Перифраздары


БЕЙНЕЛІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІНІҢ КӨРКЕМ



Pdf көрінісі
бет26/80
Дата26.10.2022
өлшемі1,63 Mb.
#45500
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   80
БЕЙНЕЛІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІНІҢ КӨРКЕМ 
ШЫҒАРМАЛАРДАҒЫ СТИЛЬДІК ҚЫЗМЕТІ 
ЖƏНЕ ОЛАРДЫ АУДАРУДЫҢ КЕЙБІР 
АМАЛДАРЫ
Жоғарыда біз тұрақты тіркестердің түрлері жəне 
олардың зерттелуі жайында біраз деректерді бердік. 
Ептеп олардың сөйлеуімізде атқаратын қызметінің де 
біразын көрсеткендей болдық. Бұлардың зерттелуі мен 
классификациясына едəуір тоқталуымыздың себебі 
мынау: фразеологизмнің түрлерін, олардың өзара 
өзгешеліктерін жете ұқпай тұрақты тіркестерді аудару 
мəселесін сөз етудің мəні жоқ. Ендеше бұлардың көркем 
əдебиеттегі кейпін, сан алуан қызметін айқындау 
аударманың негізгі проблемаларының бірі.
Фразеологиялық единицалардың көркем əдебиетте 
қолданылу сапасын сол тұрақты сөз тіркестерінің əр 
түрінің өз қасиеттерінен бөліп қарауға болмайды. Ол 
қандай қасиеттер. Жалпы сөз өзара қатынас құралы 
есебінде негізінен екі түрлі қызмет атқарады; номинативті 
(сөздің атаулы қасиеті) жəне коммуникативті қызметте 
жұмсалады. Яғни сөздер, сөз тіркестері атаулы күйде 
жəне қатынас құралы есебінде жұмсалады. Атау түріндегі 
тіркестердің бəрі де номинативті – үлкен үй, жақсы 
жазады, өте қатерлі т.б. Бұлар заттың, қимылдың, 
құбылыстың атауы ретінде. Кейбір фразеологиялық 
тіркестер де осындай номинативті қызметке ие.
Коммуникативті қызмет атқаратын көбіне-көп 
сөйлемдер. Бұлар ойласу, бір нəрсе тұралы біреуге 
хабар беру түріндегі тиянақты, түбірлі ойдың түйіскен 
түрі. Сөздердің бұлай өзгеруінде екі грамматикалық 
тірек (бастауыш пен баяндауыш), екі логикалық тірек 
(субъект жəне предикат) бар. Дəл осы сияқты тұрақты 


122
сөз тіркестері де коммуникативтік қызмет атқарады. 
Бірақ фразеологиялық единицалардың ерекшелігі осы 
екі түрлі қасиетпен шектелмейді.
Көркем əдебиет үшін бұлардың ең қажетті белгілері 
мынадай бірнеше қосымша қызметіне байланысты. 
Фразеологиялық единицалар өзінің табиғатында сөй-
леуімізді образды бейнелі-айшықты етуге бейім. Қысқа, 
нақты, тұжырымды сөйлеуге баулиды. Сөйлеуіміздің 
эмоционалды-экспрессивті бояуы күшті болады. Жəне 
айтылған пікір өмірдің көптеген құбылыстарынан 
қорытылып жинақталған сөз тəрізді даналық сипат 
алады. Осыған қоса сөзіміз терминологиялық дəлдікпен 
түсініледі. Сондай-ақ сөзімізді мағыналы, мəнді етуде 
фразеологизмдер көп жеңілдік жасайды.
Сөздің образды-бейнелі болуы дегенді қалай 
түсінеміз. Ауыспалы астарлы, метафоралы тіркестерді 
орнын тауып дəл қолдана білсе, сөйлеуіміз əдемі, 
əсерлі, образды болудың үстіне ұйқасты-ырғақты əуенге 
көшеді. Фразеологиялық единицалардың бəрі бірдей 
тілімізді дəл осындай əсерлі, бейнелі ете бермейді. 
Мұндай мəндегі тіркестер көбінесе метафоралы 
пішіндегі 
фразеологизмдер. 
Яғни 
құрамындағы 
бір, екі не барлық сөздері астарлы мағынада болып 
келетін тұрақты сөз тіркестері тілімізге бөлекше өң 
беріп, ажарландырып тұрады. Ал фразеологизмдердің 
ауыспалы, астарлы мағынасы болуы деген өмірдегі 
неше алуан заттар мен құбылыстарды жəне олардың 
өзара қатысы мен ерекшеліктерін соншама дəл, көпке 
түсінікті қарапайым формада, əрі əсем, көтеріңкі, əрі 
көркем тілмен жеткізу деп түсіну қажет. Мысалы, 
«өте асығыс» дегенді мұрнынан шаншылу, «шапшаң, 
лезде» дегенді қас пен көздің арасында немесе көзді 
ашып жұмғанша, «момын» дегенді қой аузынан шөп 


123
алмас т.б. айтар едік. Метафоралы фразеологизмдер 
заттарды өзгеше құлпыртып, əсем жасандыратыны 
сондай, тіпті əлгі заттың өзін көрмей-ақ қолмен ұстап, 
көзбен көріп тұрғандай боласыз. Міне, сондықтан да 
мұндай фразеологизмдерге жазушылардың қай-қайсысы 
болсын мейлінше əуес. Метафоралы фразеологизмдерді 
«сөз арқылы пластикалық бейне жасаудың аса көрнекті 
құралы» [67] деп М. Горькийдің өзі де бекер айтпаған.
Образды-мəнерлі тұрақты тіркестердің ішінде мақал-
мəтелдердің қызметі өзгеше. Акад. Ф.И. Буслаевтың 
мақал мен мəтелді кішігірім көркем шығарма [68] 
есебінде қарауы заңды. Шынында, халық мақал-
мəтелдері өмір шындығынан сығымдалып шыққан 
шағын шығарма іспетті.
Жазушылардың творчестволық ісінде метафоралы 
фразеологияның таптырмайтын тағы бір қасиеті – 
эмоционалды-экспрессивтік ажары. «Тілің кесілгір», 
«Тіліңе шиқан шыққыр» десек қатты ренішті, ашуды 
білдіреміз. «Мығым» деудің орнына мұрнын балта 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет