Тромбоз-тамыр ішінде қан жасушаларынан тұратын қатпарлардың пайда болуы. Кемерлік қан қатпарлары тамырдың қабырғасына бекіп, оның саңлауын тарылтады, жүректе, ірі қан тамырларында жиі дамиды. Тығындық қан тамырлары ұсақ артериялар мен көктамырларда кездеседі және оларды бітеп қалады. Құрамына қарай ақ, қызыл және аралас тромбтар болады. Ақ тромб тромбоциттерден, лейкоциттерден тұрады. Қызыл тромб эритроциттерден, аралас тромб қызыл және ақ тромбтан тұрады. Тромб пайда болуының жағымды жағы- қан тамырларының жарақаттануында тромбтың дамуы қанның ұйып,организмді қансыраудан сақтайды. Егер тромб артерияны бітесе, сол артериямен қанмен қамтамасыз ететін аймақтың ишемиясы дамып инфарктыға әкеледі. Тромбтың бактериялық ыдырауында бүкіл организмде іріңді ошақтар пайда болады. Кейде тромб беріштеніп, кальций тұздарының жиналуынан қатайып қалуы ықтимал (кальцификация). Тромбоздың ең ауыр асқынуы-тромбтың бөлшектеніп үзілуінен тромбоэмболияның дамуы.
Эмболия-қан және лимфа ағымымен келген заттармен қан тамырларының бітелуі. Экзогендік эмболия ауамен, газбен (сүңгуірлерде) , құрттармен, бактериялармен, бөгде заттармен бітелгенде дамиды. Эндогенді эмболия ауыр жарақаттарда үзілген тромбтармен, тіндермен, майлармен бітелгенде дамиды. Әдетте эмболдар қан ағымымен бағыттас қозғалады, кей кездерде қан ағымының баяулауынан эмбол өзінің салмағының әсерінен кері қозғалуы мүмкін, бұндай эмболияны ретроградтық эмболия деп атайды. Парадоксальдық эмболияда жүрекшеаралық немесе қарыншааралық перделерде ақаудың болуынан эмбол кіші қан айналымына түспей бірден үлкен қан айналым шеңберіне өтеді.
Эмболдардың орналасуына байланысты кіші қан айналым эмболиясы, үлкен қанайналым эмболиясы,қақпа венасының эмболиясы деп бөлінеді.
Артерия қан тамырларының эмболиясы сол артерияның қанмен қамтамасыз ететін аймағының ишемиясына, кейін инфарктына әкеледі. Веналардың эмболиясы веноздық гиперемияға әкеледі, ісінулер дамиды.
Қан айналым бұзылысының төрт варианты бар: Қанның реологиялық қасиетінің бұзылуы( стаз, сладж феномен, тромбоз, ҚШҰ синдромы, эмболия)
Қан тамырының тонусының реттелуінің бұзылуы( шок)
Қан кемерінің толуына қарай толақандылық (венозды және артериялық), қан аздық (ишемия)