Пәннің тақырыбы: Қазақстандық және әлемдік психологиялық-педагогикалық ойлар тарихы



бет12/81
Дата29.10.2023
өлшемі1,67 Mb.
#121156
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   81
Демокрит (б.э.д. 460-370ж) ежелгі грек философиясының шыңы, ғұлама философ- материалист, атомистік теорияның негізін қалаушы. Оның бізге бізге жеткен көптеген шығармалары үзінділерінен Демокриттің ғылымның барлық салаларынан қолтаңбасын қалдырғанын көруге болады: философия, педагогика, психология, медицина, өнер саласында қалдырған ғылыми мұралары белгілі. К. Маркс Демокритке былай баға берген болатын “Гректің арасынан шыққан бірінші әмбебап ой иесі”.
Демокриттің тәрбие туралы ойлары педагогикалық ой- пікірдің тарихында ерекше мәні зор болды. Өзінің атомистік теориясының негізінде Демокрит жеке тұлға дамуының материалистік тұжырымдамасын ұсынды. Ол дүние материалдық, бір бірінен түрі мен жағдайы жағынан ерекшеленетін атомдардан тұрады. Ағзалардың өмірі мен өлімі атомдардың бірігуіне және ыдырауына алып келеді деді.
Демкорит жанның өлмейтінін жоққа шығарды. Ол адамның қалыптасуы оның табиғатына және тәрбиесіне байланысты деп түсіндірді. Мысалы: “Егер адам оқымаса ешкім өнерді де, даналықты да меңгермеген болар еді” деді. “Табиғаттан гөрі жаттығудың арқасында көптеген адам жақсылық қасиеттерді меңгереді”, “Кейде жас адамдарға тән ақылдылық, ал қарттарға ақылсыздық тән болса, ол дұрыс қойылмаған тәрбие және табиғат” дейді.
Демокрит ортаға, үлкендердің үлгі өнегесіне сөздік әсеріне, сендірімен, тәрбиелеуге, еңбекке үйретуге ерекше мән берді. Оның бізге жеткен еңбектерінде балаларға кішкентай кезінен бастап талаптар қою турады жан жақты айтты. Демокрит материалистік таным теориясы бойынша білімнің басы түйсіктер екендігін, ал шындық ақыл арқылы іске асатындығын, дәлелдеу, ақыл ой тәрбиесінің мәселелерін шешуде мәні ерекше екенін түсіндік.


Сократ (б.з.д. 469-399 ж) философ –идеалист болды, өзінің демократиялық шығу тегіне қарамастан (кедей қолөнершінің баласы) ол консервативтік жер аристократиясының идеологы болып табылады. Оның түсіндіруінше, дүниенің құрымын, заттардың физикалық табиғатын тануға болмайды, адамдар тек өзін өзі тануы мүмкін, жалпыға бірдей, мәңгілік және өзгермейтін адамгершілік ұғымдар өмір сүреді.
Тәриенің мақсаты заттардың табиғатын зерттеу емес, ол өзін өзі танып білуі, адамгершілікті жетілдіруі болуы керек деді.
Сократ этикада рахымшылдық, мейірімділік, білімде, даналықты, жақсылықты терең түсінгенде ғана мейірімді бола алады, ол ақиқат-шындық, таза болмыс адам ақылының алғы шарты деп, өз кезеңі үшін ақылды дамытуды уағыздады. Саясатта Сократ әділетсіздікке негізделген барлық басқару формаларын- монархияны, тирантияны, аристократияны, плутократияны- түгелдей сынға алды. Алайда, ол әділеттілікке негізделген мемлекетті қажет деп тапты. Сократ философия тарихында ақиқатты талмай іздеген терең, дара ойшыл ретінде орын алып, сақталады.
Ол философия мен педогогиканың көкейкесті мәселелерін зерттеп, ғылымның кең жолына бет бұрған. Оқытуға ауызша баяндау әдісін енгізген, өзі эксперимент жасаған. Афин көшелеріне, алаңдарға, үй алдына көптеген адамдар жинап, сол кезеңнің ерекшелігі туралы жиі-жиі бас қосу жасап тұрған. Жинаған қауым оны “Сократтың индукциялық-өзіндік үздік ой– пікірлерін қабылдаған. Айнала орта туралы көптеген сұрақтарға жауап берген. Демек,ол осылай ойды философиялық оқу-ағартумен, тәрбиемен ұштастырған. Мұғалімнің танымдық ой-өрісін дамытудың педагогикалық жүйесін жасап ұсынған.
Сократтың педагогикалық ой-пікірлері этика-философиялық негізде жасалды. Ол адам табиғаттың рахымы мен байлығын,оның құдіретті күшін қоғамға, айнала ортаға жеткізуші екенін айта келіп, адамның өзі табиғаттың туындаушысы деген тұжырымға келді. Адам өзі өскен ортадан ешқандай зақым көрмейтін болсын-деді. Осы негізде ол тәрбиенің демократиялық бағытта дамуын қуаттады. Сондай-ақ ол бала қасиетінің, оның туа біткен кейбір ерекше қасиеттерін сақтап қалуды педагогтар мен ұстаздар еңбегінің жемісі болуы тиіс- деді.
Ұстаз бен шәкірттің арақатынасы туралы нағыз демократиялық бағытты ұстады. Ең біріншіден мұғалім үлкен беделге ие болады, сонда ғана оны оқушы сыйлайды. Бала білгенін ұмытпайтын болсын. Алайда ол мәңгүрттікке ұшырайды, ол үшін тәрбие құрғақ жаттауға құрылмайтын болсын, мазмұнының мәні артсын. Ол философиядағы әмбебаптық білім беруді жақтады. Қандайда оқу мен тәрбиенің түрі сатылы-басқыштық деңгейге көшсін, жүйелі білім жүйелі ұғым мен түсінікке баулиды. Одан жоғарылап бүкіл халықтық педагогика мен халықтық тәрбиенің негізі-түпнұсқа жасалады-деп өзі өмір сүрген заман үшін прогрессивтік идеяны қуаттады. Жеке тұлға дамуын жақтай отырып эстетикалық тәрбиені, этикалық парасаттылық, инабаттылық, қайырымдылық, ұждағаттылық, тағылымдық-талғампаздық-адам болмысының жүйелі дамуын көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет