1. Ежелгі Шығыс. Мике мәдениеті, Ежелгі Мысыр, хеттер мемлекеті мен Ассирия Хетт патшалығы — б.з.б. 18 — 12 ғасырлар аралығында Кіші Азияда өмір сүрген ежелгі мемлекет. Б.з.б. 20 — 19 ғасыларда құрамына хетт, хатти этникалық топтары кірген кішіазиялық саяси бірлестіктердің (Канес, Хаттусас, Бурушханда) негізінде құрылған. Хетт патшасы Куссар Анитастың кезінде (шамамен б.з.б. 18 ғасыр) оған дейін Ассирияға бағынған кішіазиялық елді мекендердің өзара бірігуі басталды. Ол Нес, Хеттусас қалаларын басып алып, Куссарды астанаға айналдырды. Ежелгі хетт әулетінің негізін салушы Лабарна (б.з.б. 17 ғ-дың бас кезі) Хетт патшалығының аумағын кеңейтті. Лабарнаның мұрагері Хаттусилис Қ-нің кезінде (б.з.б. 17 ғасырдың ортасы) Цальпа мен Кіші Азияның оңтүстік-шығысындағы бірқатар облыстар басып алынды. Ол астананы Хаттусасқа көшірді. Хаттусилис Қ-нің ұлы Мурсилис Қ-нің тұсында Хетт пирамидасының әскери қуаты ең жоғары өрлеу шегіне жетті. Онан кейінгі 100 жылдай кезең өзара қырқысу соғыстары мен сарай төңкерістеріне толы болды. Хетт заңдары қабылданғанға дейін (шамамен б.з.б. 16 ғасыр) Хетт патшалығы үш негізгі бөліктен: орталық Хаттусас болған орталық облыстан, Кіші Азияның оңтүстік-батысындағы Лувий мен солтүстік-шығысындағы Палдан құралды. Б.з.б. 15 — 14 ғасырдың бас кезінде лувиялықтар мен хурриттер мекендеген оңтүстік облыстардың рөлі күрт күшейді. Жаңа патшалық деп аталған кезеңдегі (б.з.б. 14 ғасыр — 12 ғасырдың бас кезі) хетт патшалары хуриттер болды. Суппилилумас Қ патша (б.з.б. 14 ғасырдың басы) ұзаққа созылған соғыстан кейін Миттанияны талқандап, Угаритті тәуелділікке түсірді. Кейінгі патшалар Мурсилис ҚҚ билік еткен уақыттан (б.з.б. 14 ғ-дың соңы) Хаттусили ҚҚҚ-ге дейін Хетт патшалығы мен Египет Таяу Шығыстың екі қуатты державасы ретінде Сирияны иемдену үшін өзара соғысты. Б.з.б. 13 ғасырдың соңы мен 12 ғасыдың бас кезінде Хетт патшалығына Ахиява мен Арцава кірген мемлекеттер одағы қарсы шықты. Билеушілер әулетінің өзара қырқысу соғыстары, шеткері облыстар мен одақтас патшалардың оның құрамынан шығуы мемлекеттің ыдырауына әкеп соқты. Хетт патшалығы мүлдем жойылуына Кіші Азиядағы “теңіз халықтарының” шығысқа қарай қоныс аударуы да түрткі болды.
Тест тапсырмалары:
№ 6
дәріс
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1.Інжілде Ханаан деп аталатын елдің Ливан тауларының баурайын-
да, Жерорта теңізінің шығыс жағалауын бойлай жатқаны көрсетіледі.
Оны өзара туыс болып келетін екі халық: Ханаанның солтүстік
бөлігін – финикиялықтар, ал оңтүстігін – еврейлер жайлаған. Бір
жағынан, тау табиғаты бұл халықтардың бір орталыққа бағынған
мемлекет құруына мүмкіндік бермей, кішігірім қауымдастықтардың
еркін сауда жасауына жағдай туғызған. Екіншіден, егіншілікке
қолайлы кең жердің болмауы, есесіне, кеме, қайықтардың тоқтауына
қолайлы шығанақ, мүйістердің және кеме өндірісімен айналысуға
мүмкіндік беретін ағаштардың жеткілікті болуы финикиялықтарды
теңізшілік кәсібімен айналысуға мәжбүр еткен. Расында да, арнайы
әдебиеттер финикиялықтардың ежелгі әлемнің мықты теңізшілері,
саудагерлері болғанынан мәліметтер береді.
Б.д.д. ХІ ғасыр басында Финикия мен Палестина дербес саяси
даму мүмкіндігіне ие болады. Тарихи дәуір бұл елдерде кең көлемді
сауда байланыстарына, қалалардың өркендеуі мен кәсіби қол өнерінің
дамуына ықпалын тигізеді. Осы кезде финикиялықтардың әшекей
бұйымдарын жасау, піл сүйегін оюлау, түрлі-түсті шыны және қара-
қошқыл түсті мата дайындау шеберлері ретінде аты шығады. Өнерлі
теңізшілер болған олар құл сатумен, теңіз қарақшылығымен айналы-
сады. Деректер б.д.д. ІІ-І мыңжылдықтар арасында Финикияның Тир
және Сидон қалалары өз дамуында үлкен жетістіктерге жеткенінен
хабар береді.
Финикияның әртүрлі аймағында орналасқан қалаларының өз пат-
шалары болған. Бірақ, олардың билігіне абыздар мен ең бай тұрғындар
шектеу қойған. Кейбір қалалар қорғаныс үшін өзара одақтарға
біріккен. Ежелгі дәуірде осындай одақта басты орынды – Сидон, кейін
кең танымал болған Тир алса керек. Бұлардан басқа: Арвад, Триполис,
Библос, Берит тәрізді жақсы дамыған қалалар да болған.