Байланысты: № 5 Шеткері қанайналым жүйесі патофиз-сы
Қан құйылудың түрлері: Гематома қанның тіндерде жинақталып ұйып, тіннің бүтіндігін бұзуы және қуыстың түзілуі. Әр түрлі қуыстарға қанның құйылып жинақталуы: М: гемоторакс, гемоперикардиум, гемоперитонеум, гемартроз
Геморрагиялық сіңбелену тіннің бүтіндігі бұзылмай қан құйылу: қан тамырдың маңында эритроциттердің жинақталуынан нүктелі(петехия) және нүктелердің бірігуінен экхимоздар, пурпура жатады.
Шок: организмге шамадан тыс күш әсер еткенде, тіннің қанмен толуының күрт төмендеуімен жүретін генерализацияланған жедел қан айналым бұзылысы. Шоктың түрлері: гиповолемиялық, кардиогенді, сепсистік, нейрогенді, анафилактикалық. Шок кезінде негізгі қан айналым бұзылысының морфологиялық өзгерісіне қан ұюының бұзылысы, ҚШҰ синдромы, микроциркуляция қан айналымының шунттануы.М: шокта бүйректің проксимальді өзекшелері ауыр дистрофиялық және некробиоздық өзгерістерге шалдығып, некро нефроз дамиды.