Перифраздары



Pdf көрінісі
бет27/80
Дата26.10.2022
өлшемі1,63 Mb.
#45500
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   80
Байланысты:
Ө.Айтпаев Қазақ фразеологизмдері

кеспейді десек əлдеқайда əсерлі. Немесе өрескел
епетейсіз қылықты – түйе үстінен сирақ үйіту деп 
берсе, сол əрекетті айна-қатесіз көз алдыңызға келті-
ресіз. Осы сияқты мысалдарды топтап келтіруге болады.
Жіктеп, саралап, салалап айтар болсақ, фразеология-
лық единицалардың көркем əдебиеттегі ролі сан 
алуан. Оның қилы-қилы қызметін М.Горький шығар-
маларындағы фразеологизмдердің аударылу жайын 
талдау барысында айтылатын болғандықтан əзірге 
осымен тежелеміз.
Фразеологиялық орамдар жалпы барлық стильде 
қолданылады, бірақ əрқилы ыңғайда қызмет атқарады. 
Ғылым жəне ресми-іс стилінде, жалпы əдеби, стильара-
лық тұрақты тіркестер атау күйінде (номинативті 
қызметте) жұмсалса, көркем əдебиетте, публицисти-


124
када, сөйлеу тілімізде ең алдымен фразеологизмдердің 
экспрессивті-стилистикалық жағына аса зор мəн бе-
ріледі. Əсіресе күнделікті ауызекі сөйлеу тілінде, кітаби 
тілде мол кездесетін фразеологизмдердің мəнерлі 
мүмкіндіктері қатты ескеріледі. Жоғарыдағы мысалдарға 
қараңыз.
Көркем əдебиет пен публицистикада фразеологиялық 
орамдарды қолданудың бірнеше жолы бар. Жазушылар, 
публицистер фразеологизмдерді сол күйінде ғана алып 
қоймай, белгілі мақсатқа орай оларды өзгертіп, құлпыр-
тып та жібереді. Фразеологизмдердің семантикасын, 
құрылысын жəне экспрессивті-стилистикалық қасиетін 
жақсартып, жаңғыртып отыратын да тұстары бар. 
Жаңадан мағыналық реңк алып, бірнеше көркемдік 
қасиетке ие болады. Сөздердің байланысу қабілеті 
молаяды. Өйткені кейбір ғалымдарымыздың айтуына 
қарағанда, жазушылардың фразеологиялық творчест-
восы бұрыннан бірігіп тұрақтанған сөздердің үйрен-
шікті қалпын жасаңғыратуында [69] болса керек.
Осы жаңарту, жаңғыртуда авторлық өрістер бірдей 
болмайды. Əркімнің творчестволық мүмкіндігі, білімі, 
шеберлігі əрқилы болуына орай фразеологизмдерге 
енгізілетін жаңа бояулар, жарқын ажарлар да алуан-
алуан болып келмек. 
Тұрақты сөз тіркестеріне жататын мақал-мəтелдер де, 
идиомдар да, қанатты сөздер де стилистикалық мақсатта 
қолданылады. Бұлар барлық жанрда көрінеді. Өте икемді, 
қысқа орамдар көркем шығармаға өзі тіленіп «жұтынып» 
тұрады десе де болар еді. Мақал-мəтелдердің образдылық 
қуатын Н.В. Гогольдің мына бір сөзі айқын танытса 
керек: «В пословицах наших … видна необыкновенная 
полнота народного ума, умевшего сделать все своим 
орудием: иронию, насмешку, наглядность, меткость, 
живописного изображения…»


125
Көркем əдебиетте мақал-мəтелдер кейіпкерлердің 
ішкі жан-дүниесін, психологиялық мінез-құлқын, 
сөйлеу мəнерін суреттеу үшін қолданылады. Бұларды 
түрлендіріп, аса шеберлікпен пайдалануда, орыстың 
ұлы жазушысы Александр Максимович Горькийдің 
тəжірибесі таптырмайтын үлгі. Мақал-мəтелдердің, 
идиомдардың жəне фразеологиялық единицалардың 
басқа түрлерінің көркем əдебиеттегі бейнелеу, суреттеу 
құрал ретіндегі қызметінің алуан-алуан сипатын, 
қасиетін М. Горький шығармаларынан айқын көруге 
болады. Халықтық нақыл сөздердің табиғатын мейлінше 
терең түсінген жазушы өзінің жазуды, ең алдымен, 
мақал-мəтелдерден үйренгенін ашық айтады. «Я очень 
много учился на пословицах – иначе: на мышлении 
афоризмами», – деп жазады М. Горький. Яғни – «Мен 
мақалдардан көп өнеге алдым, басқаша айтқанда: нақыл 
сөздермен ой толғап үйрендім» [70].
Халық тарихын жəне оның əлеуметтік-саяси ой 
пікірін білу үшін, ең алдымен ертегілерге, аңыз-
əңгімелерге, мақал-мəтелдерге айрықша назар аудару 
қажеттігін айтады. «Шынында да, мақал-мəтелдер халық 
бұқарасының ой-өрісін өте айқын көрсетеді, сондықтан 
да жас жазушылардың осы материалмен танысуы аса 
пайдалы»[71]. М. Горькийдің мақал-мəтелдерге құмар 
болуының басты себебін мына айтқан пікірінен де анық 
ұқсақ керек: «Пословцы и песни всегда кратки, а ума и 
чувства вложено в них на целые книги».
Сөйтіп жазушы сөз бен ой-толғауды ежелден машық 
еткен. Ол «пословица век не сломится» деген тəрізді 
мақалдарды еске ала отырып, тілдің табиғатында 
даналық өсиет айтуға бейім болғанын дəлелдейді. Өзінің 
жазушылық өнеріне осы халықтық нақыл сөздерді тірек 
етеді. Міне, сондықтан фразеологизмдер жайында, 


126
оның аударылу процесі хақында пікір болғанда 
М. Горькийдің пікірлерінің мəні ерекше. Нақыл сөзді 
барынша көп қолданатындықтан да Л.Н. Толстой 
М. Горькийді кінəлаған болатын. Оның ойынша 
М. Горький кейіпкерлері «ылғи бір көсемсіген шешендер» 
боп көрінетін. Бірақ жазушының мақсаты кейіпкерлерді 
қалайда данышпан етіп көрсету емес, олардың өмір 
туралы пікірін таныту үшін керемет дөп түсіп жататын 
мақал-мəтелдер пайдаланады. Жəне олар əлгіндей 
фразеологиялық единицалардың жеке өзін жаттап айта 
бермей, өзінше өңдеп, бұрып, өзгеше құбылтып сөйлеп 
кетеді. Көпшілігінің қарапайым сөздерінің де мақалға 
бергісіз болатындығының себебі осында. М. Горький 
əрбір сөздің, бір афоризмнің, мақал-мəтелдердің ішкі 
мазмұнына үңіліп, олардың ойлы, астарлы, айшықты 
ажарын аңдайды. Сөздердің, тұрақты тіркестердің 
халықтық этимологиясын көркем шығармада ойната білу 
шеберлігі орыс жазушыларының ішінде Лесковтан соң, 
осы М. Горькийде айрықша байқалатынын зерттеушілер 
дұрыс көрсетіп жүр. 
Біз жазушылардың сөз қолдану қабілетін қарағанда 
жеке сөздердің, сөз тіркестерінің спецификалық 
ерекшеліктеріне қоса, жалпы халықтық тілдегі сөздердің 
семантикалық даму мүмкіндіктерін де анықтаймыз. 
Нағыз суреткер тілдің осындай айрықша қасиеттерін дəл 
танып, оларды шебер пайдаланады.
М. Горький шығармаларындағы фразеологизмдердің 
қолданылуынан мынадай жағдайлар аңғарылады. 
Мұнда сөздердің фразеологиялық тіркесінің кеңеюі 
жəне олардың əрқилы өзгеріске түсуін көреміз. Мəсе-
лен, бұрын тіркеспеген, бір-бірімен байланысқа түспеген 
сөздерді жазушы алуан түрлі құбылту нəтижесінде 
қилы-қилы қызықты комбинация құрады. Мұндай 


127
жаңашылдықтың бəрі де əрине тілдің заңдылықтарына 
мүлде қайшы келмей, қайта сөздердің тіркесу қабілетіне 
сай фразеологиялық топтар негізінде жасалады. Сонда 
көптеген сөздер мен жаңа жасалған тұрақты тіркестердің 
семантикасын анықтап, олардың көркемдік ажарын, 
мүмкіндігін толықтыра түседі.
Жазушының халықтан ала бөтен тілі жоқ, сонымен 
бірге оның шығармаларының тілі жалпы халықтық 
тілмен тепе-тең де бола алмайды. Фразеологизмдер 
жалпы халықтық тілдің шұрайлы бір элементі, тобы, 
яғни бұларды да сол халықтық тілмен тығыз байланыста 
қарау керек. Сонымен бірге олардың өзгешелігін 
де айыра білген дұрыс. Бұларды белгілі бір көркем 
туындыда қолданудың реті біркелкі емес. Ол бірінші-
ден – автордың талғамына, екіншіден – шығарманың 
мазмұн-мақсатына, үшіншіден – жанрына байланысты. 
Жазушы сол шығармасында айтпақ ойын, оқырманға 
білдірмек мақсатын жалпы халықтық тіл мен əдеби 
тілдің бай материалын барынша мол пайдалана отырып 
баяндайды жəне ол ойды қалай болса, солай емес, мей-
лінше түсінікті, шебер жеткізуге тырысады. Ал жазушы 
тілін түсінікті, əсерлі, дəмді ететін бейнелеу құралдарының 
бірі – фразеологизмдер, мақал-мəтелдер, идиомдар. 
Бұларды қолдануда жазушылардың əрқайсысы əрқилы 
тəсілдерге барады. М. Горькийдің шығармаларында 
айрықша рөл атқаратын мұндай афоризмдердің сыр-
сипатын жете білмейінше, аудармашы жұмысының 
нəтижесі шамалы.
М. Горький тілінің басты ерекшелігі жалпы халықтық 
тілмен тығыз байланыстылығында. Жазушы тілі 
халықтық дегенде біз осыны ескереміз. Өйткені ол 
жалпы халықтық фразеологияны молынан пайдаланған.
Заманның даму ерекшелігіне орай əлемдік əдебиет 
майданына келген М.Горький шығармаларының идеясы, 


128
мазмұны, тілі дəуірдің салмақты жүгін арқалағаны 
мəлім. Біз жазушы тілінің басты ерекшелігі дегенде 
жалпы халық тілімен жазушының өз творчествосының 
қабысуын айттық. Бұл да сол дəуірдің шындығына орай 
тіл дамуының негізінде туған талап болатын. Оның 
үстіне «чем богаче язык выражениями и оборотами, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет