Пәннің тақырыбы: Қазақстандық және әлемдік психологиялық-педагогикалық ойлар тарихы


дәріс. ХІХғ-ғасырдың алғашқы жартысындағы педагогика және оның қазақ оқу-ағартуына әсері



бет45/81
Дата29.10.2023
өлшемі1,67 Mb.
#121156
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   81
Байланысты:
Педагогика тарихы л.с

7 дәріс. ХІХғ-ғасырдың алғашқы жартысындағы педагогика және оның қазақ оқу-ағартуына әсері.
Қазақ ағартушыларының ой-пікірлерінің қалыптасуы және дамуы. (2 сағ).


1. Шоқан Уәлихановтың ағартушылық идеялары.

  1. Ы.Алтынсариннің педагогикалық идеясы мен ағартушылық қызметі

  2. А.Құнанбайұлының ағартушылық көзқарастары мен тәрбие тағылымдары.

  3. Ш.Құдайбердіұлының тәлімдік көзқарастары.


Негізгі ұғымдар: оқыту, тәрбиелеу, білім алу, сауатын ашу, кәсіп қылу, ғылым іздеу, еңбектену, өнер үйрену.


Шоқан Уәлиханов (1835-1865 жж.). Шоқан Уәлиханов (шын аты- Мұхамедханафия) Шыңғысұлы (қараша, 1835, Құсмұрын бекінісі, қазіргі Қостанай облысы, сәуір, 1865, Алтынемел, қазіргі Алматы облысы) – қазақтың ұлы ғалымы, ориенталист, тарихшы, этнограф, географ, фольклорист, ағартушы, демократ. Омбының кадет корпусын бітірген (1853), Петербург университетінің тарих-филология факултетінде лекция тыңдаған (1861-1862). Арғы атасы – Абылай. Оның үлкен ұлы Уәли (1741-1821) – Шоқанның туған атасы. Уәли өліп, әкенің бас мұрагері – рның үлкен ұлы Ғұбайдолла (Абайділда) Сібірге айдалып кеткендіктен, хан шаңырағы хандық, билік Уәлидің кіші әйелі Айғанымда қалды. «Уәлидің бәйбішеден туған балалары әкесінің Ресей қол асытына қарағандығын мойындағысы келмей жатқанда, Айғаным мен оның балалары Ресейге адал ниетін сақтап қалды. Уәлиханның осы жесіріне Александр І аса бір ықылас білдірді. Сөйтіп, қазақ даласында оған сәулетті үй салып беруге әмір етті, сол үйде Шоқан Уәлиханов туып деі», деп жазды П.П.Семенов-Тянь-Шанский. Балалық шағы әуелі Құсмұрында (әкесі аға сұлтан болғанда), кейін Көкшетаудағы ата мекені Сырымбетте халықтың қайнаған ортасында өткен. Уәлиханов жас күнінде тарихи өлең, жыр, аңыз, әңгімелерді қызықтап, соларға құлақ түріп өскен. Тіпті Құсмұрындағы шағының өзінде «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырын жазып алғаны бар. Сырымбетте аңыз, жырлар, сюжетіне сурет салатын болған. Сөйтіп, табиғатынан алғыр, зерек баланың рухани бағыт-бағдары ерте қалыптаса бастайды. Ш. Уәлиханов әуелі Құсмұрында қазақ мектебінде оқып, арбша хат таниды. Дәстүр бойынша «жеті жұрттың тілін білуге» тиісті хан баласы Шығыс тілдерінен араб, шағатай тілін жасынан жақсы үйренген, кейінірек Орта Азияның түркі тілдерін меңгерген. 1847 жылы күзде 12 жасар Шоқанды әкесі Омбыға әкеліп, орыс достарының өмегімен Омбы кадет корпусына оқуға орналастырады. Сібірдегі ең таңдаулы оқу орны болып есептелетін бұл корпус, декабрист А.Завалишиннің сөзімен айтқанда, «ағартушылық пен патриотизмнің өркен жайған жері» болатын.
«Корпуста ой-өрісі, білімі жағынан Шоқан тез өсті, орыс жолдастарын басып озып отырды. Екі-үш жыыдан кейін-ақ Шоқан өз класындағылардың ғана емес, өзінен екі жас үлкендердің класындағыларды да идея жағынан басып охды» - дейді бірге оқыған досы Г.Н.Потанин. Шоқанның рухани өсуіне орыс әдебиетінің мұғалімі орианталист Н.Ф.Костылецкий (1818-1867), мәдени тарихи курсын жүргізген айдаудағы ғалым Гонсевский, әдебиетші В.П.Лободовский (Н.Г.Чернышевскийдің жас кезіндегі досы, кейін идеялас әріптесі) елеулі ықпал етеді. Костылецкий арқылы 1852 жылы Шоқан мен И.Н.Березин арасындағы тікелей досытқ қатынас басталады. Березиннің тапсырмасы бойынша Шоқан Тоқтамыстың «Хан жарлығына» талдау жасайды. Бұл – оның алғашқы ғылыми жұмысы.
Осылайша, Шоқан корпустың мұғалімдер мен Омбының алдыңғы қаталрлы интеллигенциясының көзіне түседі. 14-15 жасар Шоқанға мұғалімдері болашақ ғалым, зерттеуші деп қарайтын еді. Шоқан тарих, география кітаптарын бас алмай оқиды. Сирек кездесетін көне кітаптарды қол жете бермейтін фундаментальдық кітапханадан алып оқуға корпус басшылары оған арнайы рұқсат еткен. Орал, Еділ, Каспий алабын, Оңтүстік Сібір, Байкал, Алтайды зерттеген П.С.Палластың (1741-1811) «Саяхатын», Еділ, Каспий, Оралдың тарихы мен этнографиясын жазған. П.И.Рычковтың күнделікті жазбаларын әсіресе, кітаптардың туған жерге арналған беттерін қызыға оқыған. Жас Шоқанның білімдарлығын, Шығыс әдебиетін жақсы білетіндігін С.Ф.Дуров, Семенов-Тянь-Шанский, Г.Н. Потанин, Н.М.Ядринцев жоғары бағалаған.
1853 жылы Уәлиханов кадет корпусын бітіріп, атты әскер корнеті атағын алып шығады. Сібір казак-орыс әскері 6-атты әскер полкіне офицер болып тағайындалады. Іс жүзінде Батыс Сібір генерал-губернаторының кеңсесінде қалдырылады. Бір жылдан кейін Батыс Сібір мен Қазақстанның солтүстік-батыс аймағын басқарған генерал Г.Х.Гасфорттың (1790-1874) адьютанты қызметіне белгіленеді. Екінші жағынан Батыс Сібір өлкесінің Бас басқармасы оны айрықша тапсырмаларды орындайтын офицер етіп ұстайды.
1856 жылы Шоқан М.М.Хоментовский басқарған әскери-ғылыми экспедицияға қосылады. Экспедиция қырғыз елін жете зерттеуге, Ыстықкөл аймағының картасын түсіруге тиіс болады. Бұл Шоқанның ғылыми жұмыс жүргізуіне мүмкіндік ашады. Осы жылы ол «Манасқа» назар аударады. Іленің басындағы Манас жорық жасады деген қаланың орнын барып көреді. Маусымның ортасында Ыстықкөлге жетіп, оның шығыс, солтүстік-шығыс жағалауының, тау асуларының картасын түсіреді. Бірнеше маршрутта Шоқан Семенов-Тянь-Шанскиймен бірге жүреді. Онымен 1856 жылы көктемде Омбыда Гутковскийдің үйінде танысып, содан былай дос боп кеткен. 1856-1857 жылдары екеуі Жетісуда жиі кездесіп, бірге ғлыми жұмыстар жүргізген. Жетісу, Тянь-Шань сапарларында Семенов-Тять-Шанский Орта Азия мәселесіне келгенде Шоқанды ғана бедел тұтқанын жазған. Экспедицияда Шоқан ориентологиялық, энтомологиялық коллекция жинап, гербарий құрастырады. Жетісу, Ыстықкөл аймағының фаунасы мен флорасын зерттейді. Ыстықкөлдің картасын жасауға қатынасады. Сол алаптағы қираған көне қаллардың мәдениетіне – көне заманғы суару жүйелерінің, архитектуралық мұралардың қалдықтарына, этнографикалар мен тас мүсіндерге үңіледі. Ресей қол астындағы Жоңғарияда, әсіресе, Іле бойында отырықшылықтың болғанын анықтайды. Алакөлден Тянь-Шаньға дейінгі жерді түгел шарлаған ол қырғыздың Бұғы, Сарыбағыш, Солту руларында болып, қырғыз халқының шежіресін, өлең, жыр, аңыздарын, «Манас» жырын жазып алады. Ш. Уәлихановтың тарих, география саласындағы даңқы Петербург ғалымдарына жетіп, 20-дан жаңа асқан Шоқанды 1857 жылы 27 ақпанда Орыс География қоғамының толық мүшесі етіп сайлайды. Бұл – оның орыс ғылымы алдындағы зор еңбегін мойындағандықтың белгісі еді.
1858-1859 жылғы Қашғария сапары Шоқанның ғылым ағартушылық саласындағы творчествосы жаңа белеске көтеріліп, дәуірлеп өсуіне жол ашты. Петербургте Шоқан орыстың Шығысты зерттеуші ғалымдарымен, әсіресе, «Орыс География қоғамы» жазбаларының редакторы профессор А.Н.Бекетовпен, Азия департаментіндегі Е.П.Ковалевский, Ф.С.Остен-Сакенмен, Петербург университетінің профессоры, Құлжада консул болған И.И.Захаровпен тығыз байланыс жасайды. Захаровпен бірге Азия департаментінің жоғары мектебінде түркі тілінен сабақ береді. Ш. Уәлихановтың пәтеріне В.Б.Григоррьев, В.П.Васильев, В.В.Вельяминов-Зернов т.б. жиі келіп тұрады. Петербургте Шоқан ғылыми, әдеби, журналдарға қатысады, энциклопедияға мақала жазады. Шоқанның материалдарын Қазақстан, Орта Азия, Ыстықкөл туралы еңбек берген А.Ф.Голубев, Д.И.Романовскийлер пайдаланады. Бас штабтың офицерлері одан алып тұрады.
Науқас (туберкулез) меңдеген Шоқан дәрігердің ақылымен 1861 жылы көктемде туған елге аралады. Ел ішінде тұрып, туған халқының екі бірдей қанаудың астында езілгенін көрген Шоқан 1862 жылы Атбасар округінің аға сұлтаны болуға ризалық білдіреді. «Елдестеріме пайдамды тигізу үшін аға сұлтан болғым келді, оларды чиновниктерден, қазақ байларынан қорғамақ болдым. Сондағы ең алдымен көздегенім - өз басымның мысалы арқылы жерлестеріме оқыған аға сұлтанның пайдалы екенін көрсету еді», - депті ол Достаевскийге жазған хатында
Аз өмірінде Ш. Уәлиханов Қазақстан мен Орта Азия халықтарының тарихына, географиясы, этнографиясы, фольклорына және қоғамдық-саяси құрылысына арналған көптеген құнды еңбектер қалдырды. Қазақстан географиясында – балқаш пен Алакөлдің бұрын бір тұтас су айдыны болғандығы және Жоңғар қақпасынан соғатын Ебі желі туралы ғылыми деректерді алғашқы келтіруші де сол. Ол Березиннің «Хан жарлығына» рецензиядан кейін Жалайыридің «Жәми-ат-тауарихын» зерттеп, оның негізі тарауларын алғаш рет орысшаға аударды, ондағы Шығыс терминдерінің сөздігін жасады. «Шайбани-наме», «Шежре-и түрік» Абулғазы тунындылары негізінде теориялық мәні зор «Қазақтың шежіресі» атты еңбек берді. «Жәми-ат-тауарихты» Шоқан сирек кездесетін тарихи шығарма, қазақтың XV-XVI-XVII-ғасырдағы тарихи аңыздарының жиынтығы деп таниды. Кейін «Бабур-наме», «Тарихи-и-Рашидиге» терең үңілген ол өз еңбектерінде солардың деректерін орынды пайдаланды. Өле-өлгенше Бас Штаб пен Азия департаментінің қызметкері болып есептелді. Меңдеген ауруына шипа таба алмай, 1865 жылы сәуірде Шоқан Уәлиханов Алтынемел жотасының етегіндегі Көшентоған жеген жерде Тезек ауылында қайтыс болады.
Заманында дүние жүзі ғылымына елеулі үлес қосқан Ш.Уәлихановтың барлық саладағы еңбектері әр кезеңде де жоғары бағаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет