Перифраздары



Pdf көрінісі
бет40/80
Дата26.10.2022
өлшемі1,63 Mb.
#45500
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   80
Ақ күміс шашақ болып көрік бердің (С.С.).
Сусылдап жасыл ала жібек қанат,
Шырқайды жазғы өмірдің күйін күйлеп (Сонда).
«Жұмбақтас» – бейне арыстан шөгіп жатқан,
Айбатты жалбыр жалын төгіп жатқан (С.С.).
Қош бол, көк, көкшіл түсті жібек торғын,
Саянда жігіт болып өсіп-өндім (М. Мақатаев).
Бұл моделі бойынша жасалған перифраздардың 
мағынасы екі мүшелі перифраздармен бірдей. Тек 


175
мұнда ауыс мағынада қолданылып тұрған соңғы мүшені 
қабаттаса қолданылған сын есімдер мейлінше бейнелеп, 
айшықтай түседі.
в) «сын есім + зат есім + зат есім» моделі.
Көктің күні өрттей сөніп батқанда,
Қара барқыт шапанын түн жапқанда (С. Мəуленов).
Ажал жүрді қуып,
Ақ қанат періштелер (С. Мəуленов).
Ақ көйлекті,
Сұлу текті,
Жасыл шашақ желекті (С.С.).
Қазақ тіліндегі перифраздық тіркестердің бəрі бірдей 
матаса байланысуы шарт емес. Мына мысалдарды 
морфологиялық жағынан қарасақ, «сын есім + зат есім 
+ зат есім» тіркесі де, ал синтаксистік жағынан алып 
қарасақ, бұлар қабыса байланысқан тіркестер.
КӨП МҮШЕЛІ ЕСІМ ПЕРИФРАЗДАР
Қазақ тілінде көп мүшелі есім перифраздар да 
баршылық. Құрылымы жағынан көп мүшелі тұрақты 
сөз тіркестері екі жəне үш мүшелі перифраздарға ұқсас 
болғандықтан, олардың құрылымдық сипатына түбегейлі 
тоқталып, тек кейбір өзіндік ерекшеліктерін атап өтелік.
Көп мүшелі перифраздарға біз төрт мүшелі жəне 
одан да көп сөз тіркестерінен тұратын перифраздарды 
жатқыздық. Көп мүшелі перифраздар құрылымы 
жағынан, əдетте, «сын есім + зат есім + сын есім + зат 
есім» немесе «сын есім + зат есім + зат есім + сын есім » 
тектес болып келеді.


176
Мəселен,
а) «сын есім + зат есім + сын есім + зат есім»:
Ағашта жапырақтар сылдырлайды,
Төгілген алтын тенге сансыз жалқын (С.С.).
ə) «сын есім + зат есім + сын есім + зат есім (септік)»:
Жібектей күймен толғап аяладың,
Көк шыбық, құралай көз сұлу затты (Сонда). 
б) «сын есім + зат есім + сын есім + зат есім (тəуелдік)»:
Төсінен шықты қай таудың
Ақ толқын ерке аруым (С. Мəуленов).
Өзінің жасыл желек жас аруын
Оқжетпес күзетеді бағып сырттан (Сонда).
Жетісу – сері жанды жер еркесі (Сонда).
Көріп отырғанымыздай, аталған сөз тіркестері негізгі 
немесе туынды сын есімдіктердің негізгі немесе туынды 
зат есімдердің тіркесуінен жасалған. Мұндай тіркестер 
мағыналары еркін сөз тіркестерінен құралғанымен, 
құрамы мен қолданылуы тұрғысынан тұрақты болып 
келеді. Мəселен, қара толқын, ақ желек, құралай бас деп 
ауыстырып айтуға болмайды. Өйткені толқын, желек, 
көз деген қазық сөздерге тек осы сын есімді сөздер ғана 
тəн, екеуі тіркесіп əдемі, көркемсөз тіркесі болып тұр.
Келтірілген мысалдарға қарап отырсақ, перифраздың 
грамматикалық ерекшеліктері фразеологизм сияқты 
(фразеологизм мен перифраздың антологиялық табиғаты 
бір (қазақ тілінің жалғамалы, агглюнативті) сипатымен 


177
астасып жатыр. Яғни грамматикалық өзгерістер пери-
фразбен, фразеологизмнің синтетикалық тəсілмен де, 
анатикалық тəсілмен де (синтаксистік) жасалуынан келіп 
шығады. Мұның өзі «есім + есім», «есім + етістік» (əрі 
бұлардың күрделі түрі) тізбектердің қай-қайсысына да 
ортақ норма. Тіркестердің (анықтауыш + анықталушы) 
соңғы мүшесі өзінің негізгі мағынасын сақтап, тиянақты 
келетін болса, анықтауыш мүшесі ауыспалы мағынада 
қолданылады. Абъективті тіркестердің (сын есім, сан 
есім, сан есім мен сынға айналған зат есімді, немесе 
сын есім, сан есімнен кейін жасалған туынды өзге есімді 
тіркестер) анықтауыш мүшесі осы ізбен жасалады. 
Адвербиалды тіркестер де жоғарыдағыдай бір сыңары 
(алғашқысы) негізгі мағынада жұмсалып, кейінгі мүшесі 
туынды мағынада тұрады.
ЕТІСТІКТІ ПЕРИФРАЗДАР
Қазақ тілі сөз таптарын, сөз тіркестерін, оның ішінде 
етістіктерді зерттеп, еңбек жазған ғалымдар едəуір. 
Соның бірі – проф. А.Ысқақов. Ол қазақ тіліндегі 
сөздерді топтастыра келіп, құранды етістіктер тобына: 
«құбылыстары жағынан жай синтаксистік тіркестерге 
ұқсас та, құрылымдас та болып келгендерімен компо-
неттерінің арақатынастары жағынан лексикаланған, 
идиомаланған тіркестерге жақын күрделі (құранды) 
формаларды бөлуге болады. Ондай құранды тіркестерге 
«бас қос», «көз сал», «қол үз» деген əрі идиом, əрі 
фраза есебінде қызмет ететін формалар жатады», – деп 
көрсетеді (Қазіргі қазақ тілі, 1974, 27-бет).
Ал Р. Жайсақова қазақ тіліндегі фразеологизмдердің 
семантика-грамматикалық құрылымдарын қарастыр-
ған. Сөйтіп, етістікті фразеологизмдердің жасалу жолда-


178
рын бірнеше топқа бөліп көрсетеді. Осы еңбектерге 
сүйене келіп, біз де перифраздардың етістікті 
формаларын бірнеше топқа бөліп қарастырдық.
«Есім + етістік» тіркестері де «есім + есім» тіркестері 
іспеттес, яғни есім мүшесі негізгі мағынада тұрса, 
етістікті мүшесі негізгі мағынада тұрса, етістікті мүшесі 
туынды мағынада жұмсалады. Мысалы: көзі ілінеді, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет