Шәкәрім құдайбердиев педагогикалық көзқарастары. (1858-1931ж.) ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде қазақтың қоғамдық, әлеуметтік, рухани, мәдени, әдеби өміріне белсене араласып, гуманистік, адамгершілік, демокрттық, ағартушылық идеяларды уағыздаған Абайдың реалистік дәстүрін жалғастырып, артына мол мәдени мұра қалдырған Шәкәрім Құдайбердиев ақын, жазушы, аудармашы, философ, шежіреші, өз бетімен ғылыми-білім билігіне жоғары көтерілген әмбебап ғұлама еді. Сол кездегі қазақ қоғамы дамуының ішкі заңдылықтарына қарай әлеуметтік, экономикалық қайшылық, қақтығыстар, күрес-тартыстар шиеленісте, қазақ даласында қалыптасқан қоғамдық ой-сана тынымсыз ізденіске түскен, орталықта революциялық дүмпулер туған кездері Шәкәрім әдеби өмірге құлшына араласып, Шоқан, Абай, Ыбырай салған ағартушылық арна-дәстүрін әрмен қарай жалғастырды.
Қазақ әдебиеті мен мәдениетінің аса көрнекті өкілі, ұлы Абайдың ізін қуушы, оның немесе інісі Шәкәрім жеті жасында жетім қалса да атасы Құнанбайдың ерке немересі болып өмірден ешбір таршылық көрмей өсті. Жастайынан өнер-білімге, қаршыға, бүркіт салуға, домбыра тартып, ән салуға құмар болып, он бестен былай қарай өз бетімен ғылым жолына ойысып, білім өрісін кеңейтеді. Бірінші тілдерді (араб, түрік, парсы, орыс т.б.) меңгеріп, төл шығармалар жазумен қатар, басқа халықтардың рухани байлығына бойлайды, олардың кейбірін қазақ тіліне аударады.
1905-1906 жылдары Меккеге сапар жасап оралады, жолда Стамбул кітапханаларындағы рухани асыл мұралармен танысады. 1909-1910 жылдары оқу, жазу мен алаңсыз айналысу үшін ел ортасын тастап, оңаша елсіз жерге барып мекендейді. Сол жылдары оның қаламынан көптеген төл еңбектер туындайды. Солардің бірі «Түрік, қырғыз, қазақ Һәм хандар шежіресі» атты шығарма (1911). 1912 жылы «Қазақ айнасы» (бірінші бөлім), ертеректе жазылған «Қалқаман - Мамыр» мен «Еңлік - Кебек» поэмалары жеке кітап болып жарық көрді. Л.Н.Толстойдың қысқа әңгімелерін қазақ тіліне аударады. Шәкәрім көптеген философиялық, психологиялық (көбісі өлеңмен жазылған) шығармалардың авторы. Ал ән мен күй, музыка саласында жазған еңбектерінің өзі бір төбе. Қазан төңкерісінің әкелген жаңалықтар мен дүрілдей келген өзгерістер, бірі қирап, бірі түзіліс тауып жатқан құбылыстар аясында Шәкәрім белгілі себептермен әртүрлі көзқарастары ықпалында бола тұрса да негізінен ұстазы Абай салған гуманистік, демократиялық, ағартушылық көзқарасқа, өркениет жолында қызмет ету мақсатыны берілгендік, бекемдік танытты. Кеңес дәуірінде де оның жекеленген шығармалыр жарық көрді. Мәселен, «Абай» журналында «Хафизден аударма» және Физулидің «Ләйлі – Мәжнүн» поэмасынан еркін аударған нұсқасы кейіннен Сәке Сейфуллиннің алғы сөзімен Алматыда 1935 жылы жеке кітап болып басылып шықты.
Ұзақ жылдары үзілістен кейін 1959 жылы «Қазақ әдебиетінде» және 1978 жылы Лениенградта орыс тілінде шыққан «Қазақ ақындары» атты жинақта Шәкәрімнің бір топ өлеңдері жарық көрді.
Шәкәрім үлгі еткен өнер-білімді, адамгершілік ізгі қасиеттерді өзіне ұран тұтып, «Жастарға» деген өлеңінде былай дейді.
Қой, жігіттер, күн болды ойланарлық,
Білім, әдет, ақылды ойға аларлық.
Надандық еліріп босқа жүрсек,
Мына заман көрсетер бізге тарлық...
Асыл сол – ақыл, білім бойда барлық,
Айла, өтірік, арсыздық өнер емес,
Мен де анаудай болсам деп таласарлық.
Шәкәрімнің педагогикалық пікірлері әр кезде жол-жөнекей сөз еткен адамның жан сыры, психологиясы туралы айтқандарымен орайласып жатады. Ш.Құдайбердіұлы адамның жан дүниесінің дамып, қалыптасу жолын эволюциялық (тіршіліктің қарапайымнан күрделіге қарай біртіндеп дамуы) тұрғыдан түсіндіреді.