Перифраздары


ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕР ЖƏНЕ ОЛАРДЫҢ



Pdf көрінісі
бет4/80
Дата26.10.2022
өлшемі1,63 Mb.
#45500
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   80
Байланысты:
Ө.Айтпаев Қазақ фразеологизмдері

ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕР ЖƏНЕ ОЛАРДЫҢ 
ЗЕРТТЕЛУ ЖАЙЫ
Сөйлеуіміз сөйлемнен тұрады да, сөйлем əлденеше 
сөзден тұрады. Жеке сөздің сөйлемге айналуы сирек. 
Синтаксистік тұрғыдан алып қарасақ, сөз бен сөйлем 
аралығында тағы бір топ бар, ол – сөз тіркестері. Сөз 
тіркесі дегеніміз – екі не бірнеше сөздерден құралған 
грамматикалық бірлігі бекем топ. Сөз тіркестері еркін 
жəне тұрақты боп екіге бөлінеді. Еркін тіркестер жұмыс 
барысында, қажеттілікке орай қайта жасала беруі 
əбден мүмкін. Мұндағы сөздер қайтып ажырамастай 
қалыпта емес, керегі болса алмастырылып, орындары 
ауыстырыла береді. Мысалы, Ажар жұмысқа кешігіп 
келді дегендегі Ажар келді, жұмысқа келді, кешігіп 
келділер еркін тіркестер. Ал еркіндігі жоғалған, 
ажырамастай қалыпта кірігіп кеткен тіркестерді тұрақты 
тіркестер дейді. Бұларды біз фразеологизмдер деп те 
атаймыз. Сөз, сөз тіркесі, сөйлем дегендеріңіз сиитаксис 
тексеретін сала бола тұра əлгі тұрақты тіркес неге 
лексикологияның мəселесі ретінде қарастырылады. 
Себебі фразеологиялық тіркес туралы мəселе синтаксис 
тексеретін шеңберден шығып кетеді. Тіпті мұның 
лексикология, фонетика, грамматика сияқты өз алдына 
жеке сала болып зерттелуіне де қақысы бар.
Фразеологизмдердің тек өзіне ғана тəн өзгеше 
белгілері бар. Осы белгілер тілдің бұл категориясын өз 
алдына жеке сала ретінде қарастыруға итермелейді. Əрі 
тілдің басқа единицалардан айырмасын айқындайтын 
негізгі ерекшелік болып табылады. Бұл белгілердің түрі 
мына төмендегідей:
а) лексикалық мəні,
ə) компоненттік құрамы,


34
б) грамматикалық категориялардың түрі. 
Бұл белгілердің тек фразеологизмдерге қатысты 
екенін дəлелдеу үшін сол фразеологизмдерді, тілдік 
единица сөзбен жəне сөз тіркесімен салыстыру қажет. 
Екеуінің де фразеологизмдермен ортақтасып кететін 
белгілері бар. Сөз тіркесі дегеніңіз фразеологизмдер 
жасалатын ұяның бірі.
Лексикалық мəні жəне грамматикалық жасауы 
жағынан сөз бен фразеологизмдердің ұқсасатын тұстары 
көп. Фразеологизм мен сөздің лексикалық мəнін ашқанда, 
олар біріне-бірі синоним болып келетінін байқау қиын 
емес. Мысалы: қас пен көздің арасы – лезде; жермен 
жексен қылу – бірдей, тегіс; төбе шашы тік тұру – 
үрейлену; жерден жеті қоян табу – қуану; ит жеккен – 
алыс; үріп ауызға салғандай – сұлу т.т.
Фразеологиялық тіркестердің жеке сөздер тектес 
стилистикалық өңі ажарлы келеді. Сөйлемдегі орнына, 
қолданылу жүйесіне қарай фразеологиялық тіркестер 
кейде еркін тіркесіп, кейде тұрақтанып қалатын тұстары 
бола береді. Мысалы, ат үсті деген фразаны алайық. 
«Бұрын көлік мініп көрмеген қызға ат үсті жайсыз 
көрінді». Мұнда фразалық мəн жоқ. Ал, «олар мəселені 
ат үсті қарады» десек, бұл фразеологиялық мəні бар 
тіркес.
Фразеологизмдер тіл-тілдің бəрінде бар құбылыс. 
Жəне бұларды тілдік бөлекше бір сыпаттағы, шырыны 
мен сөлі таусылмайтын дəмді элементтері деп айтуға 
болар еді. Тілдің байлығы, тілдің сұлулығы, тілдің 
өткірлігі дегеніңіздің айрықша көрінер жері осы фра-
зеологизмдер маңы. Ойды əсемдеп айтуды үйренудің 
мектебі осылар. Сөзіңіз нақты, дəлелді болсын десеңіз, 
өңменнен өтіп, қолқаны қозғайтын дəрежеде болсын 
десеңіз, халықтың хас туындысы – айшықты сөздер 


35
тобының тамырын басыңыз. Сонда ғана сіз тілдің 
қасиеті деген не, байлығы деген не сияқты сауалдарға 
нақты жауап бере аласыз.
Қай елдің, қай жазушысының қай шығармасын 
алсаңыз да тілдің осы халықтық элементтерінің 
сан түрін табуға болады. Яғни қаламгерлердің қай-
қайсысы да сөйлеудің халықтық формасын пайдалануға 
бейім. Осының өзінен-ақ ғылымдағы фразеологизм 
проблемасының мейлінше қызықты, мейлінше қиын 
проблема екенін байқау қиын емес. Осыларды ғылыми 
проблема ретінде қарастыратын əр алуан еңбектердің 
сөлін сүзсек, мұның не қилы мəселелері айқындала 
түседі екен.
Фразеологизм мəселесі көптен сөз болып келеді. Оның 
бүкіл ішкі-тысқы қасиеттерін ашып, оларды қолданудың 
пайдасы мен заңдылықтарын аршып берген еңбектердің 
санының өзі мыңға тартады.
Лингвистиканың жеке тарауы ретінде қалыптасып 
келе жатқан фразеология жайында жазылған зерттеулер 
өте көп. Мəселен, 1964 жылы шыққан «Проблемы 
фразеологии» деп аталатын жинақта 500-ден астам 
зерттеу жұмыстары көрсетілген болатын. Содан бергі 
аралықта мұндай еңбектердің саны едəуір екі, үш есе 
молайғаны мəлім. Бұл орыс ғалымдарының зерттеулері 
ғана. Ал туысқан ұлт республикаларының ғылыми 
жұмыстарымен 
танысар 
болсаңыз, 
фразеология 
мəселесіне арналған сан түрлі зерттеу еңбектерін 
табасыз. Осының бəрі фразеология проблемасының өте 
қызықты əрі қиын проблема екенін байқатады.
Проф. Б.А.Ларин 1956 жылы фразеология лингвис-
тикалық пəн (дисциплина) ретінде «жасырын даму» 
(«скрытого развития») дəуірін бастан кешіруде деп 
жазған еді. Жоғарыдағы еңбектерді талдап таныссаңыз 
«жасырынбақтың» күні өтіп, енді ғылыми айтыс, талас 


36
дəуірі басталған тəрізді. Қазір фразеологияның мəнін, 
міндетін, аумағын түсінуде əртүрлі бағытты ұстанатын 
бірнеше ағым пайда болғанын байқау қиын емес. 
Қаншама еңбектер жазылғанмен, фразеологияның небір 
қызықты проблемалары біртіндеп ашылып, дəлелденіп 
келе жатқанмен, əлі де даулы мəселелері жетерлік.
Əдетте, біздің сөйлеуіміз шай ішу, ағаш үй, бір үзім 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет