Перифраздары


сөз тіркестерінің анықтамасын



Pdf көрінісі
бет9/80
Дата26.10.2022
өлшемі1,63 Mb.
#45500
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   80
Байланысты:
Ө.Айтпаев Қазақ фразеологизмдері

сөз тіркестерінің анықтамасын шығарған. «Тұрақты 
сөз тіркестері деп əбден қалыптасып, нық орныққан, 
өзгертуге келмейтін сөз тіркестерін айтамыз» (241-б.).


52
Екінші өзгешелікті танытатын мысалдар мыналар: 
қырғи қабақ болу – «кейісу, араздасу»; қаны қайнау – 
«ашулану, ызалану, ыза кернеу»; санын соғып қалу – 
«өкіну»; су жүрек – «қорқақ»; мұрнын көкке көтеру – 
«менменсу, паңсыну»; қас пен көздің арасында, көзді 
ашып жұмғанша, не қас қаққанша – «лезде, өте 
жылдам»; қой аузынан шөп алмас – «момын»; тайға 
таңба басқандай, не соқырға таяқ ұстатқандай – 
«ашық-айқын» т. б. Бұлардың бəріне тəн ортақ белгі – 
тұтастық пен мағына бірлігі.
Үшінші аудару мəселесіне келсек, автордың бұл 
жөніндегі пікірін бекіткен мысалдар мыналар: На 
седъмом небе («шексіз бақытты, өте бақытты» деген 
мағынада), медвежъя услуга («пайда келтірем деп, зиян 
келтіру, орынсыз жəрдем» деген мағынада) дегендерді 
сөзбе-сөз қазақшаға аударуға немесе керісінше, қазақ 
тіліндегі – қырғи қабақ болу; ит арқасы қиянда; үріп 
ауызға салғандай; оның сөзінің басы тау болып, аяғы 
сиырқұйымшақтап келіп қылдай болды; мұртын балта 
шаппайды; көлеңкеге қарап тон пішу; қой аузынан шөп 
алмас; ат үсті қарау тəрізді тұрақты сөз тіркестерін 
сөзбе-сөз орыс тіліне аударуға келмейді. Автор осылай 
деп отырса да, бұларды екінші тілде мүлде беруге 
болмайды деп шорт кесіп тұжырым жасамайды. Бір 
халықтың санасы мен ойлау жүйесінің басқа кез-келген 
халықтың ой-өрісінен ешбір кем еместігін біледі. 
Сондықтан ол: «бұларды мағынасына қарай, балама 
боларлық тұрақты сөз тіркестерімен, егер ондай тіркестер 
болмаса, мағынасын бере аларлық жеке сөздермен 
немесе еркін сөз тіркестерімен аударуға болады», – деп 
түйеді жоғарыдағы еңбекте.
Қай тілде болсын фразеологиялық единицалар 
бірыңғай емес. Оның аумағы əлі күнге сұрыпталып 


53
болған жоқ. Құрамы да сан түрлі. Күні бүгінге дейін 
фразеологияға қатысты терминдердің неше қилысы 
қатар қолданылып келеді. Осындай əр тараптық, əртүрлі 
атаулар нақты ғылыми пайымдаулар жасауда едəуір 
нұқсан келтіріп жүр. Ғылыми атаулары, терминдері 
төңкерістен соң ғана қалыпты даму жолына түскен 
қазақ тілінде фразеология маңында да бір пəтуаға 
келінбеген, əркім қалауынша атап, айдар тағып жүрген 
терминдер бар, бірізділік болмаған соң, ғылыми 
зерттеу жұмыстарының жібі босайтыны белгілі. Қазақ 
тілінде фразеологиялық единицалар (фразеологические 
единицы), фразеологиялық тіркестер (фразеологические 
сочетания), ажыратылмайтын сөз тіркестері (неразло-
жимые словосочетания), тұрақты сөз тіркестері 
(устойчивые словосочетания), идиоматикалық сөйлемше 
(идиоматические выражения), лексикаландырылған 
тіркестер (лексикализованные сочетания); идиомдар, 
фразалар деген тəрізді əртүрлі терминдер қолданылады. 
Осының өзі фразеологияның мазмұны мен шеңберінің 
əлі толық анықталмағанын дəлелдейді. Фразеологиялық 
сөз тіркестері зерттеле бастағанда біз алдымен акад. 
В.В. Виноградовты [40] еске аламыз. Тіл білімінде 
фразеология мəселесі осы кісінің есімімен тікелей 
байланысты. Ол фразеологиялық сөз тіркестерін 
мынадай үш топқа бөледі:
Фразеологиялық тұтастықтар (фразеологические 
сращения), фразеологиялық бірлестіктер (фразеологи-
ческие единства), фразеологиялық тізбектер (фразеоло-
гические сочетания).
Үш топтың əрқайсысын жеке-жеке талдап көрейік. 
Мұның талдау стилі əркімде əртүрлі болғанмен, негізгі 
ерекшеліктерін, мазмұнын көп ғалымдар дұрыс ұғатын 
сияқты.


54
Алдымен фразеологиялық тұтастықтар қалай түсін-
діріледі, соны байқайық. К.Аханов: «Фразеологиялық 
тұтастықтар деп бөлініп, ажыратылмайтын, беретін 
мағынасы жағынан құрамындағы сыңарлардың мағы-
насымен мүлдем байланыспайтын, əбден бітісіп, тұтасып 
кеткен томаға-тұйық тіркестерді айтамыз», – дейді. 
Мысалы, ит өлген жерде (алыста), жүрек жұтқан 
(ештемеден қорықпайтын, сескенбейтін), үріп ауызға 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет