1) Қағидалы сұлбалар
Соңғы жылдары соққы әрекеттегі ұсатқыштар көбірек қолданылып келеді. Соққылы әрекеттегі ұсатқыштарды кесек бір жағынан жұмыстық органының соққысына ұшырайды.
Соққылы ұсатқыштар негізінен орта беріктегі, аз қажақты материалдарды (әктәс, бор, мергель және т.с.) майда ұсату үшін пайдаланылады. Соққылы ұсатқыштардың бірқатар артықшылықтары бар: конструкциясы мен пайдаланылуы қарапайым, майда ұсату дәрежесі жоғары, металсыйымдылығы аз және т.б.
Отандық іс-тәжірибеде соққылы әрекеттегі ұсатқыштардың екі типі: роторлы және балғалы ұсатқыштар қолданыс тапқан. Оларды жұмыс органдарының конструкциясы бойынша ажыратады: роторлық – тоқпақтары қатаң белгіленген (3.1, в, г-сурет) және балғалы – балғалары топсалы түрде белгіленген (3.1, ә-сурет).
3.1 - сурет - Соққылы ұсатқыштардың кинематикалық сұлбалары: а – бір роторлы реверстелмейтін; ә – балғалы реверстелетін; в – екі роторлы, бір сатылы ұсататын; г – екі роторлы, екі сатылы ұсататын
2) Жұмыс үрдісінің ерекшеліктері
Массивті роторды иемденетін роторлық ұсатқыштар жұмыс органының энергия запасы (қоры) үлкен болады және ірі кесекті, аз қажақты, сығылуға беріктігі 200 МПа-ға дейін тау жыныстарын ұсатуда пайдаланылады. Бұл ұсатқыштар майда ұсату дәрежесі үлкен (30-ға дейін) көрсеткішімен сипатталады.
Ротор санына қарай бір роторлы (3.1, а-сурет) және екі роторлы (3.1, в, г-сурет) ұсатқыштар болып бөлінеді. Екі роторлы, екі сатылы ұсатқышта (3.1, г-сурет) материал әуелі роторға түседі де, алдын ала ұсатылады, одан кейін екінші ротор аймағына түсіп, қайтадан екінші рет ұсатылады. Соққылы элементінің тозатын жұмыстық беттерін толығырақ, оларды тоқтатпай пайдалану үшін реверсивті ұсатқыштар (3.1, ә-сурет) қолданылады. Олардың симметтриялық ұсатқыш камерасы бар. Соққылы ұсатқыштардың негізгі параметрі ретінде ротордың диаметрі мен ұзындығы қабылданады.
Роторлық ұсатқыштардың кемшіліктеріне жұмыстық органдарының (тоқпақ, колосник) тез тозуы, ылғал материалды ұсату қиындылығы және ұсатылмайтын денелердің ұсатқышқа түсіп, сындыру мүмкіншілігі жатады.
3.2 - сурет - Үш камералы роторлық ұсатқыш:
а – жалпы көрінісі; ә – кинематикалық сұлбасы
3) Ұсатқыштардың конструкциясы
Роторлық ұсатқыш (3.2-сурет) пісірмелі станциядан (1, 5, 9), ротордан (4), қалқан плиталардан (6), футеровкадан (8) тұрады. Плиталар мен футеровка марганец болаттан жасалады. Роторға сыналар (2) көмегімен тоқпақтар (3) бекітілген. Ротор білікке бекітіліп айналады. Білік домалау мойынтіректеріне орнықтырылған. Ротор білігі сына ременьді беріліс (11) арқылы электроқозғалтқыш (10) айналады.
Қалқан плиталардың орны винттік тартым (7) көмегімен S1, S2 жәнеS3 саңылаулары 16-дан 200 мм-ге дейін өзгереді.
Ұсатылмайтын денелер түскенде қалқан плиталар артқа қарай тартым серіппесін сыға отырып еңкейеді де, ұсталмайтын денені өткізіп жібереді.
Үш қалқан плитаның орнын реттеу арқылы бір, үш камералық ұсатуға баптайды. Ол үшін гайканы толығымен сәйкес қалған плитаға тартады да, саңылау 200 мм-ге дейін үлкейеді. Егер бірінші және екінші қалқан плиталар тартылса, онда ұсатқыш бір камералы сияқты жұмыс істейді.
Камералар санын өзгерту майда ұсақтаудың әртүрлі дәрежесін және ұсатудың әртүрлі гранулометрлік құрамын алуға мүмкіндік береді.
Балғалы ұсатқыштар қажақсыз, сығылуға беріктік шегі 100 МПа-ға дейін материалдарды (әк тас, гипс, қож, кірпіш және т.б) екінші рет ұсатылу үшін қолданылады. Балғалардың (тоқпақтардың) топсалы ілмектері және олар мен колосникті тор көз арасындағы кіші саңылау материалды майда ұсатудың үлкен дәрежесін алуды қамтамасыз етеді.
Балғалы ұсатқыштардың бірнеше: бір және екі роторлы, реверсивті және реверсивсіз конструктивті шешімдері бар. Ылғал материалды ұсату үшін, мәселен, қозғалмалы, соққыш плитасы және тазалағыш конвейері бар балғалы ұсатқыштар қолданылады.
3.3 - сурет - Балғалы ұсатқыш
Балғалы ұсатқыш конструкциясы (3.3-сурет) көрсетілген. Пісірілген корпуста (1) ротор (2) айналады. Ротор корпус сыртына орнатылған подшипниктерге орнықтырылған. Ротор білікке бекітілген дисктерден тұрады. Олардың арасында оське топсалы балғалар (3) ілінген. Балғалар қатарының саны мен олардың барлық саны ұсатқыштың арналуы мен оның өлшемдерімен анықталады. Ұсату өніміне қойылатын талаптарға сәйкес, пайдаланатын ұйым тапсырысы бойынша балғалар қатарының санын өзгертуге мүмкіндік беретін конструктивті шешімдер қарастырылуда. Үлкен ұсатқыштарды 100-ге дейін балғалар орнықтырылып қойылуы мүмкін. Әрқайсысының массасы типтік өлшеміне байланысты 4-тен 70 кг-ға дейін болады. Тозуға тұрақты плиталармен қапталған соққыш плитка (4) жоғарғы бөлігімен топсалы корпусқа бекітілген. Плитаның төменгі бөлігі роторға қатысты реттеуші құрылғы көмегімен жылжи алады. Щебень ірілігін реттеу үшін үлкен ұсатқыштарды бағыттауыштар бойымен қозғалып, белгілі бір орында винттермен бекітіліп қойылатын соққыш сан (5) пайдаланылады. Ұсату камерасының төменгі бөлігінде екі колосникті торкөз бар: біреуі айналатын (6), оське топсалы ілінген; екіншісі суырмалы, рельс үстінде жылжитын роликты тележкаға (7) орнатылған. Ондай конструкция жөндеуді және колосникті тазартуды жеңілдетеді. Колосникті торкөзді тозуға төзімді болаттан жасалған жеке пластиналардан немесе блоктардан жинайды.
Қажақты ортада, айыр жағдайда жұмыс істейтін тоқпақтар мен балғалар үлкен соққылы жүктемеге шыдауы керек, тозуға төзімді болуы керек, тоқпақ пен балғаны ауыстыра алатындай конструкцияны иемдену керек, қымбат металды ұзаққа пайдалануға мүмкіншілік беруі керек. Тоқпақ пен балаларды 110Г13Л болаттан немесе кәдімгі көміртекті болаттан, бірақ оның жұмыстық бетіне тозуға төзімді қорытпаларды үстемелеп жасайды.
4) Соққылы әрекеттегі ұсатқыштардың параметрлерін есептеу
Ротор тоқпағы фрезаға ұқсас өзінің салмақ күшімен түсетін материал жаңқасын жонады деп алып, роторлық ұсатқыш өнімділігін анықтайды.
Қабылдап алынған сұлбаға сәйкес (3.4-сурет) теориялық өнімділік:
II = BLphnz м3/с. (3.1)
формуласы көмегімен табылады.
мұндағы B – материалмен жанасатын ротор доғасы хордасының ұзындығы, м; Lp – ротор ұзындығы, м; h –белгілі бір тоқпақтан келесісіне ротордың бұрылу уақыты ішіндегі еркін түсетін дененің жолы ретінде анықталатын жаңқа қалыңдығы, м; n – ротордың айналу жиілігі, айн/с; z – ротор тоқпақтар қатарының саны.
Әрбір ротор жетегінің қуаты:
N = 9Dр2 ∙ B ∙ n кВт, (3.2)
мұндағы, Dр – ротор диаметрі, м;
В.П. Барабашкин ұсынған формулалар көмегімен балғалы ұсатқыш өнімділігін шамалап анықтауға болады:
Dp > Lp кезінде II =1.66 Dp2 Lpn;
Dp < Lp кезінде II =1.66 Dp Lр2n,
мұндағы, n – айналу жиілігі, айн/с; Dp – ротор диаметрі, м; Lp – ротор ұзындығы, м. Майда ұсату дәрежесі үлкен роторлық ұсатқыш қозғалтқышының қуатын ВНИИстройдормаш ғылыми-зерттеу иснтитуты ұсынған формула көмегімен анықтауға болады.
3.4 - сурет - Роторлық ұсатқыш өнімділігін есептеуге арналған сұлба
Ол формула жаңадан ашылған беттің меншікті көрсеткіштерін меңгере отырып, ұсатылуға жұмсалатын меншікті энергияны бағалауға арналған.
N = ЭП (і - 1) ∙ 10-3 /(D c.вη) кВт, (3.3)
мұндағы, Э – ұсатылатын материал қасиетіне байланысты алған энергетикалық көрсеткіш; Э = 15...40 Втсағ/м2; Dc.в – алғашқы материалдың орта өлшенген өлшемі, м; η – жетек ПӘК-і.
Балғалы ұсатқыш қозғалтқышының қуатын алдын ала есептеу үшін
N = (360…540)IIi kBт (3.4)
Формуласын пайдалануға болады.
мұндағы, П – өнімділік, т/с.