Перифраздары



Pdf көрінісі
бет45/80
Дата26.10.2022
өлшемі1,63 Mb.
#45500
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   80
Ақ қайың,
Ардақтар асылым ең,
Келіпсіңдер.
Жер, көкпенен,
Көн ерттерменен
Мен бүгін сендерді таптым,
Почта жəшігінен (С. Мəуленов)
Гүліміз де ерте ашылып, кəмелеттік кез келді,
Тыңдап біліп, көмейдегі айтылмаған сөздерді,
Тани білдік құмарлықтың тұманы бар көздерді 
(М. Мақатаев).


194
Назды дауыстар дірілдейді,
Жан пердесін басып ылғи
Көкірегімде дірілдейді,
Күмбір қағып осы бір күй (С. Мəуленов).
Ата – анаға көз қуаныш
Алдына алған еркесі,
Көкірегіне көп жұбаныш,
Гүлденіп ой өлкесі (Абай).
Шыгар күн, атар таңымнан,
Аз емес алар үлесім.
Көремін бақты бағынан,
Көңілдің шуақ күнесің (Ө. Ж.).
Адам жан-дүниесін сан қырлы, алуан сырлы нəзік 
қырларын «жан пердесі» тіркесі арқылы беру де ұтымды. 
Бұл да жоғарыдағы перифраз секілді айшықты, образға 
құрылған.
СҰЛУЛЫҚҚА, ƏДЕМІЛІККЕ БАЙЛАНЫСТЫ 
ПЕРИФРАЗДАР 
Сұлулық, əдемілікті əңгіме, сөз етпеген ақын, 
жазушыларымыз жоқ шығар. Орман, жасыл жапырақ
гүл, қыз дегенді ұнатпайтын адам аз. Мұның бəрі 
де көріктілік, сұлулық дүниесі екені рас. Бұлардың 
арасындағы жарасым гармония да əдемі. Сол гармонияны 
шебер, жанды суреттеген өлеңнен жүрекке ұғымды 
ерекше əсер алатынымыз да бар. Бұл тақырыпқа арналған 
ақын, жазушы шығармаларында өзіндік окказионал 
перифраздармен қатар, толып жатқан фразеологизм – 
перифраздар да кездеседі. 


195
Мысалы:
Қызыл, сүйген достым, егісте оздың,
Айна көз, сұлу үнді, құралайым!
Оралып наз мойыныңды, құшып сенің,
Айналып сылап-сипап бұлалайын (С. С.).
Алғыншы алған арудың
Ақша бетін сылдырмай,
... Қапыда қалған қасқамын (М. И.).
Ақша бетің солыпты.
Жігерің жасып, өт құрып,
Жанбастан болып сөніпті (І. Ж.).
Бой түзу, жіңішке бел, текше иық,
Алғандай сұлулықтың бəрін жиып.
Ақша жүз, қыр мұрынды, оймақ ауыз,
Боз бала алмайды көрсе қиып (Д. Е.).
Алаңдап, алабұртып тұрғанында
Алдыңнан қарсы шықса ақша маңдай (І. Ж.).
Жан сəулем, асыл бейнең көз алдымда,
Көргенде бір өзіңді төзе алдым ба?
Əніңе жаным құмар,
Қол жетпесе сен бір шынар ... (Н. Ш.).
Сүйген жарым сонда кенет, 
Сағынғандай есіне алды.
Оймақ ауыз дөп-дөңгелек,
Жайлап қана əнге салды (М. Х.).
Айтпа өкпе, айнам көзім,
Алаңдама мұңды ойға (М. Ə.).


196
Сөйтсе де бота көзі өзіңнің қарауына тұрарлық, бір 
нəрсеге түскендей жайраңдап, ойнақтап, оймақ аузына 
күлімсіреу пайда болды (С. Е.).
Жаудыр көз бір сүп-сүйкімді балалар («Лен. жас»)
Аққумен аспандағы əн қосамын
Желдей есіп, күлім көз күндей шалқып (С. М.).
Ғашық болған қара көз,
Қашан тарқар күйігі (Қазақ əндері).
Оймақ ауыз, құмай көз іздеген ерге табылды-ай ...
Қыз Жібекті Төлеген ақылымен танып тұр.
Көз мейірі қанып тұр (С. С.).
Құралай көзін төңкерсе,
Көзінің нұры жанғандай (А. Ж.).
Аманшылық боп каникулға келсең, Қызылжардан 
қасыңа еріп шығам да, нендей көк мойын қыздардың 
бірін көрсетем (С.М.).
Ару ма əлде алтын кірпік,
Ұйқысынан жаңа ғана оянған?
Ақын ба əлде жүзі алаулап,
Шабытпен елі жайлы, жері жайлы ойланған? («Қаз. əдеб.»)
Ай қабақ, алтын кірпік, қызыл ерін,
Кел десең неге аяйын аттың терін,
Сары ағаш сазға біткен секілденіп,
Қай жерде отыр екен бұраң белім (Қазақ əндері).
Хасенге күлім көз, оймақ ауыз, қыр мұрын жас сұлу 
қараған сайын ұнап барады (І. Е.).


197
Қол бұлғап бір бұраң бел,
Ұсынды арнап қызыл гүл (С. Б.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет