1.3 Майда ұсату теориялары (заңдары)
Материалды майда ұсату үдерісі әртүрлі сыртқы физикалық өзара әсер ететін күштер мен жүктемелер жиынтығы әсерінің нәтижесінен орындалады. Олар жан-жақтан қысу (1.1,а-сурет), жару (1.1,ә-сурет), иіп сындыру (1.1,б-сурет), соғу (1.1,в-сурет), үгіту (1.1,г-сурет) үдерістерінен тұрады. Олардың әсерінен материалдың бұзылуы, майдалануы болады.
Материалдың бұзылу сипаты оның физика-механикалық қасиетіне, сонымен қатар, майды ұсатқыш машинаның конструкциясы мен жұмыс істеу қағидасына байланысты.
1.1 - сурет – Қатты денелерді майда ұсату тәсілдерінің сұлбалары:
а – жан-жақты қысу, ә – жару, б – иіп сындыру, в – соғу, г – үгіту
Машинаның жұмыс істеуін дұрыс түсіну үшін және оны таңдау кезінде майда ұсату үдерісінің энергия сыйымдылығын білу керек. Материалды майда ұсатудың энергия сыйымдылығын бағалау үшін бірнеше теориялық түсініктер ұсынылған.
1.4 Тау жыныстарын майда ұсатуға (ұнтақтауға) арналған машиналар мен жабдықтардың жіктелуі мен технологиялық арналуы
Құрылыс индустриясының кәсіпорындарында қолданылатын және осы курста оқып үйренетін машиналар мен жабдықтардың жалпы жіктелуі.
Материалдарды майда ұсату дәрежесі бойынша машиналарды, щебеньді және басқа ұсатылған материалдарды алуға арналған ұсатқыштарға және ұнтақ тәрізді материалды алуға арналған диірмендерге бөледі.
Материалдарды сындыру әдістері бойынша механикалық әрекеттегі, пневматикалық, электргидравликалық және т.б. түрлерге бөлінеді; механикалық диірмендер (үгіткіш аппараттары үгітетін денелерсіз), онда материал үлкен жылдамдықтағы ауа ағынында ұнтақталады. Құрылыс материалы өндірісінде механикалық ұсатқыштар мен барабанды диірмендер ең көп қолданыс тапқан.
Конструкциясы мен жұмыс істеу үдерісі бойынша машиналар 1.2.-суретте көрсетілген түрлерге бөлінеді. Статикалық әрекеттегі механикалық ұсатқыштар (жақты, конусты және біліктік) жұмыс органының үлкен емес жылдамдығымен ерекшеленеді. Материал оларды жан-жағынан қысып майда бөлшектерге ұсатылады. Динамикалық әрекеттегі ұсатқыштар (роторлық және балғалы) жұмыс органының үлкен жылдамдығымен ерекшеленеді. Материал оларды негізінен соққы әсерінен ұсатады. Диірменде материал үгітілу және ұнтақталу арқылы майдаланады.
Жақты ұсатқыштарда материал (1.2,а, ә-сурет) қозғалмайтын (1) және қозғалатын (2) жақтар арасында жан-жағынан қысылып, жаншылып ұсатылады. Қозғалатын жақ эксцентрикті білік (3) арқылы қозғалысқа келеді. Эксцентрикті білік қозғалатын жақпен кинематикалық байланыспен жалғасады.
Конустық ұсатқыштарда материалдың майда ұсатылуы (1.2, в, г-сурет) сақиналық кеңістікте жүргізіледі. Сақиналы кеңістікте қозғалмайтын конус (4) және оның ішіне кигізілген қозғалатын конус (5) түзейді. Қозғалатын конус вертикаль немесе көлбеу осі бойымен тербелісті қозғалыс жасайды. Ол қозғалысқа эксцентрикті төлке (8) және тісті беріліс (7) арқылы білік (6) арқылы жүреді.
Роторлық ұсатқыштарды (1.2, д-сурет) үстінен материал түсіп, тез айналатын ротор соққығыштары (9) көмегімен майда ұсатылады. Одан басқа соққығыштан ұшқан материал кесектері бір-бірімен колосниктер (12), ұсатқыш корпусының (10) ішкі беті қапталған құрыш плиталарына (11) соғылысып, майда ұсатылады.
Балғалы ұсатқыштар (1.2, е-сурет) материалды балғалар (14) көмегімен майда ұсатады. Балғалар айналатын роторға топса бекітіледі. Ұсатылып бөлінген материал корпусқа (15) бекітілген колосниктер (13) арқылы өтеді.
Бірлік ұсатқыштарда (1.2, ж-сурет) материал жүктемелік шүмекке (18) беріледі де, рамаға орнақтылып қойылған білікшелер (17) арасында жан-жағынан қысылып ұсатылады. Білікшелер бір-біріне қарама-қарсы бағытта айналады. Ылғал және құрғақ майда ұсату жүгірткелерінде (1.2, з-сурет) материал тесіктері бар шәшкіге беріледі де, онда массивті біліктермен немесе аунақтармен (17) жан-жағынан қысып талқандалады. Шәшке арнайы жетек көмегімен айналады.
Барабанды диірмендерде (1.2 и-сурет) барабан (20) ішіндегі аралас-тырылатын материал айналатын үгіткіш шарлы денелермен (19) майда ұсатылады. Барабан арнайы жетек көмегімен айналады.
Вибрациялық диірмендерде (1.2, к,л-сурет) барабан (21) майда ұсатылатын материалмен және үгіткіш денелермен бірге тербелісті қозғалысты инерциялық (1.2, к-сурет) немесе грационды (1.2, л-сурет) жетек көмегімен жасайды. Жетек барабанның эластикалық қондырғысынан, серіппелерден (24) тұрады. Барабанның тербелісі дебаланстық 23 немесе эксцентрикті білік 25 айналысынан туындайды.
Орта жүрісті және роликті диірмендерден (1.2, м,н-сурет) майда ұсату қозғалатын обоймалар (27, 30) және қысатын роликтер 26 немесе шарлар 33 арасындағы жұмыстық кеңістікте жүреді. Диірмен станинаны 28, 31 жүктелу құрылғысын, жетекті (29, 32) және т.б. бөліктерді иемденеді.
Тез жүрісі соққылы диірмендерде (1.2, о-сурет) құбыр бойымен түсетін материал балғалары бар ротормен (34) майда ұсатылады да, шахтаға (36) ауа ағынымен сорылады және одан кейін арнайы құрылғыда отырғызылады.
Ағыншалы диірмендерде (1.2, п-сурет) материал диффузорлы құбырға (39) түседі де, сақиналы камера (37) ішінде циркуляция жасайды. Камера ішіндегі ауа ағыны сопло (40) арқылы беріледі. Майда ұсатылған материал ауамен бірге құбырға (38) сорылады.
Технологиялық арналуы мен жабдыққа қойылатын талаптарға байланысты әртүрлі типтегі ұсатқыштар мен майда ұсатқыштар қолданылуы 1.1 және 1.2-кестелерде көрсетілген. Қолданылуы «+» белгімен берілген.
1.1 - кесте - Ұсатқыштарды пайдалану аясы және олардың өнімділігі
Ұсатқыш
|
Ұсату
|
Тас беріктігі
|
Өнімділігі, т/сағ
|
өрескел
|
майда
|
Өте майда
|
төмен
|
орта
|
жоғары
|
Өте жоғары
|
|
Жақтық
|
+
|
+
|
-
|
-
|
+
|
+
|
+
|
800
|
Конусты
|
+
|
+
|
+
|
-
|
+
|
+
|
+
|
2300
|
Роторлы
|
-
|
+
|
-
|
+
|
+
|
+
|
-
|
500
|
Балғалы
|
-
|
+
|
+
|
+
|
+
|
-
|
-
|
500
|
Білікті
|
-
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
-
|
240
|
1.2 - кесте - Майда ұсатқыштарды пайдалану аясы мен олардың өнімділігі
Диірмен типі
|
Үгінді
|
Материал беріктігі
|
Ең үлкен өнімділігі, т/сағ
|
өрескел
|
майда
|
өте майда
|
Жоғары
|
төмен
|
|
Шарлы барабанды
|
+
|
+
|
-
|
+
|
+
|
160
|
Вибрациялық
|
-
|
-
|
+
|
+
|
-
|
1
|
Роликтік, орта жүрісті
|
+
|
+
|
-
|
-
|
+
|
20
|
Жүгірткі
|
+
|
-
|
-
|
-
|
+
|
43
|
Аэродинамикалық
|
-
|
-
|
+
|
+
|
+
|
0,3
|
1.2 - сурет - Материалдарды ұсату және үгіту машиналарының сұлбалары. Ұсатқыштар: а – жақты, қозғалмалы жағының қарапайым қозғалысымен; ә – жақты, қозғалмалы жағының күрделі жағымен; в – конустық, конусы жалпақ; г – конустық, конусы үшкір; ∂ - роторлық; е – балғалы; ж – біліктік; з – жүгіркілі диірмендер; и – шарлы, барабанды; к – вибрациялық инерциялық жетегімен; л – вибрациялық гидрационды жетегімен; м – орта жүрісті (роликті); н – орта жүрісті жақындатып қысылатын шарлармен; о – шахталы; п – ағыншалы
Достарыңызбен бөлісу: |