдыс-аяқтар табылған. Қытайдың шығыс бөлігінде балық аулау, ит, шошка, буйвол өсіру дағдыға айналған. Олар түрлі геометриялық ою-өрнектермен, адамның бет-бейнесімен, балық, бұғылар және жазу өнерінің белгілерімен безендірілген, күріш егіп қоректенген. 

Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар

Тест тапсырмалары:





№10

дәріс


Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

1. Ең алдымен Кушан патшалығының Азияның орталық бөлігінің ғана емес, бүкіл ежелгі дүниенің дамуындаөзіндік рөл атқарғанын, ірі мемлекет болғанын ерекше атап өтемін. Пәндік атлас бойынша орналасқан жерін көрсетіп, Рим және Қытай империяларымен салыстарамын. Кушан патшалығы алғаш ежелгі Бактрия жерінде қалыптасып, кейіннен Шығыс Түркістанды, Үндістанның солтүстік бөлігін, Хорезм жерін біріктірген ірі мемлекет  құрылды. Оның алғашқы билеушілерінің бірі-Қатпыз.

Құдіретті Кушан мемлекетін құрған және дамытқан оның солтүстік-шығысынан-қазіргі қазақ жерінен келген көшпелілер  болғанын баса сипаттаймын. Әсіресе көшпелілер сәулетті сарайлар мен күрделі суару жүйелерін салып, құрғақ, бос жатқан жерлерді жасыл бақ, егістік алқаптарына айналдырған. Кушандықтардың қалалары мен бекіністері туралы айтқанда архелогтар зерттеуі негізінде  алынған төмендегідей мәліметтерді айта кетуге болады. Кушан патшалығының қалалары тік бұрышты  көшелері бар, бекіністі болып келді. Қолдан құйылған үлкен кірпіштерден тұрғызылған бекініс дуалдарға алғашында төрт бұрышты, кейіннен бұрышсыз мұнаралар тұрғызылды.

Кушандық кезеңдегі бекініс үлгісі ретінде Хорезмдегі топырақ-қала бекінісін атауға болады. Бұл бекініс жеті ғасыр- б.з.б. І ғасырдан б.з. VII ғ. дейін сақталған. Бекініс кірпіштен тұрғызылған дуалмен қоршалған. Қазба барысында археологтар ІІІ-ІV ғасырларға тән сарайдың орнын тапты.

Археологтар жүргізген қазба жұмыстары Орта Азия халықтарының кушандық кезеңде  жергілікті дәстүрлерді дамытумен қатар, үнді, парсы, грек-македон мәдениетінің  озық үлгілерін қабылдай отырып, өз мәдениетін жаңа сатыға көтергенін көрсетеді. 

Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет