Перифраздары


ПЕРИФРАЗДЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ТОПТАРЫ



Pdf көрінісі
бет42/80
Дата26.10.2022
өлшемі1,63 Mb.
#45500
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   80
ПЕРИФРАЗДЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ТОПТАРЫ
Перифраздың қолданылу мүмкіншілігінің молды-
ғынан оны тақырыптық топтарға да бөлуге болады. 
Өмірдегі кездесетін əртүрлі құбылыстарға байланысты 
бірнеше топтардың түрлері болуы мүмкін. 
Біз үлгі үшін мына төмендегі топтарды алып отырмыз:
а) табиғат құбылыстарына байланысты перифраздар;
ə) өсімдіктерге байланысты перифраздар;
б) батырлық, ерлікке байланысты перифраздар;
в) қыз-келіншектерге байланысты перифраздар;
г) жан-жануар, құстарға байланысты перифраздар;
д) тұрмыс-салтқа байланысты перифраздар;
е) адамның жан-дүниесіне байланысты перифраздар;
ж) сұлулық, əдемілікке байланысты перифраздар.
ТАБИҒАТ ҚҰБЫЛЫСТАРЫНА БАЙЛАНЫСТЫ 
ПЕРИФРАЗДАР
Адам – табиғаттың төл баласы, жалғасы. Сондықтан 
адамзат ерте кезден-ақ өзін қоршаған табиғи ортаның, 
туған жердің табиғатына ерекше назар аударып келген. 
Табиғат тақырыбының дүниежүзі əдебиетіндегі ірі 
классик ақындарының барлығының шығармаларының 
ішінен елеулі орын алатыны – осының айғағы. Ақындар 
əр дəуірде, əр жағдайға лайықты табиғатты əртүрлі 
жырлады. Біреулер табиғат арқылы өмір сүруді, 
екіншілер табиғатты суреттеу арқылы көңіл-күйін, 
көзқарасын айтып берсе, көп жағдайда олар табиғатты 
суреттей отырып, адамның сезім-күйін, оны қоғаммен 
тығыз байланыста алып көрсетті. Қазақ тіліндегі 
табиғат құбылыстарына байланысты перифраздардың 


186
пайда болуын халықтың тұрмыс-тіршілігі, негізгі 
шаруашылық кəсібі, əлеуметтік жағдайымен түсіндіруге 
болады. Күн көрісі табиғатпен байланысты болған қазақ 
елі туып-өскен жерінің географиялық жағдайын, жан-
жануарларын, тау-тасын, өсімдік дүниесін, табиғатын 
жақсы білумен қатар, жыл он екі ай бойы бұлттың 
қабағына, күннің райына көз тігіп өмір сүрді. Сондықтан 
да табиғатты суреттегенде ақынның тілі бояуға қанық, 
көркем болады.
Ақ сандық əлі батқан жоқ. Жазғы майдай кеш. Көк 
судай ашық (Ж. А.).
Шаш мөлдір моншақтарды
Тарт кемпірқосақтарды (С. Мəуленов).
Төңкерілген көк кесе,
Теңізді тұнық кезінде,
Жырлауға тілің жетпесе,
Обалың, ақын, өзіңде (С. Мəуленов).
Көк күмбездің астында көк масаты,
Сəулемен алтындаған сары белім (С. Торайғыров).
Ақ қант аспандағы сонда жауып,
Бал бұлақ таудан, тастан орғылаған (С. Ж.)
Ақ қар жапты даланы,
Ақ жамылды айнала.
Отырып кім қалады,
Тоңатұғын қай бала («Қазақ əдеб»).
Келтірілген үзінділердегі перифраздар көркемдіктің 
тамаша үлгілері болып табылады. Күнді «ақ сандыққа» 


187
балау жəне оны қиюын тауып қолдану кез келген ақын-
жазушының маңдайына жазылмаған. Талантты суреткер 
Ж. Аймауытов «Ақ сандығым ашылды, ішінен жібек 
шашылды» деген жұмбақта тұрған «ақ сандық» деген 
тұрақты перифразды алып, «күн əлі батқан жоқ» деудің 
орнына «Ақ сандық əлі батқан жоқ» деп отыр. Соның 
нəтижесінде күн бату қарапайым, үйреншікті құбылыс 
жайнап, жарқырап шыға келген. Бұл узуалдық жəне 
окказионалдық құбылыс қатар келіп, «ақ сандық» тіркесі 
ерекше мəн-мағынаға, өзгеше сипатқа ие болған.
Бір айта кететін жай мынау: өмірде сандықтың 
ақ, моншақтың мөлдір, күмбездің көк, қанаттың ақ 
болатыны жиі кездесетін нəрсе. Ал жоғарыдағы тіркестер 
құрамындағы сандық, моншақ, кесе, күмбез, қант сөздері 
коннотативтік, яғни ауыс мағынада қолданылып тұр, 
яғни олар өздерінің сыртқы формасы, бояуы жағынан 
өздері суреттейтін заттарға ұқсайды.
Жылдың көркі кеткенін,
Жастығы жылдың өткенін,
Білдіріп қайтты тырналар
Қоштасып шырқап тізіліп (С.С.).
Құлап сызды топыраққа,
Жатыр сонда ағай біздің,
Жапты талай жапыраққа,
Тамды жасы талай күздің (С. Мəуленов).
Қайғысыз мəңгі сəби періштелер,
Мəңгілік жайын тастап жерді құштың (С.С.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет