Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені



бет8/12
Дата06.01.2022
өлшемі181,57 Kb.
#15799
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Тест тапсырмалары:




№ 3

дәріс


Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

1 Шумер, Сумер – Месопотамия ойпатының оңтүстігінде орналасқан ежелгі тарихи аймақ. Ол Тигр мен Евфрат өзендерінің аралығында, қазіргі Ирак аум-ның оңтүстік бөлігінде болған. Қазіргі күнге жеткен жазба деректер бойынша Шумерді — біздің заманымыздан бұрын 3-мыңжылдықтың соңында негізінен шумерлер және аздаған мөлшерде шығыс семиттер – аккадтар мекендеген. Аккадтар шамамен — біздің заманымыздан бұрын 2400 жылы Аккаде қ-ның негізін қалады. Осы уақыттан бастап Шумердің солтүстік облысы Аккад деп атала бастады. Джемдет-Наср және одан да ертеректегі Урук пен эль-Обейд археол. мәдениеттеріне тән ескерткіштер шумерлердің бұл аймақты біздің заманымыздан бұрын 5 – 4-мыңжылдықта мекендей бастағанын дәлелдейді. Шамамен біздің заманымыздан бұрын 3-мыңжылдықта Шумерде алғашқы мемлекеттік құрылым қалыптаса бастады. Зерттеушілер сына жазуы пайда болып, орныққан б.з.б. 2700 – 2300 жылы аралығын ерте әулеттік кезеңге жатқызады. Ол кезде бұл аймақта сыртында үлкен отбасылық қауымдар өмір сүрген көптеген қала-мемлекеттер құрылды. Ондағы негізгі халық толық құқық-ты қауым мүшелері мен оларға тәуелді қалалық ғибадатхана тұрғындары еді. Қалаларда дәулетті қауымдық ақсүйектер пайда болды. Шаруашылық жүргізу өзен суы және су қоймаларына жиналған жауын-шашын суын пайдаланып, егіншілікпен айналысуға негізделді. Сондықтан негізгі каналдар мен суландырылған жерлер үшін үздіксіз соғыстар жүргізіліп тұрды. Кейбір жекелеген қала-мемлекеттердің әскери көсемдері (ертеректегілерінен неғұрлым белгілері б.з.б., 28 – 27 ғ-лардағы Киштің, Уруктың І-әулетінің, кейіннен Ур, Лагаштың билеушілері, т.б.) көршілес қалаларға кезекпе-кезек үстемдік ете бастады. Қалалардың өз ішінде де билік үшін күрес жүріп жатты. Бұл күрестің неғұрлым белгілі көрінісі Лагаштағы б.з.б. 24 ғ-дағы Урукагинаның (Уруинимгинаның) реформалары болды.

Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар

Тест тапсырмалары:





№ 4

дәріс


Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

1 Ежелгi Мысырдың тарихы мынадай кезеңдерге бөлiнедi:

Династияға дейiнгi кезең (б.з.б. 3000 жылға дейiн), Ежелгi патшалық (б.з.д. 2900-2270 жж.) – I-VI династиялардың басқарған кезеңi. Бұл – IV династия тұсында билiк құрған Хеопс (Хуфу), Хефрен (Хафр) және Микерин (Менкаур) патшалардың пирамидалары салынған уақыт. Бұл уақытта мысыр дiнi мысырлықтардың өмiрiнде елеулi орын алатын. Осы кезеңде династияға дейiнгi және одан ертерек кезеңдермен салыстырғанда ешқандай өзгерiстер бола қойған жоқ.

Алғашқы өтпелi кезең (б.з.б. 2270-2100 жж.) Ежелгi патшалық құлдырағаннан кейiн басталады. Бұл феодализмнiң алғашқы баспалдақтарына өту кезеңi болды. Осы кезеңде IV династия және 30-ға жуық патша ауысты.

Орта патшалық (2100-1700 жж.). Оны Гераклеополь патшаларын құлатып, елдi қайта бiрiктiрген фиван билеушiлерi құрған. Бұл кезеңде ХI-ХIII династиялар патшалық құрды, мәдениет өркендедi, Амемхет атты 4 патша және Cиострис атты 3 патша билiк басында болды, сәулет өнерiнiң көптеген үздiк туындыларының өмiрге келуi де осы дәуiрмен тұспа-тұс келдi.

Екiншi өтпелi кезең (б.з.б. 1700-1555 жж.) – бұл ХIV-ХVI династиялардың билiк құрған кезi. Бұл кезеңде гикс көшпелi тайпалары Мысыр аумағына баса-көктеп кiрiп, өз қол астында бiр ғасырға жуық ұстайды.

Жаңа патшалық (б.з.б. 1555-1090 жж.) ХVIII-XX династиялар патшаларының дәуiрi. III Тутмостың жеңiске жетуi Алдыңғы Азиямен байланыс орнатуға мүмкiндiк бердi. III Аменофис (Аменхотеп) Вавилон және Ассирия патшаларымен байланыс орнатты. Оның iзбасары IV Аменофис (Аменхотеп) дiн жолындағы ұлы реформатор болды: бұрынғы Амон құдайдың орнына, күнге – Атонға табынуды енгiздi, сөйтiп, өзiн Эхнатон деп атай бастады. Ол құм далада жаңа астананың негiзiн қалады.

Өзiнiң саяси өркендеуiнiң ең биiк дәрежесiне Мысыр ХIХ династия патшаларының тұсында жеттi. Ұлы атанған II Рамсес 36 жыл патшалық құрды. Ол өлгеннен кейiн анархия дәуiрi басталды. 21 жыл билiк жүргiзген III Рамсес елде бейбiтшiлiк, тыныштық және тәртiп орнатады.

Үшiншi өтпелi кезең (б.з.б. 1090-712 жж.) – бұл табыстар мен сәтсiздiктер, өркендеу мен құлдырау дәуiрi. XXIV династия тұсында бүкiл Мысыр эфиоптардың билiгiнде болды.

Б.з.б. 712-525 жылдарда XXV династия тұсында Мысырды ассириялықтар басып алды. XXVI династия Мысырды Эфиопиясыз тағы да бiрiктiре алды. Осы династияның соңғы патшаларының бiрi – III Псаметих парсы патшасы Камбизден жеңiлiс тауып, Мысыр парсы провинциясына айналды. Осымен б.з.б. 525 жылы Ежелгi Мысыр тарихы мен Мысыр өркениетi тарихы аяқталады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет