Перифраздары



Pdf көрінісі
бет2/80
Дата26.10.2022
өлшемі1,63 Mb.
#45500
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   80
ҚАЗАҚ 
ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРІ 
МƏСЕЛЕЛЕРІ


4
КІРІСПЕ
*
Жер бетінде ежелден өмір сүріп келе жатқан 
халықтардың көбі осыдан жарты ғасыр бұрын бір-
бірінің дүниеде бар екені жайлы да бейхабар болатын. 
Бірақ дүниені дүрліктірген ұлы оқиғалар бұйығып 
жатқан елдердің өміріне орасан өзгерістер əкелді. 
Ғылымның, техниканың дамуына байланысты халықтар 
арасындағы кеңістіктер жақындасып, қашықтықтар 
қысқарды. Енді адамдар өз үйінен алысқа ұзамай-ақ бір-
бірін біле бастады. Осының нəтижесінде ортақ мүдде, 
бірегей мақсат, соған орай бірегей сөздер пайда болды. 
Бірақ адамдар тілінің əртүрлілігі бұрынғы қалпынша 
қала берді де, халықтар достығының дəнекері ретінде 
аударма өнері жандана бастады.
Аударма араласпайтын, аударма қатыспайтын мəдени 
өмірдің бірде-бір саласы жоқ.
Аударма деген сөздің ауқымы (аумағы) кең. Бір тілден 
екінші тілге өлең, көркем проза, ғылыми жəне ғылыми-
көпшілікке арналған əрқилы еңбектер, дипломатиялық 
құжаттар, ісқағаздары, саяси қайраткерлердің мақа-
лалары мен шешендердің сөздері, газет материалдары 
т. т. толып жатқан дүниелер аударылуы мүмкін. Мұның 
бəрінде де аудармашыға қойылатын талап, аударма 
теоретиктерінің айтуынша, екі ыңғайда көрінуге тиіс:
1) Аударманың мақсаты – түпнұсқа мəтінін тіл 
білмейтіндерге таныстыру;
*
Ескерту: Ғалымның «Аудармадағы фразеологиялық құбылыс» 
атты монографиясы 1975 жылы «Ғылым» баспасынан жарық 
көрген болатын. Сол кеңестік кезеңнің тілдік ерекшеліктеріне 
оқырман қауым түсіністікпен қарайды деген ойдамыз. – Ред.


5
2) Ал аудару дегеніміз – өзге тілдің құралдарымен 
баяндалған мазмұнды екінші тілдің құралдарымен 
барынша толық əрі дəл жеткізу деген сөз.
Шынында, аударма өнерінің мəселелерін жан-жақты 
талдап беру оңай дүние емес. Өйткені «Құшағың 
жетпесті құша алмайсың» («Нельзя объятъ необъятное») 
деп Козьма Прутков айтпақшы, аударманың сала-
саласын бір шағын жұмыстың көлемінде түгел тексеру 
мүмкін болмас еді.
Аударма – осы заманның өз мұқтаждығына сай туған 
өнер. Оның мəселелерін қарастыру деген сөз – дүние
жүзі халықтарының ынтымақ, бірлігінің жаршысы болу 
деген сөз. Өйткені халықтардың өзара қарым-қатысы-
ның күшеюі, бір-бірімен жақындасуы заманымыздың 
жарқын белгілерінің бірінен саналмақ.
Халықтардың өзара ынтымағы мен достығынан 
туындап жатқан жарқын ойлар мен жалынды істер 
лаулағанда «ошақ басында отырып қалу» жөн емес. 
Ендеше ұлттық мəдениетіміздің даму, өркендеу жайы 
оның интернационалдық сипатына тікелей қатысты 
екеніне дау жоқ.
Дарқан мəдениетіміздің бір ұшы аудармаға ойысып 
жатады. Мəдени өміріміздің қандай бір саласын алсаңыз 
да, аударма араласпаған, аударма қатыспаған түрін табу 
қиын. Осыдан келіп біз барша адамзат мəдениетін біріне-
бірі жалғаса, ұласа жарасып жатқан байтақ жазира деп 
ұғар болсақ, соған дəнекер, оны селбестірер əр жұрттың 
қолындағы пəрменді құралдың бірі – аударма екенін 
айқын аңғарамыз.
Кешегі кеңестік дəуірде жүзден аса ұлт өмір сүрді. 
Еліміздің осы көп ұлттың құрамы аударма мəселелерінің 
мəн-маңызының қаншалықты екенін айқын танытса 
керек. Өзге туыс халықтар сияқты қазақ халқы үшін де 
аударманың атқарып отырған қызметі ерекше.


6
Біз бүгінгі таңда əлем классиктерінің шығармаларын, 
дүниежүзі мəдениетінің асқан үлгілерін өз ана тілімізде 
оқи алатын дəрежедеміз. Прогрестік мəні өзгеше бұл 
үдеріс негізінен орыс тілінен ұлт тілдеріне жəне кері 
аудару ісі арқылы іске асып жатқаны кімге болса да 
аян. Қай тілдің, қай халықтың болсын жұртшылықтың 
рухани жан дүниесін байытар қазынасын біз осы орыс 
тілінің дəнекерлігі нəтижесінде меңгерудеміз. Қазір орыс 
тілінен аударылған сансыз дүниелерді қарап отырсақ, 
біз ғылым саласында да, көркем əдебиет саласында 
да əлемнің төрт бұрышында болған, болып отырған 
небір оқиғаларды оймен, көкірек көзбен көңілге түйер 
дəрежеге жеткен екенбіз.
Бүгінгі тірлігімізге, тынысымызға ауадай қажет не 
түрлі рухани азықты орыс тілі арқылы алып отырмыз. 
Аударма бізді орыс халқының шалқыған мəдениетінің 
түпсіз мұхитына еркін жүздіріп, телегей сезімге бөледі. 
Яғни орыс тілінен аударылған дүниелер негізінде біз өз 
тіліміздің орасан мол мүмкіндігін ашып отырмыз.
Осыған қарағанда аударманың біздің мəдени 
өмірімізден алатын орны орасан зор екені байқалады.
Белгілі бір ұлт əдебиетінің даму дəрежесін, заң-
дылықтарын білу үшін де оны көрші əдебиеттермен 
байланыстыра зерттеуге тура келеді. Мəселен, қазақ 
əдебиеті мен əдеби тілінің бүгінгі деңгейге дейінгі даму 
өрісін орыс əдебиеті мен тіліне байланыстыра қарамасақ, 
көп мəселеде олқы түсер едік. Ал сол өзара байланыс, 
қарым-қатынас дегеніңіз аударма арқылы жүзеге аса-
тыны анық. Мұндай қарым-қатынастың əдебиет пен 
тілге тікелей əсері болары тағы да даусыз.
Аударма, сонымен бірге, туған əдебиетіміздің эсте-
тикалық мүмкіндіктерінің молаюына, əдеби тіліміздің 
байи түсуіне айрықша əсер етеді. «Переводы необ-
ходимы и для образования нашего еще не устано-
вившегося языка; только посредством их можно 


7
организовать из него такой орган, на коем можно будет 
разыгрывать все неисчислимые и разнообразные варианты 
человеческой мысли» [2], – дейді В.Г. Белинский. 
Көптеген тіл білімпаздарының, əдебиетші ғұламалардың 
зерттеулеріне қарағанда, Белинскийдің осы пікірді айтқан 
уақытынан бері орыс тілі ең бай тілдердің біріне айналып 
отыр. Мұнда аударма əдебиеттің алатын үлесі мол.
Қалыптасқан көзқарас бойынша əр тілде сөйлейтін 
халық мекен еткен əлемді жəне сол халықтардың мəдени 
мұрасын танып білу тек аударма арқылы мүмкін. Əрине 
бұдан кез келген аударма түпнұсқаны толығымен танытар 
дəрежеде деген қорытынды жасалмауы тиіс. Сонда да 
кез келген аударма, оның ішінде, əсіресе, көркем аударма 
басқа тілдің асылдарымен жасалған шығарманы екінші 
тілдің құралдарымен қайта жасау болып табылады. 
Бұл процесс əр алуан халықтардың өзара қарым-
қатынасы негізінде тарихи дəлелденген жəне жасалған 
тəжірибелер мұның əбден мүмкін екенін көрсетіп отыр. 
Ал енді бұл аудармалардың сапасы, салмағы т.б. түрлі 
қасиеттері деген мəселенің бəрін көркем аударманың 
теориясы тексеруге тиіс. Аударма теориясы осындай 
қажеттіліктен келіп туған.
Біздің негізінен көңіл қойып отырғанымыз – көркем 
аударма. Яғни көркем əдебиеттің екінші елге сапары 
жайлы деп те айтса болар еді мұны.
Аударманың тарихына үңіліп қарасақ, ел мен елдің, 
халық пен халықтың өзара ұғысу, жақындасу ниеті 
ертеден-ақ пайда болған ақиқатты байқаймыз. Оған 
дəлел – əр жұрттың өмірінде замандар бойы жалғасып 
келе жатқан аударма өнерінің үлгілері. Əсіресе, 
аударманың өзге үлгілерінен гөрі көркем туындылары 
бір халықтан екінші халыққа, бір тілден екінші тілге 
жеделірек жетіп отыратыны. Халықтың рухани тілек-


8
талабынан келіп туған өзге елдің көркем шығармаларын 
аудару процесі келе-келе өзіндік принциптері мен 
қағидаларын алға тартады. Аударудың əрқилы тəсілдері 
мен заңдылықтары бой көрсетеді.
Сөйтіп бір халықтың əдеби мұрасын екінші елдің 
рухани қазынасы етуді мұрат тұтқан адам аудару 
үстінде екі тілдің өзді-өзіне ғана тəн неше алуан 
ішкі заңдылықтарының сырына үңіліп, аударудың 
өзіндік заң-жобаларын түзе (сыза) бастайды. Əрбір 
тіл арасында аударма арқылы болып жататын неқилы 
салыстыру, салғастыру дегендердің бір жүйеге түсіріліп, 
саралануы қажет екенін ертеден ұққан азаматтар осы 
жөнінде өз пікірлерін айтып, жазып отырған. Мəселен, 
дүниежүзілік мəдениеттің алтын қорын аралап кетер 
болсақ, сонау ертедегі Рим дəуірінің алыптары – Ливий 
Андроник, Цицерон, Гораций, Квинтилиан т. б. бастап, 
жиырмасыншы ғасырға дейінгі аударма проблемаларына 
арналған сан алуан теориялық пікірлердің болғанын 
тарихтан білеміз.
Сол дəуірлер сырын танытатын бұл қағида, көз-
қарастардан аңғарылар бір нəрсе: аударманың қай 
дəуірде болсын қоғамда үлкен рөл атқаратыны. Яғни 
қоғам дамуындағы əрқилы өзгерістердің жүзеге асуына 
аударманың да елеулі қызметі болғанын Ф. Энгельстің 
мына бір сөзінен аңғаруға болар еді: «Своим переводом 
библии Янтер дал в руки плебейскому движению 
мощное орудие... Крестьяне всесторонне использовали 
это орудие против князей, дворянства и попов»[3].
Əрбір дəуірдің дамуына қарай аударманың əрқилы 
принциптері бой көрсеткен. Сонау ерте дəуірдің өзінде-
ақ еркін аударма мен сөзбе-сөз аударма пайда болған. 
Əріпқойлық діни əдебиеттерге деген «киелі» көзқарастар 
негізінде қалыптасса, еркіндік римляндықтардың 
гректің бай əдебиетінен үйрену талабынан туса керек. 


9
Шындығында, тарихқа жүгінсек, сол кезеңде грек 
əдебиетінің римляндықтар əдебиеті мен тіліне тигізген 
əсері ұшан-теңіз. Бұдан ұғатынымыз: аударманың тіл 
мен əдебиетке тигізер əсерінің қай кезде де мол екендігі. 
Тағы бір ескеретін нəрсе, сонау ерте кезде-ақ бой 
көрсеткен аударманың бұл екі тəсілі күні бүгінге дейін 
ұласып келе жатқаны. Көп дау, талас-тартыс осы екі 
принцип маңында өрбиді.
Қайта жаңғыру (эпоха Возрождения) дəуірі твор-
честволық істің жаңа мұраттары мен түрлерін тарата 
отырып, аударманың рөлін көтеріп тастады. Бұл кезде 
Германияда аударманың əрқилы принциптері көріне 
бастайды. Тіпті бөтен тілдің синтаксисіне дейін 
жеткізуді талап еткендер (Никлос фон Виле) де, қайта 
өңдеуге дейін баратын еркіндікті талап етушілер (Генрих 
Штейнхавель, Альбрехт фон Эйб) де болған. Англияда 
поэтикалық түрлердің қандайын болсын ұлттық өңге 
айналдыру арқылы əдебиетін дамыту ағымы болған 
екен.
Францияда аударма патша сарайындағы аристократтар 
талғамына лайықты жасалып отырған. Яғни ол кезде 
еркін аударма етек алғаны байқалады.
Əрқилы елде əр алуан принциптері қалыптаса бас-
таған аударма тəжірибесін түбегейлі тексеріп, оны 
ғылым ретінде теориялық жүйеге салып қарастыру 
қажеттігі осылай келіп туды.
* * *
Аударма мəселесіне арналған алғашқы теориялық 
еңбектер XVІІІ ғасырда шыға бастаған. Мəселен: 
Германияда Хоттингердің «Нечто новейшей фабрика-
ции переводов из греков и римлян» деген, Англияда


10
Тайтлердің «Эссей о принципах перевода» деген 
еңбектері жарық көрген. Мұның соңғысын жақсы 
аударманың негізгі принциптерін анықтап берген 
(түпнұсқаның идеясын, стилін жəне жазу мəнерін беру. – 
Ө.А.) еңбек ретінде аудармашылар мен теоретиктер күні 
бүгінге дейін пайдаланып жүр. Осы еңбектер шыққан 
кезеңде аударма жəне аудармашылар жөнінде екі түрлі 
пікір болған сияқты. Оның бірі – түпнұсқа авторын 
аудармашы еліне алып келіп, өз жерлесі ету де, екіншісі, 
керісінше, аудармашының автор еліне түбегейлі көшуі. 
«Автордың жағдайымен түбегейлі танысу үшін оның 
еліне бар» дейтін принципті немістің ұлы ақыны Гете 
ұстанған.
Батыс Европа мəдениетінің тарихынан аударма 
теориясына қатысты əрқилы пікір айтып, еңбек жазған 
талай ғұламаларды (мəселен, аударманы шешуі жоқ 
жұмбақ деп ұғатын Гумбольдт, «перевод – смерть 
понимания» дейтін Мориц Гаупт, «автордың жанын 
беруге тырыс» дейтін Шлейермахер т.б.) келтіруге 
болады. 
Аударма теориясын сөз еткенде, оның қалыптасуына 
тікелей қатысы бар ұлы орыс мəдениеті өкілдерінің 
пікірлеріне тоқтамай өте алмаймыз. Ресейде алғаш 
еркін аударма принциптерін қолдап, сол жайында 
пікір айтқан Ломоносов, Сумароков, Тредиаковский, 
Державиндер, т.т.
«Переводчик прозы – раб, переводчик поэзии – 
соперник» деген əйгілі қағидасымен орыс аударма 
өнерінде өзінің айтулы ізін қалдырған В. А. Жуковскийдің 
жөні бір бөлек.
А.С. Пушкин, М.Ю. Лермонтов айтқандарынан 
аударма теориясына негіз боларлық жəне соның дамуына 
едəуір септігін тигізген жайды аңғарамыз. Сондай-
ақ, Белинский, Чернышевский, Добролюбов, Писарев 


11
сынды сыншылардың аударма жөніндегі қағидалары өз 
алдына бір бөлек зерттеу объектісіне лайықты дүние. 
Бұлардың соңынан акад. Веселовскийдің үлгісі шықты. 
Осы мектептің өнегесін үлгі тұтқан аудармашылар саны 
молайды. Алайда, қайсыбір зерттеулерге жүгінсек, 
бұлар жасаған аудармалардың біразынан түпнұсқаны 
орыстандыру, творчестволық ерекшеліктер жағынан 
кедейлену айқын байқалар еді.
XІX ғасырдың соңғы кезеңінде тіл білімінде үстем 
бола бастаған декаденттік ағым мен психологизм 
аудару өнеріне деген пессимистік көзқарасты таратып 
жіберді (Потебня). Ал түрге əуестенушіліктің, қашан 
да, əркімнің өз басының талғамына лайықты аударма 
жасауға итермелейтінін аударма тарихынан білеміз. 
Жалпы Қазан төңкерісіне дейінгі аударма теориясына 
қатысты пікірлердің қысқаша шолу жасағандағы сипаты 
осындай. Осы қысқаша шолудың өзінен-ақ аударма өнері 
ғылым ретінде қалыптасып, оның принциптері, өзіндік 
заңдылықтары теориялық тұрғыдан тексеріліп, жүйелі 
жолға салынбағанын анық аңғаруға болады.
Аударманың бүкіл халықтық сипатқа ие болуы 
А.М. Горький есіміне тікелей байланысты. Кеңестік 
кеңістікті мекен еткен халықтар əдебиетінің тамаша 
үлгілерін баршаға ортақ қазына ету талабы аударма 
процесін 
бұрынғыдан 
əлдеқайда 
жандандырып 
жіберді. Алексей Максимович ұлттар əдебиетінің орыс 
тіліне аударылуын ғана емес, олардың бірінен біріне 
аударылуын да арман етеді. Аударма ісінің бүкіл халықтық 
мəні бар мəселе екеніне қатты көңіл бөле отырып, 
ол аудармашыларға қатаң талап қояды. Аудармамен 
айналыса бастаған творчество өкілдеріне, бұл мəселенің 
принциптері мен қағидаларын қарастырып, теориялық 
еңбек жазуын тапсырады. Өйткені бұған дейінгі 


12
аудармаларда əркімнің қалауынша əрқилы жасалған 
жарамсыз үлгілер көп болатын. Олардың көбін қайта 
қолға алып, ғылыми негізде қайта жасау қажеттігі туды. 
Мұндай аса жауапты мəселенің дұрыс жолға қойылуы 
үшін аудармашыларды аударманың ең қарапайым да 
түсінікті қағидаларымен қаруландыратын теория керек 
еді. Сөйтіп, 1919 жылы аударма теориясының əліпбиі 
жасалды. Мұны алғаш қолға алған аударманың аса 
көрнекті теоретиктерінің бірі, ол кездегі жас əдебиетші 
К.Чуковский [4] болатын. Кейін бұл еңбек əлденеше 
толықтырылып, жаңартылып басылып отырды [5].
Аударма теориясына қатысты алғашқы еңбекті жазар 
алдындағы қиындықты К. Чуковский былай есіне алады:
«Однажды Алексей Максимович, во время заседания 
нашей коллегии обратился ко мне с вопросом, с каким 
обращался к другим:
– Что вы считаете хорошим переводом? 
Я стал в тупик и ответил невнятно:
– Тот... который... наиболее художественный...
– А какой вы считаете наиболее художественным?
– Тот... который... верно передает поэтическое 
своеобразие подлинника.
– А что такое верно передать? И что такое поэтическое 
своеобразие подлинника?
Здесь я окончательно смутился» [6].
Міне, сол алғашқы кітапша шыққан жылдан бері 
аударманың мəселелерін əрқилы көзқарастар тұрғысы-
нан қарастырған əр алуан еңбектер пайда болды [7]. 
Аударма өнерінің ерекшеліктері мен заңдылықтарын 
таратып, талдай алатын тамаша теоретиктер өсіп жетілді. 
Олар – М.П. Алексеев, А.В. Федоров, Г.Гачечиладзе,
И.А. Кашкин, О.Кундзич, А.В. Кунин, Ю.Д. Левин,
П.М. Топер, Я.И. Рецкер, В.М. Россельс, В.Е. Шор т. б.


13
Қазақстанда да аударма мəселесіне байланысты 
біраз еңбектер жарияланды [8]. Республикамызда 
шығатын барлық газет-жорналдарда аударманың 
түбегейлі мəселелері туралы үзбей ғылыми ой-
пікірлерін жазып келген М.Əуезовтің, М.Қаратаевтың,
С.Талжановтың, Ə.Сатыбалдиевтың, Т.Əлімқұловтың, 
Ə.Ипмағамбетовтың, Е.Букетовтың, Қ. Қанафиеваның, 
А.Жовтистің, Е.Ғабдіровтың, Ш.Сарыбаевтың, Ə. Нұр-
пейісовтың, М.Əлімбаевтың, С.Нұрышевтың т.б. 
ұсынып отырған қағидалары бұл проблеманың ғылым 
ретінде қалыптасуына едəуір септігін тигізгені мəлім.
Бұларға қоса аударма проблемаларына арналған 
Бүкілодақтық, 
республикааралық, 
республикалық 
кеңес-мəжілістер көптеген күмəнді, түсініксіз жайларды 
теориялық тұрғыдан ғылыми талқыға салып, саралап 
шықты. Əрине бұл мəжілістер аударма теориясының 
əр алуан мəселелерін түбегейлі шешіп берді деп айту 
ертерек. Алайда ден қоюға тұрарлық бір ақиқат, аударма 
өнерінің бүгінгі таңда филология ғылымының ерекше 
бір саласы ретінде танылып, оның даулы-даусыз 
мəселелерінің нақты ғылыми жолмен тексеріле бастауы. 
Дəлелдеме, дəйектемелерге негізделген мұндай ғылыми 
бағыт аударма проблемасының көптеген мəселелерін 
нақтылы шешуге, сөйтіп аудармашыларға қиындық 
туғызып келген кейбір жайттар жөнінде қажетті 
принциптерді ұсынуға едəуір септігін тигізгені хақ.
Бұл үлкен проблеманың қағидаларын талдап беруде 
əрқилы көзқарастар күні бүгінге дейін жалғасып 
келеді. Аударма өнерінің мəселелерін тексеруде əр
ғылым саласы келіп түйісіп жатады. Əдебиет, тіл, 
психология, тарих, этнография, математика, т.т. Мұның 
ішінде аударманың өзіндік объекті (егер осылай айтуға 
болса. – Ө.А.) тіл мен əдебиет болуға тиіс. Өйткені 


14
көркем аударманың тексеретін мəселесі белгілі бір тілде 
жазылған көркем туындының екінші бір тілдегі көрінісі. 
Осыдан келіп аударманы зерттеу саласында тілшілер 
мен əдебиетшілер арасында əр алуан көзқарастардың 
болатыны ақиқат.
Жалпы, теориямен айналыспаған аудармашының 
аударманың қазіргі талабына лайықты іс бітіруі неғайбіл. 
Советтік аударма теориясының бүгінгі талабы дегенде 
біз көркемдігі жағынан дəл, толыққанды аударманы 
айтамыз. Қанша дегенмен, өз бетінше, өз қалауынша 
аудармамен айналысушы адам білгенін өзімен ала кетеді 
де, оның қолы жеткен ақиқат жұмбақ күйінде қалады. Ал 
теория сондай көптеген тəжірибелерді қорыта келіп, қол 
жеткен табыстарды көпке ортақ дүниеге айналдырады.
Аударманың ғылыми қағидаларын ортақ мүддеге 
айналдырушы теоретиктердің бұл жөніндегі ұстанған 
принциптерін үш түрге бөліп, топтап əңгімелеуге болар еді.
Олардың бірі – аударманы əдебиеттану ғылымының 
еншісіне беріп, оны таза творчестволық құбылыс 
ретінде қарастыратындар. Мəселен, И.А. Кашкин,
А.А. Смирнов, И.Брагинский, В.Роосельс, В.Шор т.б. 
пікірлері негізінен осы ыңғайда түйісіп жатады.
Ал проф. А. В. Федоров бастаған тілшілер қауымы-
ның көбі аударманы тіл білімінің объектісі ретінде зерт-
тейді. Бұлардың қатарына Л.С.Бархударов, Б.А.Ларин, 
Я.И. Рецкер т.б. жатады.
Бұл екі көзқарасты жалғастырып, аралық ұстанымда 
тұрған үшінші бір топ аударманы өз алдына бөлек 
сала ретінде тексереді. Яғни аударма негіздері тіл мен 
əдебиет қағидаларына сүйенсін дейді. Өзінің дəлелді 
теориялық тұжырымдарымен аударма ғылымының 
дамуына бөлекше үлес қосқан Г.Гачечиладзе мұны 
былай түсіндіреді: «Аударма теориясы лингвистика 


15
мен əдебиеттану ғылымының аралығында тұрған, 
өзіндік орны бар өзгеше ғылым». А. Лейтестің де: «Она 
могла бы стать наукой об осмыслении и воссоздании 
художественных произведений средствами другого 
языка, показывая на материале многих литератур, как 
читательское сотворчество перерастает в сотворчество 
писательское», – деген пікірінен Г. Гачечиладзе ұсынып 
отырған принциптерді қолдайтынын аңғарамыз. Үш 
топтың өкілдері аударма проблемаларын осылай əрқилы 
тараптан тексеруді талап ете отырып, іс жүзінде бірінің 
мəселесін бірі қамтып кете береді.
Мəселен, аударманың көркемдік қасиетіне, эмоция-
лық, эстетикалық əсеріне айрықша мəн беріп, алдымен 
тек соның жеткізілуін қадағалайтын зерттеушілер, кейде 
еріксіз, сол көркемдік ерекшеліктерді жасауға тікелей 
қатысты тілдік құралдарды талдап кетеді. Ал, керісінше, 
тіл мамандары əлгі тілдік факторларды талдай келе, 
бұлардың көркем құрал есебінде атқаратын қызметін 
саралайды. Осылай болуы заңды. Өйткені, біздің 
ойымызша, көркем аударма əдебиет пен тілге тікелей 
қатысты. Егер мұны құсқа теңеп бейнелеп айтсақ, құстың 
қос қанатсыз ұша алмайтыны сияқты, көркем аударма 
да əдебиет пен тіл қағидаларынсыз дами, өркендей 
алмақ емес. Міне сондықтан да, біз көркем аударманың 
өз заңдылықтарына орай жасаған соңғы тұжырымды 
құптаймыз.
Аударманы шығармашылық үдеріс деп оның 
эстетикалық мəніне, əсеріне баса назар аударатындар 
мен лингвистикалық мəселе ретінде тексеретін тілшілер
де бұл проблеманы бір жақты сөз ететін тəрізді. Өйткені 
аударма мəселесінде бұл екеуін бөліп, олардың екінші 
тілдегі көрінісін жеке-жеке іздестіру тиімсіз. Бұлай 
аударма проблемаларын түбегейлі тексеру мүмкін 


16
емес. Шындығында, аударманың шығармашылық 
үдеріс екеніне ешкім дау айта алмаса керек. Ал сол 
шығармашылық үдеріс екінші тілде қалай, немен 
жеткізілуге тиіс? Егіздің сыңарындай, тіпті бірінен- 
бірі туып, біріне-бірі жалғасып жатқан құбылыстың 
жігін ажыратып, байланыссыз қарастырудың қажеті 
қанша. Ал аударманың шығармашылық үдеріс екеніне 
дауымыз болмаса, мұның тек тіл құралдары арқылы іске 
асырылатыны тағы анық. Сонда, теориялық топшылау 
жасағанымызда 
мұны 
«эмоциялық 
мəселелері» 
немесе «лингвистикалық мəселелері» деп бөлек-бөлек 
қарастыруға негіз бар ма?
Бізге айқын нəрсе, аудару процесінде де, теориялық 
сараптама жасау барысында да лингвистикалық 
құбылысты эстетикалық-эмоциялық əсерден бөлуге 
тіпті болмайтындығы. Өйткені əдемілік дегеніңіз 
лингвистиканың 
функциясына 
жатады. 
Көркем 
контексте лингвистикалық құбылыстың осындай қызметі 
байқалмайтыны белгілі. Лингвистикалық элементтегі 
эстетикалық қызмет (функция) дегеніміз көркем 
туындыда бір сөзді жазған замат немесе оны аударған 
бойда көрінеді. Осы айтып отырған эстетикалық əсер 
дегеніңізді алсақ, ол тіл құралдары арқылы жасалады. 
Сөйтіп, аудармада бұл екі процестің екеуі де қатынасады. 
Онсыз аударманың жасалуы мүмкін емес.
Тілдің əрбір элементі көркем контекске ене отырып, 
сапалық өзгеріске ұшырайды. Яғни лингвистикалық 
құралдардың қабілеттілігі көркемдік мəн-мағынаға 
айналып жатады. Сондықтан да: «В диалектическом 
единстве лингвистического и художественного, в 
способности отмеченного качественного превращения 
и состоит возможность преодоления основного 
противоречия, выраженного в формуле – перевод 


17
прекрасного с одной лингвистической системы на 
другую»[9], – деген теоретик О. Кундзичтің пікіріне 
қосылуға тура келеді.
Осы тұрғыдан алғанда «... область художественного 
перевода начинается там, где кончается область языко-
вых сопоставлений» [10], – деген Г. Гачечиладзенің... 
«пусть он (тілді айтып отыр – Ө. А.) будет подчинен 
определенному художественному или идейному за-
мыслу, но сам по себе представляет материал чрезвы-
чайно богатый» [11], – деп түсінетін А.Федоровтың 
пікірлері де дау туғызады.
Көркем шығарманы жеке алып қарағанда, əрине, 
ол көркем туынды есебінде эстетикалық əсер ететін 
категория. Біз оны оқығанда ондағы сөйлем мүшелерін 
талдап жатпай-ақ таңдай қағамыз. Ал енді сол шығар-
маны аудару қажет болса, не сол аударманы талдау керек 
болса, оны бірнеше бөлікке, материалға бөлуге тура 
келеді. Сөйтіп лингвистикалық сараптаудың қажеттігі 
туады. Əдеби-лингвистикалық байланысты осындай 
бірлікте қарау қажет.
Қазақ аударма өнерінің тарихына үңілсек, дəл осы 
тектес аражігі айқын, анық пікірлер бар деп айту қиын. 
Мұнда біз мынау тілшілер ұсынған, мынау əдебиетшілер 
ұсынған пікір деп бөліп-жарып жатпаймыз. Тек бір 
ескерте кететін жай мынау: аударманы өнер деп ұғатын 
жазушы, журналистер қауымы мұны тек əдебиеттің 
тексеретін саласы деп танитыны [12]
Тілші ғалымдар тарапынан бұл жайында айтылған 
үзілді-кесілді пікірді кездестіре алмаймыз. Мұның 
мəнісі арнайы зерттелмегендіктен бе деп ойлаймыз. 
Ал кейінгі тұжырымның, яғни аударманы əдебиет пен 
тіл арасындағы құбылыс деп қарайтын көзқарасты 
қолдайтын зерттеушілер де бар. Мəселен, аудармашы 


18
ғалым Ə.Сатыбалдиевтың бұл турасындағы қайсыбір 
ойлары реалистік аударма ғылыми теоретиктерінің бірі 
Г. Гачечиладзенің кейбір пікірлерімен үндесіп жатады.
Көркем 
аударма 
теориясының 
аудармашылар 
ұстанған тəсілдері қайсы, бүгінгі таңда ұстанатын 
тəсілдері қайсы? Біз кіріспенің басында халықтар 
арасында достық қатынастың дəнекері ретінде пайда 
болған аударма өнерінің о бастан-ақ екі түрлі тəсілі бой 
көрсеткенін айтқан едік. Олар, сөзбе-сөз аударма мен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет