Перифраздары



Pdf көрінісі
бет24/80
Дата26.10.2022
өлшемі1,63 Mb.
#45500
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   80
Бірінші тəсіл. Бұл тəсіл бойынша мақал-мəтелдер 
құрамындағы 
сөздердің 
заттық 
жəне 
бейнелі 
мағынасына қоса олардың құрылыс пішінін, астарлы 
мəнін де толық сақтап аудару мүмкін екенін көреміз. 
Егер мұны кеңейтіңкіреп айтсақ, былай болып шығар 
еді. Мақалдың мазмұны мен формасын түгел сақтауға 
əбден болады. Аударма мақалдарды жəне өзіміз тəжірибе 
ретінде аударып байқаған мысалдарды қадағалап 
карағанымызда бірсыпыра жайлар анықталады. Бұл 
тəсілмен көптеген мақал-мəтелдер аударылған екен. 
Зерттеп байқағанда əлі жүздеген мақал-мəтелдерді осы 
тəсілге салып аударуға болатыны белгілі болды. Бұдан 
екі тіл заңдылықтарының ешбіріне зиян келмейтіні 
де дəлелденді. Қайсыбіреулері алғашқы да тосындау 
көрінгенмен, бара-бара қазақ тілінің қалыпты күйіне 
түсті. Мына мысалдар осы айтылған пікірімізді дəлелдей 
алады деп ойлаймыз: жақсы даудан, жаман бітім артық 
(худой мир лучше доброй ссоры); балықшы балықшыны 
алыстан көреді (рыбак рыбака видит издалека); аңшы 
алдынан аң жортар (на ловца и зверъ бежит); тəтті 
өтіріктен, ащы шындық жақсы (лучше горъкая правда, 
чем сладкая ложъ); қасқыр да тоқ, қой да аман (и волки 
сыты, и овцы целы); қасқырдан қорыққан тоғай араламас 
(волков боятъся – в лес не ходитъ) т.б.
Екінші тəсіл. Мұнда мақал-мəтелдің мағынасы сай 
келгенмен, бейнелеу тəсілі сай келмейді. Яғни мақалда 
айтылатын ой, мазмұн бір бейнелі сөздермен беріледі. 
Былайша айтқанда, бұл жағдайда мақал-мəтелдердің 
мазмұны сақталады да, формасына өзгеріс енгізіледі. 
Өйткені олардың құрамындағы кейбір компоненттердің 
заттық мағынасын аздап өзгертуге тура келеді. Сол 
себепті бұлар – аударма тілде бұрын бар, ежелден 
қалыптасқан мақал-мəтелдерден басқашалау болып 


117
шығуы ықтимал. Бірақ ұқсастығы болады. Мысалы, 
«əлдеқайдан жаңғырық, білмей қалды аңырып» (слышал 
звон, да не знает, где он); «қорқынышты түс болса 
да, рақымшыл құдай бар» (страшен сон, да милостив 
бог); «орманға кірген сайын, отынға молығасың» (чем 
далъше в лес, тем больше дров); «шындық əрқашанда 
жеңеді» (правда всегда берет верх); «өткелін білмей, су 
кешпе» (не спросясь броду, не суйся в воду); «ауыр жүкке 
жегілме, жегілсең – егілме» (взялся за гуж – не говори, 
что не дюж) т.б. толып жатқан осы тектес аудармалардан 
мысал тізуге болады. Қарап отырсаңыз бұл тəсілмен 
берілген мақал-мəтелдер де тіліміздің байлығын мо-
лайтып, икемділігін арттыратынын көреміз. Мұндағы 
өзгерістердің көбі аса көзге түсе қоймайды. Түпнұсқа 
компоненттерінің қайсібірі аударылмаған. Бірақ олардың 
айтпақ, білдірмек ойы басқа бейнелі сөзбен жеткізілген. 
Кейбір сөздер ғана қалыпты қолданыстан шығып, жаңа 
үйірге қосылғандықтан, кейде ретсіздеу көрінуі де 
мүмкін. Алайда бұл үрке қараудың əсері. 
Тілдің негізгі функциясы қатынас құралы екенін 
ұмытпасақ, ондай-ондай жаңа қолданыс, жаңа өріссіз 
əдеби тіліміздің аясы кеңи алмайтыны мəлім. Ендеше тіл 
мəдениеті, оның баюы, дамуы дегендеріңізге осы екінші 
тəсіл əсері ерекше. Басқаша формадағы жаңа мақал-
мəтелдердің тосындау көрінуі осындай себептерден. 
Жаңа нəрсенің қалыпты ұғымға түсуі, сыюы қашан 
да қиын. Олай болса аудармашының шеберлігі деген 
мəселені де осы тұстан басымырақ іздестірген жөн. 
Өйткені, орыс тілінде ерекше сөздер тобымен бейнеленген 
мағынаны, екінші тілдегі басқаша бейнелі ұғым арқылы 
беру жеңіл нəрсе емес. Бұл жерде аудармашыға қос 
тілдің бүге-шігесін біліп қана қою аз, сол тілдердегі сөз 
байлығының ішкі мүмкіндіктерін, дамымалы-үдемелі 


118
қасиетін əр сөздің əлі аршылмаған бұқпантайлы мінезін 
мейлінше сезімталдықпен мүлтіксіз ұғатындай қабілет 
керек. Мұндай қабілетті талант немесе дарын деп те 
айтуға болар еді. Себебі əрбір істің, əрбір маманның 
өзіне лайықты, өзіне жарасымды таланты болмақ. Сөйтіп 
мақал-мəтелдерді аударудың бұл екінші тəсілі аударма 
ісінде мақызды құбылыстың бірі деп айтуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет