Артерия спазмының даму механизмі. Жасуша сыртындағы механизм – тамыр қабырғасында түзілетін, қанда ұзақ уақыт айналатын вазоконстрикторлы заттардың (серотонин, катехоламин) әсерінен артериялардың жиырылуы.
Мембранды механизм – артериялардың тегіс етті жасушаларының плазматикалық мембраналарының реполяризация процесстерінің бұзылыстары.
Жасуша ішілік механизм – жасуша ішіндегі кальций иондарының өтуінің бұзылысынан немесе қысқартушы ақуыздар – актин және миозиннің қызметінің өзгеруінен тегіс етті жасушалардың жиырылуымен сипатталады.
Эмболия (Еmboloia - ішке тарту) — қан мен лимфада бірге айналып жүрген, бірақ қалыпты жағдайда кездеспейтін бөлшектердің болуы және олардың тамыр өзегін бітеп тастауы.[1] Бұл аурудың даму себептеріне белгілі бір заттың бөлшектерінің қан ағысымен жылжып келе жатып, бір жерді бітеп қалуы жатады. Осыдан соң қантамыры бітеліп, қан жүрмей қалады және бұл бүкіл қан циркуляциясын бұзады. Бұл ауру қауіптілер қатарына жатады, себебі адам өліп кетуі мүмкін. Қантамырын бітеп қалатын бөлшектерге бекіген жерінен үзілген тромб түгелдей немесе оның кішкентай бөлігі жатуы мүмкін. Сонымен қатар эмболдар (яғни, эмболияны тудыратын бөлшектер) атеромалық бөлшектерден, холестериннің кристалдары мен жілік кемігі бөлшектерінен түзілуі мүмкін. Егер дәрілік заттардың көмегімен қан ұйындыларын еріту мүмкін болмаса, хирургиялық ем қажеттігі туындайды.