Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені



бет12/12
Дата06.01.2022
өлшемі181,57 Kb.
#15799
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
УМКД Еж.ж-е орта ғас.Шығыс тарихы

Тест тапсырмалары:




№ 11

дәріс


Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

1. Арабтық Шығыс, Орта Азия елдеріндегі және Қазақстандағы саяси және құқықтық ілімдер ерекшеліктері. Азияның мұсылмандық ортасындағы ортағасырлық саяси-құқықтық ойлар қалыптасуының негізгі ерекшеліктері. Исламның саяси-құқықтық идеологиясы. Құран мен Сүннет исламның заңдық нұсқауларының негізгі қайнар көзі ретінде. Негізгі бағыттар мен секталардың саяси-құқықтық идеялары. Суннизм және шиизм.

Әл-Фарабидің саяси және құқықтық идеялары. Мемлекеттің пайда болуы. Қала мемлекеттердің жіктелуі. Мемлекет басшысының қажетті мінездемесі және оның ролі. Жетілген мемлекет туралы көзқарастар. «Мемлекет қайраткерінің афоризмдері» . Ибн Халдунның мемлекет туралы ілімдері. Халифат теориясы.

Мұсылмандық құқықтың дінмен байланысы өзінің түбегейлі тұжырымдамасы мен теориялық қайнар көзі негізінде басқа құқықтық нормалардан өзгешелігімен айрықшаланады. Мұндағы құқықтық діни-этикалық нормалар мазмұны жағынан әртүрлі болғанымен, бір-бірімен сабақтас және бір-бірін толықтыра отырып, біртүтас құқыктық жүйе құрайды. Мұсылман кұқығы заң ғылымының жеке саласы емес, ол ислам ілімінің бір ғана саласы. Мұнда ислам дінінін қағидалары — шариғат — адамдардың мүддесі үшін жүзеге асуы тиіс міндетті идея ретінде көрсетілген. Шариғатты орындамаған жағдайда адам заң бұзушы болып табылады.



XI ғасырдан бастап мұсылман құқығының бірнеше құқыктық мектеп-ағымдары дамыды.

Тест тапсырмалары:




№ 12

дәріс


Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

1. ХІ ғасырдың 40- жылдары Шығыста жаңа түркілік мемлекеттің  


жұлдызы  жанды.  Ол  селжук  түріктерінің  мемлекеті  еді.  Жаңа  
мемлекеттің негізін 993—1063 жж. өмір сүрген Тоғрыл-бек қалады.  
Ол Х—ХІ ғасырларда Сырдарияның  ортаңғы ағысы мен Қаратау  
маңын мекендеген оғыз тайпалық одағындағы қайы руының көсемі  
Селжук  ибн  Тугактың  немересі  болатын.  Х  ғасырдың  аяғында  
Селжук бастаған топ Сырдарияның төменгі ағысына қоныс ауда- 
рып, Аралдық оғыздар көтерілісін қолдады. Көтеріліс басылған соң  
Селжукты қолдаушылар Мауераннахрға қоныс аударды. 

Ол кезде Мауераннахрдағы саманилер Шығыстан қауіп төндірген  


қарахандықтармен күресіп жатқан еді. Селжуктер саманилер  
жағында шайқасып, жеңіліс тапты. 999 жылы саманилер мемлекетін  
қарахандар басып алды. Селжуктер енді қарахандар жағында  
ғазнауиларға қарсы соғысты. 
1008 жылдан бастап селжуктер ғазнауилердің қорғауында бол- 
ды. 4000 түрікпен  селжуктеріне Амудариядан өтіп, Серахс пен  
Авиберда (қазіргі Түркмения) маңында қоныстануына рұқсат  
берілді.  Тарихшылар  Махмұд  сұлтанның  бұл  ісін    үлкен  ағаттық  
деп санайды. 
Селжуктер Хорасанға қоныстанғаннан соң жергілікті халыққа  
зəбір көрсете бастады. 1025 ж. ғазнауилар селжук ибн Тугактың  
үлкен ұлы Исраилды (ол Шағрыл-бек, Тоғрыл-бектің əкесі еді)  
тұтқындап, түрмеде өлтірді. 1028 ж. Махмұд Ғазнауи селжуктерді  
Хорезмге қуып тастады. Бірақ 1030 ж. билік үшін күрес кезінде  
Масуд Ғазнауи Селжук түріктерін өз жағына тартты. Солардың  
көмегімен 1031ж. қаңтарда таққа отырды. Селжуктер Балхан (Балх)  
тауына қоныс тепті. 

Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар



Тест тапсырмалары:




№ 13

дәріс


Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

Татар-моңгол тайпаларының саяси жағынан басын біріктіріп, Моңғол феодалдық мемлекетінің негізін салушы Темучин болды. Ол тарихтағы бір деректер бойынша 1162 жылы, екінші бір деректер бойынша 1155 жылы ірі ноян Есугай баһадүрдің отбасында туған. Темучин ер жете келе негізгі қарсыластарының барлығын жеңіп, Моңғолдың бүкіл тайпаларын өзінің қол астына біріктірген. 1206 жылдың көктемінде Өнан өзенінің сағасында Темучинді жақтаушы-моңғол ақсүйектерінің құрылтайы болып, онда ол салтанатты жағдайда Шыңғысхан деген атпен моңғолдардың әміршісі болып жарияланды. Осыдан кейін Темучин өзін хан көтерген ақсүйектердің қүлкынын тойғызу мақсатында көрші елдерді жаулау, оларды талау-тонау үшін үлкен әзірлік жүргізді.


Шыңғысхан әскери-ұйымдастыру принципін мемлекеттік құрылыстың негізі етіп алды. Елдің бүкіл жері мен халқы он қанат /барунғар/, сол қанат /жоңғар/ және орта-лық /гол/ атты үш әскери әкімшілік округке бөлініп, әрбір округте он мың адамнан түратын бірнеше түмгелер /түмендер/ болды. Олар өз кезегінде "мыңдық", "жүздік", "он-дықтан" кұрылды.
Өте қатал тәртібі, мүқият қүрылымы бар әскер басында моңғолдардың феодалдық жоғарғы тобының өкілдері-нояндар, багадурлар, мергендер, сечендер түрды. Шыңғысханға бұлардан басқа, өзіне шын берілген, 10 мың таңдаулы жауынгерлерден түратын кешігі /ұланы/ қызмет етті. Онын көмегімен Шыңғысхан нойондар мен феодалдарды өзіне тәуелді етіп үстады.

Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар



Тест тапсырмалары: (5 тест сұрақтарынан кем емес)




№ 14

дәріс


Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

1. Жапон аралдарының ең ежелгі тұрғындары — қазіргі айнулар- 


дың арғы атасы — эбисулер болып есептеледі. Біздің заманымызға  
дейінгі кезде жапон аралдарына Азия материгінен маньчжур-тунгус  
тайпалары бірнеше рет қоныс аударған. Олар Корея арқылы Кюсю  
аралына жетті, онан əрі Хонсю аралының оңтүстігі мен орталығына  
тарап, эбисулерді солтүстікке ығыстырды. 
Жапон халқының қалыптасуында қазіргі Индонезия мен Үнді- 
Қытай жарты аралын мекендеген малаялықтар мен т.б. тайпалар  
маңызды рөл атқарды. Жапон аралдарына жан-жақтан қоныс ауда- 
рушылар арасында күрес болып тұрды, тіпті бара-бара бір-бірімен  
араласып та кетті. III ғасырдың аяғы мен VI ғасырдың ортасында  
барлық тайпалардың ішіндегі ең күштісі ямато болды. Ол Хонсю  
аралының орталығына орналасты. Алғаш Жапония осы тайпаның  
атымен Ямато деп аталған. Қазіргі «Жапония» деген аты VІ—VII  
ғасырларда қалыптасқан. “Нихон” немесе “Ниппон” деген сөз “Күн  
шығатын ел” дегенді білдіреді. Ағылшын-неміс-француздар “Япан”  
деп атап кетті. 
Жапонияда егіншілік ерте дамыды. Аңыздар мен дəстүрлер,  
ғұрыптар бойынша өңделген егістікке зиян келтіру өте ауыр қылмыс  
деп есептелді. Қазіргі жапондықтардың ертедегі ата-бабалары егін  
егуге қолайлы жерлерге ғана орналасатын. 

Сонау III—VI ғасырларда-ақ басты ауыл шаруашылық дақылы  


күріш болды. Ол суғарылатын жерлерге ғана емес, қуаң далаға да  
егілетін. Тарихи деректер егістік алқаптарды суаратын каналдар  
мен байламалар тұрғызылғандығын хабарлайды.  Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар

Тест тапсырмалары: (5 тест сұрақтарынан кем емес)




№ 15

дәріс


Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

1. Орта ғасырлардағы Қытай мемлекеті Қытай жерінде құлдык коғам ыдырағаннан кейін феодалдық қатынас дами бастады. Соңғы құлдық мемлекет Хань империясы күлаған кезде Қытай жері Ұлы Қытай қорғанынан Оңтүстік Қытай теңізіне дейін, сол кездегі шаруашылығы жақсы дамыған аймақтар -Хуанхэ, Янцзы өзендеріне және Сычуань, Шаньдань аймактарына дейінгі жерлерді алып жатты.   Қытай - ежелден жер шаруашылығымен айналысқан ел. Әсіресе суармалы егіс кең етек алды.Қытай елі күні бүгінге дейін жібек елі деп аталады. Оның себебі, Қытайда ежелден жібек құрты өсіріліп келеді. Сондықтан да Қытай мен Батыс Еуропа арасындағы сауда жолы Ұлы Жібек жолы деп аталады. Қолөнер өте жақсы дамыған, әсіресе қыштан жасалған ыдыстар, қола және темір бүйымдар шетке көп шығарылған.   Қытайда жер иелігінің екі түрі болды. Император қолындағы жер мемлекет меншігі деп есептелді. Императорға қызмет атқарған адамдарға жер берілді, олар шаруалардың жерлерін басып алып, өздерінің жер иеліктерін кеңейтіп отырған. Сонымен қатар шаруалардың да үлестік жерлері болған. Әр шаруаға 120 му жер берілген. Қытай императорларының сарайы. 1 му - 0,06 га. Шаруа 70 му жердің өнімін өзі пайдаланып, ал 50 му жердің өнімін мемлекетке өткізіп отыруға міндетті болған. Феодалдық қатынас тереңдеген сайын күшейе түскен бақталастық ішкі соғыстар IV ғасырда Цзинь империясын әлсіретті. Феодалдық бытыраңқылықты пайдаланып, IV ғасырдың басында Қытайдың солтүстіғіндегі көршісі ғұн тайпалары шабуыл жасайды. 311 жылы ғұндар Лоянды, 316 жылы екінші астанасы Чанъанды алады, Қытайдың солтүстік аймағын түгелдей бағындырады. Сөйтіп өз мемлекетін құрады. Феодалдық бытыраңқылықты пайдаланып, IV ғасырдың басында Қытайдың солтүстіғіндегі көршісі ғұн тайпалары шабуыл жасайды. 311 жылы ғұндар Лоянды, 316 жылы екінші астанасы Чанъанды алады, Қытайдың солтүстік аймағын түгелдей бағындырады. Сөйтіп өз мемлекетін құрады. Қытай жеріне көрші тұрған ғүндардан басқа көшпелі тайпалар - моюн, сэньби, танғұт-тибет, тоба т.б. да әлсін-әлсін шабуыл жасап тұрған, бірақ олар өздерінің жеке мемлекетін құра алмаған. 589 жылы Қытайда біртұтас феодалдық мемлекет құрылады. 



Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар

Тест тапсырмалары:




Ескерту:

1. Дәріс тезистерінде «Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар»: үлгідегідей толтырылуы керек.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет