Эмболиялар пайда болатын орындар: -кіші қан айналу шеңберінің артерияларында
-үлкен қан айналу шеңбері артерияларында
-бауырдың қақапа вена жүйесінде
Склероздық өзгерістер – қан тамырдың тесігін тарылтады, артериялардың созылмалы қабынулары (артериит) қан жүрісін баяулатып, ишемияға әкеледі.
Әкелуші артериялардың сырттан қысылуы компрессионды ишемия тудырады (ісіктер, тыртықтар, басқа текті заттар, жгут). Мидың компрессионды ишемиясы бас сүйек ішкі қысымы көтерілгенде болады.
Ишемиядағы микроциркуляция. Әкелуші артерияларда кедергілердің жоғарылауы ағзалардың микротамырларындағы қысымның төмендеуіне және екіншілік тарылуына әкеледі. Ұсақ артериялар және артериолаларда қысымның төмендеуі артериа венозды қысымның айырмашылығының төмендеуіне, капиллярлардағы көлемдік, сызықтық жылдамдықтың баяулауына әкеледі, микрососудтардың тесіктері бітеліп, жұмыс істейтін капиллярлар саны азаяды. Ағзаға әкелінетін О2, қоректік заттар азаяды, зат алмасу заттары жиналады. Тамыр қысымы төмен болғандықтан жасуша сұйықтығы ұлпаға өтуі азаяды, жасуша аралық сұйықтық азайып, лимфа ағысы тоқтайды.
Ишемиялық белгілері – ұлпаның қанмен қамтамасыз етілу дәрежесіне және микроциркуляция өзгерісіне байланысты. Ишемия аймағы бозғылт болады (қан тамырларының тарылуына, эритроциттердің аздығына байланысты). Ағза көлемі кішірейеді (қан толуы азаяды, ұлпа сұйықтығы азаяды), температурасы түседі.
Ишемиядағы компенсаторлы жағдайлар қанның коллатеральды жолмен әкелінуіне байланысты. Бұл ағзалардың анатомиялық, физиологиялық факторларына байланысты.
1.Артериалды анастомоздары жақсы дамыған ағзалар (ми). Анастомоздардың көлемінің қосындысы бітелген артерия көлеміне сай, бұл жағдайда ағзаның қан айналымы бұзылмайды.
2.Артерияның анастомоз сандары аз болғанда, ағзаның қанмен қамтамасыз етілу дәрежесі азайып, ауыр ишемия инфарктқа әкеледі.
Ишемияда бүкіл ағза артериялары дилятациясы (кеңеюі) дамып, ағзаның қанмен қамтамасыз етілуі жоғарылайды.
Ишемиядағы ұлпалар өзгерісі. Әр-түрлі ағзалардың ишемияға мезімталдығы әр-түрлі. ЖЖЖ өте сезімтал, мидың ишемияға ұшыраған аймағының қызметі бірден бұзылады. Келесі орындарда жүрек, бүйрек т.б. ішкі ағзалар. Қаңқа бұлшық еттерінің ишемиясы ауырсынумен, жасызданумен, қызметінің бұзылуымен сипатталады. Ишемия тез арада тарқамаса инфаркт дамиды.
Ми ишемиясы және компенсациясы. Ми ишемиясы әкелуші артериялардың бітелуінде – тромбоз және эмболияда, артериялардың патологиялық спазмында дамиды. Анастомоздардың көптігіне байланысты қанмен қамтамасыз етілу тез орнына келеді.