Пәннің өзектілігі мен алға қойған мақсаты


Метаморфалық тау жыныстары



бет3/35
Дата07.10.2022
өлшемі4,71 Mb.
#41845
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
Лекции (1)

Метаморфалық тау жыныстары (сланец, мәрмәр) – дислокациялық үдеріс әсерінен майда ұсақталған тау жыныстары. Олардың қысылуға беріктік шегі 50...150 МПа.
Майда ұсақтағыш машиналарды таңдау кезінде профессор М.М. Протодьяков ойлап тапқан квалификациялық шкала бойынша (10 категория бар) тау жыныстарының қаттылығына байланысты материал кесегін бұзуға жеткілікті күшті анықтайды.
Беріктік дәрежесін Моос шкаласы бойынша анықтау өте ыңғайлы. Ол шкала бойынша тау жынысы қаттылығының градациясы 1-ден 10-ға дейін. 1-тальк, 10-алмас. Қаттылықты қатты тау жынысын жұмсақтау тау жынысына тырналап батырады да, түскен ізінің тереңдігіне байланысты анықтайды.
Бірақ материалдардың майда ұсақталу қабілеттілігі олардың морттылығына да байланысты. Морттылығы дегеніміз – соққы күш әсерінен байқалмайтын пластикалық, деформациясыз тау жынысының бұзылу қабілеттілігі. Сондықтан майда ұсақтау машиналарын таңдау кезінде, әсіресе ұнтақ тәріздес өнімді алу үшін, олардың үгітілу қабілетін ерекше ескереді. Мәселен, эталонға қатысты ұсақ майдалануға кететін энергетикалық шығындармен сипатталатын үгітілу коэффициенті құм үшін 0,6-ға, тальк үшін 2-ге, әк тас пен клинкер үшін 1-ге тең.
Жабдықты тиімді пайдалану аймағын анықтап, оның ұзаққа төзімділігін бағалау үшін өңделетін тау жынысының қажақтылығын ескеру керек. Қажақтылығы дегеніміз – өңделетін материалдардың машинаның жұмыстық органдарын тоздыру қабілеті. Төмен қажақты материалдарға: әктас, мәрмәр, ал жоғары қажақтыға: гранит, базальт металлургиялық қождар жатады.
Қайта өңдеуге түсетін құрылыс материалдарын азды көпті емес бір текті, пішіні әртүрлі, өлшемі 1200 мм болатын тау жыныстары құрайды. Бұл массаны қайта өндеу кезінде кесектерді қажетті өлшемдердегідей майда ұсатады.
Кесектілігі шамамен бірдей тау жыныстары бір фракцияны түзейді. Фракция бойынша материал (тау жыныстары немесе майды ұсату өнімдері) оның гранулоаметрлік немесе түйіршік құрамымен анықталады.
Тау жынысының гранулоаметрлік құрамы елеуіштік анализ бойынша анықталады, яғни белгілі бір өлшемдегі тесіктері бар елеуіш қатары арқылы рет-ретімен сынаманы елеп, әр фракцияға бөледі.
Тау жыныстарын қайта өңдеу кезінде алынған дайын өнім-щебень (қиыршық тас) оның арналуына қарай техникалық талаптарға жауап беруі керек. Мәселен, бетон жасауда қолданылатын щебень МЕСТ 10268-80 стандартының талаптарына жауап беруі керек.
Темірбетон бұйымдары мен тұтас құйылған конструкцияларды жасап шығару үшін щебеннің: тау жынысынан балқып шыққан – М 800, метаморфалық тау жынысынан – М 600, тұнбалы тау жынысынан – М 300 маркалы (беріктік шегі бойынша) қолданылады.
Құрылыста қиыршық тастың әртүрлі фракциясы пайдаланылады. Жаппай мол темірбетон бұйымдарының өндірісінде көбінесе щебеннің майда фракциясы (5...10; 10...20 мм) пайдаланылса, ал жалпы құрылыстық жұмыстарды, жол құрылысында және гидротехникалық бетонда ірі фракциясы (40...70; 70...150 мм) қолданылады.
Материалдарды дробилкада ірілей ұсақтауды ұсату деп, ал диірменде өңдеуді үгіту немесе ұнтақтау деп атайды.
Анығында, ұсату – бұл алғашқы шикізатты сыртқы механикалық күш әсерінен түйіршік ірілігі 5 мм және оданда үлкен өнім алу, ал үгіту-ірілігі 5мм-ден кіші түйіршіктерді алу.
Майды ұсату нәтижесі оның дәрежесімен анықталады, яғни алғашқы шикізат кесегінің орта диаметрінің немесе орта өлшенген өлшемінің Dcp дайын өнім кесегінің орта диаметріне немесе орта өлшенген өлшеміне dcp қатынасын айтады:

i = Dcp / dcp. (1.1)


Ұсатқыштарды материалды ұсату кезінде майдалау дәрежесі i = 3...30, әртүрлі диаметрге үгітуде і = 100...1000 болады.


Дайын өнімнің ірілігіне (dcp) байланысты ұсатудың: ірі – (dop = 100…300 мм), орта (dop = 40...100 мм), майда (dop = 5...40 мм) түрлерін ажыратады, ал үгітудің түрлері: ірі үгіту (dop = 0,1...5 мм), майда үгіту (dop = 0,05...0,1 мм) және өте майда ұнтақтау (dop ≤ 0,05 мм) [4,5].




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет