2.1 Жалпы мағлұматтар
Тау - кен жыныстарын (гранит, базальт, әктас, және т.с.с) құрылыс материалдарының кен емес өнеркәсібінде ұсату үшін жақтық, конустық, біліктілік, роторлық, балғалы және т.б. ұсатқыштар қолданылады. Олар ірілігі әртүрлі (1700 мм-ден бастап, одан кіші) тау тастарын және кез келген шикізаттық тас материалдарын ұсатып, бөлшектерінің өлшемдері 3....5 мм болатын ұсақ, майда өнімдерді алу үшін пайдаланылады.
Ұсатқыштар мынадай ұсату дәрежелерін көрсетеді: жақтық і = 3...5, конустық і = 3...6, соққылы әрекеттегі (роторлық және балғалы) і=15....20 6.
Физикалық – механикалық қасиеттері белгілі тау-кен жыныстарын ұсатуға арналған ұсатқыш типін дұрыс таңдау үшін олардың техникалық сипаттамаларын, конструкциясын және оларды тиімді пайдалану аймағын бөлу керек.
2.2 Жақтық ұсатқыштар
Жақтық ұсатқыштар, негізінен алғанда, тау жыныстарын, кендік және кен емес тас материалдарын өңдеуге арналады. Ол материалдардың беріктігі жоғары және орта, олардың сығылу кезіндегі беріктік шегі δсж ≤ 350 МПа болғанда қолданады. 100 жыл бұрын пайда болған (1858 ж.) алғашқы ұсатқыштар «челюстік» деп аталған.
Жақтық ұсатқыштар тозуға шыдамды материалдан жасалынады және реттелген домалау мойынтіректерін, майлаудың орталықтандырылған жүйесін иемденеді, жіктелуі автоматты түрде басқарылады. Мұның бәрі жоғары өнімділікті, жұмыс істеуінің ұзақтылығы мен сенімділігін қамтамасыз етеді.
Жақтық ұсатқыштың жұмыстың органы ретінде қозғалмайтын және қозғалатын жақтары болады. Бір-біріне периодты түрде жақындай отырып, жұмыс кеңістігіндегі материалды ұсатады. Жұмыстық кеңістік жақтарымен және бүйірлік футеровкамен шектелген, оны ұсату камерасы деп атайды. Ұсатқышты үстінен жүктейді, әдетте пластинкалық қоректендіргішпен жүктейді. Ұсатылған материал салмақ күші әсерінен жүксіздендіру тесігі арқылы өтеді. Жүксіздендіру тесігі жақтардың төменгі бөлігімен бүйірлік футеровкамен шектелген. Эксцентрикті білік электрқозғалтқыш көмегімен сына тәріздес беріліс арқылы қозғалысқа келтіріледі. Электрқозғалтқыш оң немесе сол жақта орналасуы мүмкін.
Жақтық ұсатқыштың: қарапайым (еркіндік дәрежесін беру) және күрделі (еркіндік дәрежесі екеу) қозғалыстағы жақты ұсатқыштар сияқты кең таралған (2.1, а,ә-сурет).
2.1 - сурет - Қарапайым (а) және күрделі (ә) қозғалыстағы жақты ұсатқыштардың кинематикалық сұлбалары: 1 – қозғалмайтын жақ; 2 - ұсатқыш плита; 3 – бүйір қабырға; 4 - қозғалатын жақ ілмегінің осі; 5 – қозғалатын жақ; 6 – шкив; 7 - сермер; 8 – эксцентрикті білік; 9 – жетекті скив; 10 – электрқозғалтқыш; 11 – реттеуіш құрылғы; 12, 13 – серіппе және тұйықтаушы құрылғы тартымы; 14, 16 – кергіш плиталар; 15 – бұлғақ; 17 – тербеліс тіректері
Көрсетілген ұсатқыш типтер: ЩДП және ЩДС
Қозғалғыш қарапайым ұсатқышта (2.1, а- сурет) қозғалатын жақ (5) ось (4) көмегімен қозғалмайтын тірекке ілінген. Жұмыс істеуі кезінде оның нүктелерінің жылжу траекториясы шеңбер доғасы болады. Қозғалысы күрделі ұсатқышта (2.2, ә-сурет) қозғалатын жақ (5) эксцентрикті жетекті білікке бекітіледі. Жұмыс істеуі кезінде оның нүктелерінің жылжу траекториясы геометриялық фигура-эллипс болады.
Қозғалысы қарапайым ұсатқыштағы қозғалатын жағының жоғарғы бөлігінің көлденең бағыттағы жүріс жолы қозғалыс күрделі ұсатқыштағыдан үш есе кем. Бұл олардың тиімділігі мен өнімділігіне қатысты ажыратылуын көрсетеді. Күрделі қозғалысты ұсатқыштағы жоғарғы және төменгі аймақтағы жүрістің тігінен құраушысы 10...15 есе қарапайым қозғалысты ұсатқыштағыға қарағанда көбірек. Бұл жұмыс органдарының тозуын жоғарылатады және қажақты әрі аса берік қатты материалдарды ұсатуда пайдалануын шектейді.
Жақтық ұсатқыштарда материалды ұсату жан-жағынан қысып жаншу және домалату есебінен төмендеуіне жүргізіледі: қозғалатын, қозғалмайтын жақтарымен және станинаның бүйір қабырғаларымен түзелетін ұсату камерасына алғашқы материал беріледі. Ұсату камерасының сына тәріздес пішініне қарай камерада оның ірілігіне байланысты материал: аса ірісі – жоғарғы, ал кішіректеу ірісі – төменгі жерінде орналасады. Қозғалысты жақтың қозғалмайтын жағына жақындауы кезінде (сығу жүрісі) материал сынады да, алыстағанда (бос жүріс) – салмақ күші әсерінен ұсатылған материал шығу саңылауы арқылы жүксізденеді. Одан кейін цикл қайталанады.
Жақты ұсатқыштардың көбісінің конструкция құрылымы ортақ, бірақ механизмдері мен құрастыру біліктерінің әртүрлілігімен бір-бірінен ажыратылады.
Жақты ұсатқыштың типтік өлшемдерін сипаттайтын негізгі параметрлер ретінде: қабылдау (жүктелу) тесігінің ені мен ұзындығы қабылданады (В × L, мм). В шамасы жүктелетін материалдың максималь мүмкін ірілігін (Dmax) анықтайды, яғни Dmax ≤ 0, 85 B. L шамасы ірілігі Dmax бір уақытта жүктелетін материалдар санын анықтайды. (В × L, мм) параметрлеріне байланысты жақтық ұсатқыштар мына өлшемдер сандар қатарын құрайды: 160×250, 250×400, 250×900, 400×600, 400×600, 400×900, 600×900, 900×1200, 1200×1500 және 1500×2100[8,9].
Жақты ұсатқыштардың маңызды параметрлері ретінде: қармау бұрышы α (ұсатқыш жақтар арасындағы бұрыштар); шығару, жүксіздендіру саңылауының өлшемі – в; бұл дайын өнімнің ірілігін анықтайды; қозғалатын жақ жүрісі S; қозғалатын жақ тербелістерінің саны n; ұсату камерасының биіктігі Н қабылданады. Бұлардың бәрі жақты ұсатқыштардың негізгі техника-экономикалық көрсеткіштерін құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |