Пәннің өзектілігі мен алға қойған мақсаты


-тарау. МАТЕРИАЛДАРДЫ МАЙДА ҰСАТЫП СҰРЫПТАУ ЖӨНІНДЕ НЕГІЗГІ АНЫҚТАМАЛАР МЕН ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР



бет2/35
Дата07.10.2022
өлшемі4,71 Mb.
#41845
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
Лекции (1)

1-тарау. МАТЕРИАЛДАРДЫ МАЙДА ҰСАТЫП СҰРЫПТАУ ЖӨНІНДЕ НЕГІЗГІ АНЫҚТАМАЛАР МЕН ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР

1.1 Курстың мәні мен мәселелері


Құрылыс материалдарын өндіру өнеркәсібінде құрастырмалы темірбетон өндірісі ерекше орын алады. Темірбетонсыз құрылыс индустриализациясы болмас еді. Темірбетон тетіктері бұйымдары өндірісінің өсуі жоғары қарқындылығымен, бұйымның кеңеюімен, құрастырмалы тетік өлшемдерінің үлкеюімен, зауыттағы әзірлігінің жоғарылауымен, әрленуі және т.б. сапалы көрсеткіштерінің жақсаруымен ерекшеленеді.


«Құрылыс материалдары, бұйымдар және конструкцияларын өндіру» мамандығының оқуы жоспарымен құрылыс материалдары, құрастырмалы темірбетон бұйымдарын жасауға арналған машиналар мен технологиялық жабдықтар әртүрлі болып келеді, кей кезде күрделі болады, ал конструкциясы жыл сайын үздіксіз жетілдіріліп, жаңарып отырады.
Курсты оқып-үйрену кезінде құрастырмалы темірбетон жасап шығарушы кәсіпорын машиналары мен агрегаттарының арналуы, құрылыс және жұмыс жөніндегі мағлұматтарды жақсы меңгеріп қана қоймай, олардың негізгі бөліктерін жетілдіру мүмкіншілігін, техникалық прогресті дамытуға бағытталған өндірістегі техникалық мәселелерді шеше алатындай етіп қарастыруы керек.


1.2 Материалдар түрі мен оларды механикалық өңдеу үрдістері


Табиғи тасты құрылыс материалдарын тау жыныстарынан арнайы жабдық көмегімен кеніштерінде қазып алады. Қажетіне қарай оларды әрі қарай өңдеуге жібереді, яғни майда ұсақтайды, сонан соң сұрыптайды. Материалдарды қайта өңдеудің тәсілдері мен технологиялық үрдісі алғашқы шикізат сипаттамасы мен дайын өнімге қойылатын талаптарға байланысты.


Қайта өңдеуші машиналарды таңдауға қажетті материалдардың маңызды сипаттамалары ретінде олардың физика-механикалық қасиеттері, тығыздығы, беріктігі, қаттылығы, морттылығы, үгітілуге қабілеттілігі, қажақтылығы кіреді.
Ең берік материалдар ретінде қатып қалған, тереңдікте жатқан, тау жыныстары (гранит, габбро), сонымен қатар, балқып шыққан (базальт, диабаз) болады. Олардың қысылуға беріктігі 200...400 МПа.
Табиғатта кең таралған материалдар: беріктігі орта, тұнбалы тау жыныстары (әк тас, құмша), олардың қысылуға беріктігі 50...200 МПа, сонымен қатар, беріктігі аз тау жыныстары (балшық, трепел), олардың қысылуға беріктік шегі 50 МПа-ға дейін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет