Пәннің тақырыбы: Қазақстандық және әлемдік психологиялық-педагогикалық ойлар тарихы



бет11/81
Дата29.10.2023
өлшемі1,67 Mb.
#121156
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   81
Аристотель (б.з.д. 384-322 жж.) Платонның шәкірті, көрнекті философ-идеалист және ертедегі Грецияның ғұлама ғалымы. Ол Платонның шәкірті бола тұрып, оның көзқарасымен келеспейді. Аристотель Платонның екі түрлі дүние туралы ілімін сынға алды: идеялар дүниесі және құбылыстар дүниесі. Аристотель дүниенің бірлігін мойындады, заттар идеяларын заттардың өзінен болуга болмайды.Кез келген зат материя мен түрдің бірлігі болып табылады.
Аристотель өзінің даму теориясына сүйене отырып, жанның 3 түрін айтты: тағамда байқалатын өсімдік түрі, түйсіктерде және қажеттіліктерде байқалатын жануарлар түрі, ойлау және танымға тән ақыл ой түрі жатады. Жанның 3 түріне сәйкес олардың әрқайсысы ерекше әсер етуді қажетсінеді. Ол тәрбиенің 3 түрін көрсетті: дене, адамгершілік және ақыл ой тәрбиесі. Ол адам тәні мен жаны боолады, материя мен түр сияқты бөлінбей өмір сүреді. Тәрбиенің мақсаты- табиғатпен тығыз байланысты жанның барлық жақтарын үйлесімді дамыту. Сонымен қатар баланың табиғатына сәйкес ол жас ерекшеліктеріне қарай тәрбиелеуді ескеріп отырды.
Аристортель педагогика тарихында алғаш рет балаларды жас кезеңдеріне бөлуді ұсынды:

  1. туғаннан бастап, 7 жасқа дейін;

  2. 7 жастан 14 жасқа дейінгі кезең;

  3. 14- 21 жасқа дейін.

Сонымен ол отбасы тәрбиесіне ерекше мән берді. 7 жасқа дейн балалар үйде тәрбиеленуі керек деді.
7 жастан бастап балалар мемлекеттік мектепте барады. Аристотель мектептер мемлекеттік болуы керек, жекеменшік болуы тиіс емес, себебң бала тәрбиелеу ісі мемлекеттің қамқорлығында екендігін атады. Мектептерде дене тәрбиесінің болуына ерекше мән берді. Сонымен қатар саз өнерін эстететикалық, адамгершілік тәрбиесінің құралы ретінде ерекше бағалады.
Өзінің педагогикалық теориясын дамыта отырып, Аристотель құл иеленуші аристократияның өкілі ретінде ерікті туған азаматтарды тәрбиелеу туралы, құлиеленуші мемлекеттің көркеюі жөнінде қамқорлық жасағаны белгілі. Аристотельдің “Метафизика”, “Риторика”, “Жан туралы” атты құнды еңбектері бар. Аристотельдің көзқарасы антикалық педагогика және педагогика ғылымының кейінгі дамуына ерекше ықпал етті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет