еркін аударма. Бұлар аударманың күнделікті тірлігінде
талай əжетке жаратылып келген тəсілдер. Тіпті күні
бүгінге дейін қайсыбір аудармалардан көрініп қалады.
Аударманың əрқилы үлгісін жасап, əр алуан қағидаларға
жүгінген өнерпаздар іс барысында сан түрлі ағым
жетегінде болғанмен, олардың бəрі де осы екі үлгінің,
екі тəсілдің маңайына келіп үйіріле береді. Екі тəсілдің
əрқайсысын дəуіріне, кезеңіне қарай жеке-дара алып
қарастырсақ, оларды түсінуде, қолдануда қилы-қилы
ұғымның да болғаны мəлім.
Бұл екі тəсілдің тарихи мəнін біржақты түсініп,
теріс ағым ұстанып жүрген зерттеушілердің де бар
екенін ескере отырып, алдымен аударманың біз сөз етіп
отырған осы принциптеріне тоқтала кетуді жөн көрдік.
Теориялық тұрғыдан қарастырғанда бұл принциптердің
мəн беруді тілейтін өзіндік ерекшеліктері мол. Жəне
аударма процесіне қырсығын тигізген кездері де жиі
кездеседі. Осындай пайдалы-пайдасыз жақтарын
марксистік диалектикаға жүгіне отырып қарағанда ғана
ғылыми ақиқат тұжырым жасай аламыз.
Шынында, аударманың қай түрі болсын ол белгілі
бір кезеңнің жемісі. Ғылымның, практикалық істің
өзі əкелген алғашқы адымдары болады. Сондай
қажеттіліктен келіп туған еркін аударма тəсілі кезінде
19
прогрессивтік рөл атқарғаны мəлім. Өйткені ғылым,
өнер, экономиканың алғашқы тəй-тəй басқан шағында
бірден реалистік аударманы талап ету мүмкін емес еді. Ол
кезде халықтың білім дəрежесінің өзі көптеген мəселені
түсіндіріп алуды тілейтін. Аудармашылардың өзі тілесін,
тілемесін алып отырған объектісін түсіндіруге ыңғайлай
беретіні, біріншіден осыдан, екіншіден, сол аудармашы-
лар сүйенерлік бірде-бір жол-жобаның, аударманың
семантикалық жүйесінің əлі қалыптаспауынан деп
білеміз. Осы тұрғыдан қарағанда, бұл принциптің
өз кезінде рөлі ерекше болғанын ұғу қажет. Мұның
кесірлі тəсілге айнала бастаған кезін анықтау ғылыми
байыптылыққа саятын нəрсе. Аударма тəжірибесі
молайып, оның əрқилы жаңа, жарқын принциптері туа
бастағанда, қайсыбіреулердің еркіндіктен арыла алмай
жүруі, əрине орынсыз-ақ. Оның себебін ашып, бүге-
шігесін талдау ғылымның міндеті.
Ал сөзбе-сөз аударманы кейбір практиктер мен зерт-
теушілер жарамсыз тəсіл деп түсіндіреді. Шынында,
бұл тəсілдің де себепсіз тумағанын ескеру керек сияқты.
Кейінгі кезде жариялана бастаған ғылыми-теориялық
еңбектерге жəне аударма тəжірибесіне жүгінсек, бұл
принциптің көңіл аударуды тілейтін тұстары көп-ақ.
Ғылыми тұжырымның мəні я олай, я былай деп тоқетерін
айта салумен анықталмаса керек, қайта нақты мəселенің
себеп-салдарына жүгінген жүйелі дəлелдемелерге
орай байқалса керек. Əрине сөзбе-сөз, əріпқой аударма
дегендердің ғылыми қағидаларға салғанда бадырайып
көрінетін баянсыз түрлерін көрсету лазым. Аударманы
ғылым деп танитындығымыздан оның əдіс-тəсілдерін
ғылыми жүйеге салып, себеп-салдарын дəлелдемелермен
аша, ажырата баяндауға міндеттіміз.
Жалпы ғылымның принциптері, əдіс-тəсілдері
себепсіз ойдан жасалмайды. Қандай тəсіл болмасын
20
ол белгілі бір шындықтың айнасы. Ендеше сөзбе-сөз
аударма практикасындағы белгілі бір мұқтаждықтан,
қажеттіліктен келіп туған. Ал ол тəсілдің жарамды-
жарамсыз болмысын анықтау екінші мəселе. Ғылыми
талдауды тілейтін тұс осы. Ендеше біз аударма тəжірибесі
алып келген əрқилы əдістерді түсіндіруде біржақты
ұғымнан қашыңқырап, соның себеп-салдарына үңілуге
тиіспіз. Оның жарамды қасиеті қайсы, жарамсыз қасиеті
қайсы – міне осы мəселелер көбінесе көмескі күйде қала
беретін. Тағы бір ескеретін жай мынау: əдетте сөзбе-сөз
аударманы жарамсыз деп табатын жолдастар, шынында
да, мұны сөзбе-сөз ұғатын тəрізді. Яғни белгілі бір сөйлем
компоненттерін сол тұрған қалпында, сондай тəртіппен
көшіру деп түсінеді. Егер мұндай тəртіппен аударсаң,
əрине сөзбе-сөз тəсілдің түкке жарағысыз боларына
күмəн жоқ. Ал сөзбе-сөз аударманы дұрыс ұғатындар
ұстанған принцип сəл басқашалау. Олар əлгі сөйлемді
мағыналық топқа айналдырып тұрған компоненттердің
түпнұсқадағы күйін сақтап жатпайды. Бірақ сондағы
айтылмыш ойды білдіруге қатысып тұрған сөздердің
бəрінің лексикалық мағынасын жеткізуге тырысады.
Жеткізгенде, əрине əр сөзді жеке-жеке қуалап, жеке-
жеке аударатын болсаңыз баяғы Гумбольдт айтқан [13]
жалған тұжырымға баратыныңыз ақиқат. Гумбольдт не
дейді? Оның айтуынша, аударма дегеніміз шешілмейтін
жұмбақты шешуге əурелену болып шығады. Мұның
мəнісі: аудармашы жүзіп келе жатқан су астында шөккен
екі тас бар. Бір халықтың көркем мүлкін жеткізуді мұрат
тұтқан адам қалайда осы екі тастың біріне ұрынады.
Оның бірі – түпнұсқаға өте адал болу үшін, ана тілінің
заңдылықтарын аяққа басу болса, екіншісі – ана тілінің
заңдылықтарына түпнұсқаның бар қасиетін түгел
бағындырып, басқа қиянға шығып кету. Осыдан келіп
21
əрбір халықтың зат, материя, болмыс жайындағы түсінігі
əрқилы, соған орай тіл байлығы да ала-құла. Ендеше бай
тілден кедей тілге аудару мүмкін емес деген идеалистік
қорытынды жасайды.
Міне, осы жалған ұғымның жетегінде кетпес үшін
сөзбе-сөз аударманың ішкі-тысқы күйін талдап,
таратып түсіну қажет. Яғни сөзбе-сөз дегенді сол
сірескен қалпында қабылдамай, аудару кезінде сөйлем
компоненттері аударылатын тілдің заңдылықтарына
қарай ыңғайлана, орындары ауысып түсіп жататынын
жəне сөйте тұра түпнұсқа мазмұны мен формасы
түгел жеткізілетінін қамтамасыз ететін тəсіл деп те
қарағанымыз жөн.
Кеңестік көркем аударманың аса үлкен табысы деп
адекватты немесе реалистік аударманы айтуға тиіспіз.
Бұған дейін адекватты жəне толыққанды аударма деген
терминдер пайда болған. Бұлар жөнінде жоғарыда
сілтеме жасалған еңбектерді қарауға болады.
* * *
Бұрын аударма қатынасы болмаған елдердің көркем
туындысын екінші тілге жеткізуде толып жатқан
қиындықтар болатыны белгілі. Ол қиындықтардың
басы ең əуелі тілдердің əрқилы топқа жататындығынан
басталады. Яғни тілдер құрылысы (типология) жағынан
басқа-басқа болып келсе, бұл тілдерде жазылған көркем
шығармаларды бірінен екіншісіне аудару оңайға
түспейді. Аударма процесіне едəуір ықпалын тигізетін
екінші бір жағдай – тілдердің негізі туыс еместігі.
Басқаша айтқанда, үндіевропа тілдерінен түрік тілдеріне,
немесе керісінше түрік тілдерінен үндіевропа тілдеріне
аударудың сан алуан қиындықтарын байқаймыз. Ал
22
туыс тілдерді бірінен екіншісіне аудару əлдеқайда жеңіл.
Мысалы, өзбек тілінен қазақ тіліне, қазақ тілінен қырғыз
тіліне т.т. көркем шығармаларды аударуда көптеген
жеңілдіктер болатынын да аударма тəжірибесі көрсетіп
жүр. Əрине, бұл жерде лингвистикалық факторлардан
тыс нəрселер де бар. Бұлар да аударма ісінде айрықша
рөл ойнайтын факторлар. Мəселен, халықтардың мəдени
өміріндегі тарихи орталықтар жəне ұзақ мерзімдік өзара
тілдік қарым-қатыстың барысында пайда болған ұғымдар
мен көзқарастардың ұқсастығының əсері мол. Бұл тұста
аудармашының қызметі көп мəселені шешіп тастауы
мүмкін. Сөз алмасу (заимствования деген мағынада алып
отырмыз. – Ө. А.), калька жасау жəне қайта жасалған
сөздер аударма арқылы келеді. Бұлар тіліміздегі көптеген
сөздерімізге салалық өзгерістер енгізеді. Яғни тілімізде
осы аудармаға дейін байқалмаған жаңа мағыналық
сипаты бар сөз қатары көріне бастайды. Бұл процестің
келесі аудармаларға жеңілдік жасайтынына дау жоқ.
Тілдердің үндіевропа тармағына жататын орыс
тілінен түрік тобына жататын қазақ тіліне аударуда
осындай құбылыстардың болып келгенін көреміз, əлі
бола беретінін де сеземіз. Аударма процесінде болып
жататын əр алуан толқындардың біраз себебі тілдердің
осы тек өзгелігі мен құрылыс өзгелігін дұрыс ұқпаудан
туса керек. Алайда орыс тілінен аударудың тарихын
М.Горький творчествосы негізінде қарап өткенімізде
əлгіндей ізденістердің, толқындардың қилы-қилы
түріне тап болдық. Сонымен бірге Горькийді аударудың
алғашқы кезеңнен бергі елу жылғы мерзімді салмақтап
қарағанымызда аударма тілі көптеген сөздердің қосалқы
мағыналы қосымша қорына ие болған екен. Бұлар
адекватты аударма есебінде дайын күйге ие болады. Тіпті
түпнұсқадағы қайсыбір конструкциялардың эквиваленті
23
есебінде алуға болатын дайын грамматикалық
конструкциялар да қалыптаса бастады. Сөйтіп тілде
аударғыш құрал түрінде пайдаланылатын семантикалық
қосалқы жүйе жасалады. Аударма процесін жеделдетуде
мұның рөлі ерекше. Əрине бұларды, көбінесе, байқау
қиын да. Аудармамен түбегейлі айналысып жүрген
маманның сөздік қорында осындай жүйе өзінен-өзі
қалыптаса бастайтыны хақ.
Бұл семантикалық жүйенің молаюы немесе таралуы
аударма қатынасының өзіндік тақылетіне байланысты.
Көркем шығармалар жиі-жиі аударылып отырса, жаңа
мағыналық топтар молая, түрлене түспек те, керісінше
аудару процесі тежелсе, бұлардың да өрісінің тарылуы
табиғи нəрсе. Бір кездері орыс тілінен қазақ тіліне
аударудың қиындықтары болғаны мəлім. Олар, ілгеріде
ескерткеніміздей, орыс тілі мен қазақ тілі құрылысының
ерекшелігінен,
тілдік
дəстүрлі
эквиваленттердің
аздығынан жəне осы тілдерде сөйлейтін халықтар
ұғымында
қалыптасқан
əдет-ғұрып,
салт-санаға
байланысты сөздердің өзгешелігінен туып жатқан
қиындықтар еді.
Соған қарамастан қазір орыс тілінен қазақ тіліне
аударудың алуан түрлі арналы жолдары жасалды. Жаңа
ұғымды берерлік тіліміздің дəстүрлі эквивалентін
құрайтын жаңа терминдер, жаңа тіркестер пайда болды.
Мұның көптеген мысалын Горький шығармаларының
аудармаларынан көреміз. Күні бүгінге дейін əрқилы
типтегі тілдер арасында болып келе жатқан аударуға
мүмкін емес тілдік қайшылық орыс тілі мен қазақ тілінің
арасында қазір жоқ десе де болады.
Алайда қайсыбір тілдік материалдың мағыналық
салмағы сайма-сай келмей шаршататын тұс кездесуі
əбден мүмкін. Мұның себебін проф. А. А. Реформатский
24
былай түсіндіреді: «Частные случаи непереводимости
основываются на чисто языковом факте – отсутствии в
одном языке материальности, имеющейся в другом» [14].
Ал туыс тілдерден аудару бір есептен оңай
болғанмен, оның да өзіндік қайшылықтары жетерлік.
Мұнда екі тілдік омонимия мен полисемия [15] неше
түрлі қиындықтар туғызуы ықтимал. Сөздердің сыртқы
түріндегі
жалған
ұқсастықтың
аудармашыларды
əрдайым адастыратынын қырғыз, өзбек тілдерінен
аударылған көркем туындылар материалы негізінде
байқауға болады. Сыртқы түріне қарай тон пішіп, соған
орай эквивалент ретінде берілген сөздер көбінесе мүлде
басқа мағынаны ұқтырып, түпнұсқаға тəн кейбір өзгеше
құбылыстарды солғындатады.
Түпнұсқалары полисемантикалық сөздің əрқилы
мағынасына, аударма тілде өзара мағыналық жігі айқын
көрініп тұрған əртүрлі сөздер тура келуі мүмкін. Алайда
туыс тілдердің бірінен екіншісіне аударудың жеңілдіктері
мол. Лексика жəне грамматика саласында, сондай-ақ
стилистикалық жүйесінде эквиваленттер табу оңай
екені анық. Əрине, кейбір зерттеушілердің айтқанындай,
көптеген реалийлерді аударудың [16] оңай емес екені де
белгілі.
Жалпы біз аударылғыштық жəне аударылуға келмейтін
жайларды сөз еткенде, əңгіме көбінесе, лексика туралы
болмақ. Өйткені бұл мəселелердің бəрі де, түптеп
келгенде, жеке сөздердің мағыналық белгілерін талдау
арқылы шешіледі. Ал аударма мəселесінің грамматикалық
проблемасы болған емес. Қай тілде де грамматикалық
формаларды, конструкцияларды беретін эквивалент
конструкциялар жетерлік. Егер грамматикалық сəй-
кестіктер болмай қалатындай жағдайда, адекватты
аударманы лексикалық құралдармен жасау мүмкіндігі бар.
25
Лексикада, ең алдымен, негізгі сөздік қордағы сөздерді
іріктеп қараған жөн. Бұл сөздер əлі экспрессивтік өңге
көшпеген, сондықтан олардың көбі нейтральды болады.
Аудармадағы сəйкессіздіктер көбінесе осындай сөздерді
экспрессивті ажары айқын перифериялық тұлғалармен
беруден туып жатады. Немесе керісінше, экспрессивті
ажары айқын сөздерді мұндай белгілерден жұрдай
сөздермен беруден кетіп жатады. Бұл тұста мынаны да
ескеру қажет: Тілдердегі негізгі сөздік қордың мөлшері,
аумағы бірдей бола бермейді. Бірінде енген сөз,
екіншісінде қалыс калады. Жалпы негізгі сөздік қордағы
сөздердің бəрі де, егер идиом немесе идиома құрамына
жатпаса, аударылғыштық қасиеті жағынан термин
сөздерден кейінгі екінші орынды алатын тəрізді.
Лексиканың перифериялық қабаттарына жататын –
диалектизмдер, кəсіби сөздер, дөрекі ұят мəнді
(вульгарная) сөздер, қарапайым сөздер (просторечъя)
элементі,
арготизмдер
де
аударма
элементтері
болып саналады. Бұлардың қатарын архаизмдермен,
вульгаризмдермен толықтыра түсуге болар еді.
Стилистикалық құбылысы жағынан ерекше топқа
жататын терминдер мен идиом сөздер де осы қатардан
табылуға тиіс. Бұл екі түрлі лексикалық топ бар
қасиеті жағынан біріне-бірі қарама-қайшы. Термин
сөздердің бір-ақ түрлі мағынасы болатындықтан жəне
онда экспрессияның аздығына, халықаралық мəніне
байланысты аудару əлдеқайда жеңіл. Ал керісінше
идиом сөздерді аударуға кедергі жасайтын басты
өзгешеліктері – олардың образдылығы, экспрессиясы,
көп мағыналылығы.
Кісі аттары мен каламбурлар жəне географиялық
атауларды аударудың да өзіндік ерекшелігі мол қиын
сала. Каламбурдың қиындығы олардағы идиоматикалық
26
мəнге байланысты. Алайда Н.М. Любимов сияқты
аудармашы ғұламалар: «Ілуде бір кездеспесе, сөздің
аударуға көнбейтін ойнақылығы деген болмайды, тіпті
болуға тиісті емес» [17], – деп тұжырады.
Аударма теориясының негізгі мəселелерінің бірі –
аударманың адекватты жəне аударылғыштық принцип-
тері болса керек. Мұның əрқайсысына жеке-жеке
тоқталу қажет. Бұл біріне-бірі көмектесетін, біріне-бірі
байланысты ұғымдар. Аударылғыштық деп мазмұн мен
форманың бар қасиетінің барынша түгел жеткізілуін
ұғатынымызды жоғарыдағы баяндаулардан байқауға
болады.
Ал адекватты деген ұғым жөнінде əрқилы пікір
таралып жүр. Бұл пікірлер табиғаты кімдердің айтуына
орай танылмақ, яки көркем аударманың маманы ма, əлде
машинамен жəне математикалық тəсілмен айналысып
жүрген лингвист пе деген нəрсені анықтап алғанымыз
жөн. Өйткені бұл екеуі мəселені екі тұрғыдан қарайды.
Алайда қай пікірді қадағалап көрсек те, адекватты
аударма жөнінде мардымды ешнəрсе біле алмаймыз.
Аударма теориясындағы бірегей тиянақты қалыпқа
түспеген шашыранды ұғынылып жүрген тəсілдің бірі
осы. Мұны көбінесе «толыққанды» деп те, «реалистік»
деп те əйгілеп қояды. Бұл атаулар бір-біріне синоним
бола ала ма, оның да басы ашылмаған мəселе. Айтылып
жүрген пікірлерге жүгінсек, осы ала-құлалық айқын
көрінеді.
Адекват жөнінде жөнді пікір айтқан А.А. Смирнов:
«Адекватным мы должны признать такой перевод, в
котором переданы все намерения автора (как продуман-
ные им, так и бессознательные) в смысле определенного
идейно-эмоционального, художественного воздействия
на читателя, с соблюдением по мере возможности –
27
путем точных эквивалентов или удовлетворительных
субститутов (подстановок) – всех применяемых
автором ресурсов образности, колорита, ритма и т. п.
последние должны рассматриваться, однако, не как
самоцель, а только как средство для достижения общего
эффекта. Несомненно, что при этом приходится кое чем
жертвовать» [18].
А.В.Федоров негізінде аударылғыштық принципті
түбегейлі қолдай отырып, бұл жөнінде өз пайымдауын
ұсынады. Əлгі Смирнов айтып отырған кейбір «құр-
бандыққа баруға тура келеді» дегеннің «толыққанды»
(«полноценный») аудармаға еш қайшылығы жоқ деп
түсінеді. Смирновтың тұжырымындағы «тұтас нəрсе
мен жеке элементтер арасындағы тепе-теңдік» тезисіне
қосымша Федоров: «Полноценность может и не
требовать одинаковой степени словесной близости
к оригиналу» [19], – деп тұжырады. Бұл екі пікірді
салыстырып қарасақ, «адекват» пен «толыққанды»
(«полноценный») дегенді тепе-тең ұғым ретінде есеп-
тейтіні байқалады.
Осы тектес түсінікті Ф. Д. Батюшков зерттеулерінен
[20] де көруге болады. Аударманың бұл принциптері
жөнінде бұрын-соңды айтылып жүрген пікірлерді
жинақтай келсек, адекватты аударма көптеген қосымша
факторларға байланысты жасалатынын аңғарамыз.
Мəселен шығарманың адекватты аудармасы сол
аударылатын көркем туындының түріне, жанрына жəне
аударманың мақсатына орай жасалады екен.
* * *
Біз зерттеу жұмысымыздың объектісі етіп ұлы орыс
жазушысы А.М. Горький шығармаларының қазақ
28
тіліндегі аудармаларын алып отырмыз. Жазушының
қазақ тіліне аударылған туындылары көп. Олардың
бəрін жан- жақты талдап шығу мүмкін емес. Сондықтан
біз зерттеуді нақты мəселелер төңірегінде жүргізіп,
топшылауларымызды соған орай түйдік. Нақты мəселе
дегенде, көңілімізге алдымен ұялаған жəне зерттеу үшін
ғылыми мəні айрықша тілдік құбылыс – көркем құрал –
фразеологизмдер екені белгілі.
М.Горький творчествосына баруымыздың мынадай
себептері бар. Қай халықтың болмасын əдеби мұрасын сөз
еткенде, біз кешегі дəуірде қол жеткен табыстарымызда
орыс халқының мəдениетіне байланыстыра бағаламай
кете алмаймыз. Оның ішінде көп ұлтты кеңес əдебиетінің
қалыптасып, өркен жаюына Алексей Максимовичтің
қосқан үлесі ерекше болғанын тарихтан білеміз.
Əдебиеттегі жаңа дəстүр – социалистік реализм əдісі
Горькийдің тапқан, қалыптастырған, негізін қалаған
«бəсіресі». Ұлт республикалар əдебиеті осы негізде,
осы ыңғайда дамығаны мəлім. Сол социалистік реализм
əдісінің ұлт əдебиеттеріндегі көріністері əр алуан. Одан
тағылым алып, əдебиетіміздің жаңа бағытын бағдарлауда
М. Горькийден үйренудің арналы жолдары жасалды.
Қазақ совет əдебиетіне М.Горькийдің əсері ұшан-
теңіз. Ол өткен дəуірдің игі дəстүрлерін бір басына
жинаған, жаңа дəуірдің жарқын болашағын бұлжытпай
танып, жаңа жол бастаған ірі тұлға. Мəдениеті, əдебиеті
жаңа-жаңа тəй-тəй басып келе жатқан қазақ сияқты
елдің жазушылары Горькийді үлгі тұтпағанда кімді
үлгі тұтар еді, содан үйренбегенде кімнен үйренер еді.
Көркем шығарманың өзіне ғана тəн көптеген шарттарын
меңгеруде, жаңа заманның жаңа талабына сай қалам
ұштауда М.Горькийдің үлгі-өнегелік рөлі айрықша
болды.
29
Мұның үстіне ұлы жазушы көркем «əдебиеттің
бірінші элементі – тілге» өзгеше мағына-мəн беріп,
соның білгірлікпен ұстартылуын қатаң талап еткен.
Оның кейбір жас жазушы шығармаларының тіліне берген
талдама-бағалары күні бүгінге дейін қаламгерлердің
назарынан түспей жүрген шарттар.
М. Горький – халықтар достығының жаршысы. Ол –
замандар бойы бірінің тірлігі жөнінде бірі бейхабар
өмір сүріп келген халықтарды бір-біріне жақын-
дастырудың алуан түрлі жолын қарастырған гуманист.
Сол елдерді біріне-бірін тереңірек таныстырудың ең
асыл жолы, олардың əдеби мұраларын бірінен біріне
аудару деп түсінеді. Мінеки, сондықтан ұлы жазушы
кеңес үкіметі орнаған алғашқы жылдардан-ақ күн
тəртібіне аударма мəселесін қояды.
Сөйтіп ол аударма мəселесінің мəні мен маңызын
ерекше бағалап, оның ғылыми қағидалары мен
шарттарын қалыптастыруды да қолға алады. Бұл
саладан да ұлы жазушының өнегелік рөлін көреміз.
Осыншама игі əсері болған адамгершіл идеяны жалау
еткен қаламгердің қазақ əдебиетіндегі көріністерін,
іздерін оның аудармалары арқылы жүйелі əңгімелеудің
ғылымдық мəні бар деп білгендіктен де біз М. Горький
шығармаларын
негізгі
объектімізге
айналдырып
отырмыз.
Игі əсер дегенде біздің аса көңіл қоятын тұсымыз
оның шығармаларында қолданылатын көркем құ-
ралдарының, яғни тілдік элементтердің қазақ тіліне
жасаған ықпалы, соларды ана тілімізде берудегі өз
мүмкіндіктеріміз болмақ. Егер осы айтылғандарды бір
мəселенің төңірегіне топтап нақтылай түспесек, пікір
шашырандылығына ұрыну қиын емес. Сондықтан
М.Горький аудармалары дегенде жалпы қарастырып
қана қоймай, соның ішінде жазушы туындыларының
30
негізгі стильдік ерекшеліктерін танытатын құбылыс –
фразеологизмдердің, идиомдардың берілу тəсілдері
тексеріледі. Мəселе осыған ойысқан соң, біз əрине, бұл
бейнелі құралдар көбірек орын тепкен шығармаларды
алдымен ескергеніміз түсінікті болар. Оның үстіне
фразеологизмдердің аударылу жайын сөз еткенде, бұл
факторлардың өзі жайында, оның негізгі белгілері
жайында айтпай кету мүмкін болмас еді.
Бұл мəселелерді тексерудегі негізгі мақсат мынау:
қазақ əдебиетіне М. Горький мен оның шығармалары-
ның əсері ерекше деп тапсақ, мұның қазақ тіліне,
əсіресе əдеби тілімізге əсері мүлде бөлекше. Мəселенің
бұл екінші жағын М. Горький шығармаларының
аудармалары арқылы ғана анықтауға болады. Осыдан
келіп аударманың өз жүйесі, өз принциптері, өз негіз-
дері қандай, оның қазақ аудармашылары ұстанып
жүрген қағидалары қандай деген мəселелер туындайды.
Аударма ғылымының теориялық мəселелері қазақ
филологиясында қай деңгейде тексерілген жəне оның
бүгінгі қалпы қай шамада дегендер де аздап қадағаланады.
Жалпы əдеби тілдің қалыпты күйге түсуіне, тіл
мəдениетінің артуына аударманың да едəуір əсері
бар. Жаңа заманның жаңа іс-əрекеттеріне лайықты
қалыптасқан сан түрлі ұғымдарды жасауда, оларды
нормалы күйге түсіруде орыс тілінен аударудың рөлі
айрықша болғанын бүгінде тілімізге əбден сіңісіп
кеткен көптеген термин сөздерден айқын аңғарамыз.
Ендеше тіліміздің ішкі мүмкіндіктерін ашып, оны
жетілдіре түсуде аударманың атқарған қызметі ерекше
бағалануға тиіс. Аудармалар арқылы қазақ тілінде дайын
мағыналық топтар қалыптасатынын жоғарыда ескерткен
болатынбыз. Тіліміздің ішкі мүмкіндіктері дегенде,
оның эстетикалық-эмоциялық əсерінің жаңа өрнектері
де əңгіме етіледі.
31
Осы сөз болған мəселенің бəрін де А.М. Горький
шығармаларының аудармалары арқылы байқауға болады.
Жазушы туындыларының осы тектес мəселелерін тал-
дау – қазақ аударма теориясын жасаудағы кілттің бірінен
саналмақ.
Біз Горькийді аудару арқылы Горькийден көп нəрсе
үйренуге болатынын айттық. Тек бұл ғана емес, оны
аудару арқылы, бізде жалпы аударма проблемасының
біраз мəселелері шешілгенін байқаймыз. Горькийді
тексере отырып, біз аударма мəселесінде тіл құралдарын
пайдаланудың əр алуан жолдарын танимыз. Тіліміздің
эстетикалық мүмкіндіктерінің аршылуына себепші
болған өрнектердің қайсыбірін табамыз. Сонымен бірге,
аударамадағы аса бір қиын құбылыс ретінде арнайы
қарастыруды тілейтін фразеологизмдердің берілу жол-
дарын саралаймыз.
Тақырып етіп М.Горький творчествосын, оның
ішінде жазушы қолданған фразеологизмдердің қазақ
тіліне берілу жолдарын қарастыратын болғандықтан,
жалпы тіліміздегі фразеологизмдер деген не, олардың
зерттелуі, көркем шығармалардағы орны жəне бұларды
бір тілден екінші тілге аударудың жолдары жайында
тоқталмай кете алмадық. Фразеологизмдердің түрлері,
олардың классификациясы жөнінде күні бүгінге дейін
əрқилы пікірлер таралып жүр. Оларды аудару жөнінде
ғалымдар, жазушылар, аудармашылар арасында ала-
құла пікірлер бар. Мұның бəрін саралап, жүйеге
келтірмей зерттеуіміз мақсатына жете алмайтындай
көрінді. Фразеологизмдерді аудару үшін олардың
өзіндік ерекшеліктерін, көркем шығармада атқаратын
стилистикалық қызметін айқындап алу қажет.
Еңбектің І-ІІ бөлімдері («Фразеологизмдерді зерттеу
жайы мен оларды аудармада беру тəсілдері») осы
мəселелерге арналған.
ІІІ бөлімде М. Горькийдің фразеологизмдерді қолдану
тəсілдері, біртұтас туындыдағы фразеологизмдер
жүйесінің қазақ тіліндегі көрінісі, фразеологизмдердің
жеке образ жасаудағы қызметі мен соның аудармадағы
күйі, түпнұсқа жəне аудармашылар қолданған прин-
циптер сөз болады. Осылар арқылы тіліміздің, жоғарыда
сөз болған ішкі мүмкіндіктерінің қалай аршыла түс-
кенін, кейбір сөздердің жаңаша тіркесіп, жаңа бір
мағыналық реңкке көшкенін, эстетикалық əсеріне ықпал
жасағанын жəне мұның бəрі əр аудармашыда əрқилы
ыңғайда көрінетінін талдауға тырысамыз.
|