Пәннің өзектілігі мен алға қойған мақсаты



бет7/35
Дата07.10.2022
өлшемі4,71 Mb.
#41845
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   35

2.4 Конустық ұсатқыштар




Конустық ұсатқыштар беріктігі әртүрлі тау жыныстарын ірілей, орта және майда ұсату үшін қолданылады. Ірілей ұсататын ұсатқыштар (КДД) қабылдау тесігінің енімен В(мм) сипатталады: 500, 900, 1200 және 1500. Орта ұсататын (КСД) және майда ұсататын (КМД) ұсатқыштар конус табанының диаметрімен сипатталады: 600, 900, 1200, 1750, 220 және 3000мм.

2.3 - сурет - Ірілей ұсататын конустық ұсатқыштың кинематикалық сұлбасы: 1 – қозғалмайтын конус; 2 – футеровка (қаптама); 3 – ұсату камерасы; 4 – қозғалатын ұсату конусы; 5 – қозғалатын конустің ілу осі; 6 – ұсатқыш конус білігі; 7 – эксцентрикті білік – төлке; 8 – конустық тісті беріліс; 9 – жетек біліг.


Олар өрескелеп (Гр), майда (Т) ұсататын ұсатқыштарға бөлінеді де, бір-бірінен тек қана ұсату камерасының пішінімен өлшемдері бойынша ажыратылады.
Конустық ұсатқыштардың ұсату камерасы бір-біріне кигізілген екі қиылған конустардан тұрады. Камераның сыртқы беті ретінде қозғалмайтын конус, ішкі беті футеровкамен қапталады. Жақтық ұсатқыштағы секілді камера үстінен астына қарай тарыла беріледі де, жақындау аймағын (сығу) және конустардың аластау аймағын (жүксіздендіру) иемденеді. Екі аймақта диаметр бойымен бір-біріне қарама-қарсы орналасады да, ұсатқыштың эксцентрикті білігінің айналуына сәйкес өзінің орнын ауыстырып тұрады. Ұсату камерасының жоғарғы қимасы – қабылдау (жүктелу) тесігі, төменгісі – шығару (жүксіздендіру) саңылауы деп аталады. Шығару саңылауы конустардың бір-біріне жақындау аймағында өлшенеді. Камера ішіндегі ұсату үдерісі жақтық ұсатқыштардағы ұсату үрдісі үздіксіз жүреді.
2.3 және 2.4-суреттерде ірілей, орта және майда ұсататын конустық ұсатқыштардың кинематикалық сұлбалары көрсетілген. Ұсатқыштың қозғалатын конусы білікке қатаң бекітілген. Ол біліктің төменгі шеті эксцентрикті жетекті білік-төлкеге орнықтырылып қойылған. Білік-төлке жұбында білік осі төлкенің айналу осімен (ұсатқыш осімен) кейбір бұрыш түзейді. Ол бұрышты гираци бұрышы деп атайды. Эксцентрикті білік-төлке конустық тісті берілісі арқылы жетектен айналысқа келтіріледі де, қозғалатын ұсатқыш конус тербелісті (гидрациялық) қозғалыс жасайды.

2.4 - сурет - Орта және майда ұсататын конусты ұсатқыштардың кинематикалық сызбасы:
1 – үлестіргіш жүктейтін тәрелке; 2 – қозғалмалы ұсату конусы; 3 – ұсату камерасы; 4 – футеровка; 5 – қозғалмайтын ұсату конусы; 6 –тіректі сақина; 7 –бәсеңдеткіш пружина (серіппе); 8 – жетекші білік; 9 – теңдестіргіш қарсы салмақ; 10 – эксцентрикті білік-төлке; 11 – ұсату конусының конустық білігі; 12 – конустық тісті беріліс; 13 – свералық өкшелік


Ірілей ұсататын ұсатқыштарды қозғалатын конус білігі жоғарыдан траверсаға топсалы бекітіледі. Ол О нүктесі конус тербелісінің ортасы болады. Бұл ұсатқыштарды көбінесе, ұзын конусты немесе белгілі ілінген тік конусты деп атайды (2.3, ә-сурет).
Орта және майда ұсататын ұсатқыштардың қозғалатын конусы сфералы өкшелікке тіреліп сүйенеді. Конус білігі жоғарғы жағынан бекітілмейді, сондықтан бұл ұсатқыштар жақтық конустық ұсатқыштар және арыс білікті деп те аталады (2.4-сурет).
Ұсатқыштардың бос жүрісті жұмыс кезінде «Эксцентрикті білік-төлке ұсату конусының білігі» кинематикалық жұбындағы үйкеліс күші «білік – ілу нүктесі» (ККД) немесе «қозғалатын конус тірек» (КСД және КМД) кинематикалық жұбындағы үйкеліс күштен үлкен болуы мүмкін. Сонда конус өзінің осі бойымен және эксцентрикті төлкенің айналу бағытымен айнала алады (2.5-сурет).



2.5 - сурет - Конустық ұсатқышта әрекет етуші күштер сұлбасы


Күш моменті:


M1 = F1 ∙ r1 = f1mkgr1tg (2.11)


формуласы көмегімен табамыз.
Мұндағы, F1 – үйкеліс күші; r – білік радиусы ; f1 – білік пен төлкенің жанасу беттеріндегі үйкеліс коэффициенті; mk – қозғалатын конус массасы; γ – гидрация бұрышы.
Егер материалдың ұсатылуы жүргізілетін болса, онда материал мен конустар арасындағы үйкеліс күштері жоғарыда көрсетілген кинематикалық жұптардағы үйкеліс күштерінен едәуір үлкен болып, асып түседі де, эксцентрикті төлке айналуына қарама-қарсы бағытта қозғалатын конус айналады. Бұл жағдайдағы күштер моменті:


M = F ∙ RB = fPRB және M1 = F1 ∙ r1 – F1Pэr1 (2.12)


формула көмегімен табылады.
мұндағы, F, F1 – үйкеліс күштері; RB – қозғалатын конус радиусы; f, f1 –материалдық конус футеровкасына (f) және төлке, біліктің жұмыстық беттеріне үйкеліс коэффициенттері (f1); Р – ұсату күші; Рэ – күштің реакциясы (қарсы әсер күш); r1 – білік радиусы.
F > F1 (f > f1) және (RB > r1) болғандықтан М > М1, яғни қозғалатын конус өзінің осі бойымен эксцентрикті төлке айналасына қарама-қарсы бағытта, төлкенің айналу жиілігінен 20...30 есе кем жиілікпен айналады.
Ірілей ұсататын конустық ұсатқыштар ірі тау-байыту комбинаттарын-да, фабрикаларында қолданылады. Кен емес құрылыс материалдарын (щебень, гравий, құм) өндіруде орта және майды ұсататын конустық ұсатқыштар пайдаланылады. Конструктивті орындалуына қарай бұл ұсатқыштар бір-біріне ұқсас.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет