ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІ АУДАРУ МƏСЕЛЕЛЕРІ
Фразеологизмдер,
жалпы
тілдердегі
тұрақты
тіркес атаулының бəрі аударма практикасы үшін де,
теориясы үшін де ең қиын, күрделі проблеманың бірі.
Аударма тəжірибесінде фразеологизмдерді екінші тілге
берудің неше түрлі қиындықтары кездесіп, теориялық
тұжырым жасауға итермелейді. Өйткені əр тілдегі
фразеологизмдердің мағыналық жəне стилистикалық
қызметі алуан-алуан болады. Оның құрамына кірген
сөздердің байланысы да əр тілде əрқилы. Міне, осыларды
аудару кезінде əр тілдің өзіне ғана тəн сөздердің тіркесу
ерекшелігі көрінеді.
Қазақ
тіліндегі
сөздердің
тіркесу
қабілетін,
фразеологизмдердің мазмұнын, мағынасын, сырын
талдап жазған еңбектердің біразын жоғарыда атап
өткенбіз. Ал фразеологизмдерді бір тілден екінші
тілге аудару мəселесі аса қажет əрі барынша қиын
проблема екенін сол еңбектерден жəне көркем əдебиетте
қолданылып жүрген фразалық тіркестер табиғатынан-
ақ тануға болады. Ғылымда фразеология мəселесі сөз
бола бастаған уақыттан-ақ оны екінші тілге аудару жайы
қарастырылып келеді.
Аударма – ел мен елдің арасына дəнекер болатын аса
зор мағыналы құрал. Аудармамен шұғылданған бірде-
бір зерттеуші фразеология мəселесін аттап өте алған
емес. Тіркестердің аудармасын тікелей тексермегенмен,
аудармашы-зерттеуші өзінің саласына қатысты тұстарда
фразеология аудармасына байланысты пікірін айтып
отырған. Бұл тұста ескеретін бір жайт, сол айтылған
пікірлердің бəрі біркелкі емес екенін жəне ондай пікір
қозғаушылар əрқилы ғылым өкілдері екенін есепке
алған жөн.
69
Жалпы аударма проблемасы жөнінде айтылып жүр-
ген тұжырымдарды екі топқа бөлуге болар еді. Бірі –
əдебиетшілер тарапынан айтылған, екіншісі – тілші
ғалымдар ұстанған пайымдаулар. О баста бұл екі ағым
өкілдері қызу қарқында қарсы дау айтысқанмен, қазір
қайсысы болса да сабаға түсіп, аударма теориясының
өзіне ғана тəн, өзіндік сырларына тереңірек үңіліп, көп
жағдайда келісімге келе бастағандай. Мұның өзі белгілі
дəрежеде аударманың ғылым ретінде қалыптасып,
əрқилы проблемаларын алға тартқанын танытады. Сонда
да болса, біз аударма мəселелерін əдебиетшілер мен
тілшілер бір пəтуаға келіп, қауымдаса тексеріп жатыр
деп айта алмаймыз. Ғылым болған соң оның даулы,
даусыз мəселелері толып жатады.
Фразеологизмдерді аудару мəселесі аударма теория-
сының бір саласы болғандықтан, бұл жайында тілші,
əдебиетші ғалымдар əрқилы пікір өрбіткен. Біздің
жұмысымызға тікелей қатысты болғандықтан, енді
фразеологизмдерді аудару ісіне қатысты пікірлерді
талдап көрелік.
Бұл мəселені орыс ғалымдары да, қазақ ғалымдары да
сөз етіп жүр. Басқа ұлт республикаларында да аударма
ғылым объектісіне айнала бастады [45].
Тұрақты тіркестердің екінші бір тілдегі табиғатын
тексергенде, біздің алдымен жүгінетініміз орыс
ғалымы, тіл білімпазы А.В. Федоровтың еңбектері [46].
А.Б. Федоровтың аударма теориясын жасаудағы рөлі
айрықша. Оның соңғы шыққан «Основы общей теории
перевода» кітабында біраз жаңалықтар енгізілген.
Фразеологизмдердің аудармасына байланысты да
көптеген ғалымдардың кейінгі шыққан еңбектерін
мұқият қарап, қорытынды пікір айтуға тырысқандық
байқалады. Бұл мəселеге кейінірек арнайы тоқтайтын
70
болғандықтан, қазір қазақ оқымыстыларының арасында
өрбіген ой-пікірлердің де тамырын басып байқайық.
Фразеологизмдердің аудармасы жөнінде əдебиетші
ғалымдарымыз да, тіл білімпаздары да, жазушы-
журналистеріміз де бірде арнайы тоқтап, енді бірде
белгілі бір проблемаларға байланысты жол-жөнекей
сөз арасында болса да əңгіме етіп жүр. Қай-қайсысы
да белгілі бір көркем шығарманың аудармасын қараған
кезде, мақал, мəтелдер мен идиомалық тіркестердің
аудармадағы көрінісін байқамай өте алмайды. Аударма
теориясы үшін, оның ішінде фразеологизмдерді екінші
тілде беру мəселесіне келгенде, əр кезде əр түрлі елдің
əрқилы көркем туындыларының аудармасы жайында
айтылған мұндай пікірлерді жинақтап, електен өткізудің
мəні зор.
Қазақ ССР Ғылым академиясының академиктері І.К.
Кеңесбаев, М.Қ. Қаратаевтардың, Қазақ ССР Ғылым
академиясының корреспондент-мүшелері М.Б. Бала-
қаев, Ғ.Ғ. Мұсабаевтардың зерттеулерінде [47] осы
мəселе тұрғысында біраз пайымдаулар жасалған.
Қазақстанда аударма теориясын жасауға мейлінше
зор еңбек сіңірген аудармашы ғалымдарымыз болды.
Олар – филология ғылымдарының кандидаттары
С.О. Талжанов пен Ə.Сатыбалдиевтер [48] еді. Аударма
ғылымының теориясын жасауда бұлардан да басқа
ғалымдардың үлесі мол. Мəселен, марксизм-ленинизм
классиктері шығармаларының аудармаларын мұқият
зерттеп, келелі ой-пікірлерін дамытып, үлгі-өнеге
көрсеткен білгір мамандардың еңбектерінсіз бұл салада
зерттеуіміз олқы соғар еді. М.Жанғалин, Қ.Сағындықов,
Қ.Шəріпов, І.Жарылғапов [49] т.б. ғалымдардың ғылыми
ой-пікірлері қазақ аударма ғылымының қалып-тасып,
дамуына едəуір ықпалын тигізді. И.Ландау, С.Қоспанов,
71
Ə.Бектемісов, З.Тұрарбековтердің диссертациялық ең-
бектерінде де фразеологизмдерді аудару жайында
аракідік айтылған пікірлер кездесіп қалады. Мұның үстіне
кейінгі жылдары жеке жазушылардың тілі жəне стилі,
олардың көркем шығармаларда қолданған бейнелеуіш
құралдарына арналған диссертациялық жұмыстар жəне
зерттеулер көбеюде. Жазушы бейнелеуіш құрал есебінде
қолданған фразеологизмдерді, мақал-мəтелдерді тек-
серген арнайы еңбектер де бар. Мұндай жұмыстарда
аударма мəселесі арнайы сөз болмағанмен, көңіл
тоқтатуды тілейтін, біздің тақырыбымызға аз да болса
қатысы бар ғылыми тұжырымдар кездеседі.
Тілші ғалымдардан бұл салада ой-толғағандардың
бірі – І. Кеңесбаевтың мына бір тұжырымын алдымен
еске алған жөн: «Аудару техникасы, аударма тілі өз
алдына айрықша сөз болуға, айрықша тексерілуге тиіс
деп ойлаймыз».
Академик ғалым «Қазақ тілінің идиомдары туралы»
деген зерттеуінде аудару техникасына да байланысты өз
топшылауларын айтқан. Ол идиома, мақал, фразалардың
өзара айырмашылықтарын талдайды да, оларды басқа
тілдерге аударудың жолдарын қарастырады. Бұларды
аударуға бола ма, болмай ма деген сұрақтарға жауапты
ғалым мақал, фраза, идиомдардың өз қасиеттерінен
түзеді. Əрбір жеке тілдің өзіне ғана тəн жəне анағұрлым
көнеленген идиомдар сияқты категорияларды «калька»
ретімен алмасқа лаж жоқ дейді. Мақал, фраза,
идиомдардың лексикалық өзгешеліктерін егжей-тег-
жейлі талдайды да, олардың сөзбе-сөз аударуға кел-
мейтіндігін түйеді. Бірақ акад. Кеңесбаев бұларды бір
тілден екінші тілге мүлде беруге болмайды деп үзілді-
кесілді пікір айтпайды. Оларды аударудың əртүрлі
жолдарын «ізденіп, мағына жағынан сəйкес келетін
72
тізбектерді тауып, аударма тілін жұртқа түсінікті етуді
қарастыруымыз керек»,– деп түсінеді.
М.Балақаев, Б.Жанпейісов, М.Томанов, Б.Манасбаев-
тар 1966 ж. басылып шыққан «Қазақ тілінің сти-
листикасында» фразеологияның аудармасына арнайы
тоқтаған. Мұнда авторлар мəселенің қиындығын айтып
қарап отырмай, фразеологизмдерді орыс тілінен қазақ
тіліне аударудың əртүрлі жолдарын қарастырады. Үш
түрлі тəсіл болуы ықтимал екенін дəлелдейді. Ол қандай
тəсілдер:
Біріншіден, «фразеологизмдерді аударуда оның
жалпы мағынасы беріледі». Мысалы:
«Вариться в собственном соку» – өзімен-өзі болу.
«Козел отпущения» – кінəлі ету. «Подложить
свинью» – қастық істеу. «Яблоко раздора» – егестің
Достарыңызбен бөлісу: |