поэтикалық перифраз, перифраз-табу деп бөле қарайды.
145
Егер перифраз жоғарыда айтқандай, көркемдеуіш
құралға жатса, əрине, бұл стилистика саласынан алысқа
кете қоймайды. Өйткені стилистика дегеніміз – тіл
материалдарын мағынасына, əсеріне қарай пайдалана
отырып, ойды дəл ашық жəне тартымды етіп жеткізе білу
үшін қолданылатын құралдар тұралы ілім. Перифраз
сөзге, ойға көркемдік қасиет берсе, оны стильдік мағына
демей, не деуге болады. Сондықтан да стилистер бұған
көңіл бөлмей тұра алмайды.
70-жылдардың ортасында стилистика жөніндегі
еңбектерде «метафоралық перифраз» термині қолданыла
бастайды. Онда заттың, құбылыстың образды белгісі
(сипаты – обозначение), екі не бірнеше сөзден
құралып, метафоралық мағына беріп тұратынына назар
аударылады.
Жалпы перифраз жəне метафоралық перифраздың
стильдік мүмкіндігін зерттеудің нəтижесі əлденеше
зерттеу мақалалар (А.Р. Обердорфер, 1870, 1983;
И.А. Аникина, 1974; Д.П. Вовчок, 1974; А.А. Брагина,
1977, 1986) жəне диссертациялық жұмыстарда
(И.З. Ильина, 1954; И.Л. Рапшите, 1973; Г.С. Розанова,
1973) қарастырылған. Зерттеушілер бұл еңбектерінде
бірнеше мəселе көтереді.
Біріншіден, бұларда метафоралық перифраздың,
көркем əдебиеттегі индивидуалдық поэтикалық мета-
форадан айырмашылығы көрсетіледі. Бұл айырмашы-
лықтар А.А. Брагинаның ойынша, метафоралық, пери-
фраздың шарттылығы, əдемілігі, үйлесімділігі, таным-
дылығына байланысты.
Екіншіден, перифраздың функциясы (С.Я. Макарова,
1972, 1973, 1976, 1977), аталған затты суреттеу қызметі;
автордың процеске, затқа, құбылысқа, сонымен бірге,
сатиралық жəне эвфемизмдік қызметі (Н.В. Романовская
1978), жайы қарастырылады.
146
60-70-жылдары орыс жазушыларының шығар-
маларындағы перифраздың көркемдегіш мүмкіндігі
зерттеле бастайды (В.П. Уткина, 1959; Н.Н. Иванова,
А.Д. Григорьевна, 1969; Л.Н. Синельникова, 1973, 1975;
О.С. Юрченко, 1983).
Бұл жылдары стилистермен бірге фразеологтар да
перифразға көңіл бөле бастайды. Стилистер перифраз-
ды тек тексте ғана көркемдеуіштің басты құралы десе,
фразеологтар оны басқа фразеологиялық единицалармен
ұштастырады, мағынасының тұтастығы жəне бөлшек-
тенбейтіндігіне мəн береді.
Фразеологтар перифраздану мəселесіне жəне пери-
фраз деп нені түсінеміз дегенге көбірек көңіл бөлген.
Б.В. Томашевскийдің еңбегінде «в описательных
формулах, заменяющих обычное слово, могут быть слова
«прямого и переносного» значения, а для поэтической
речи более употребительны перифразы метонимического
или метафорического типа» [221] деп перифраздың
қасиеттерін бөліп көрсетеді. Оның бұл ойын дамыта
отырып, П.Р. Гальперин: «Это такой стилистический
прием, который в форменного словосочетания или целого
предложения заменяет называние соответствующего
пердмета или явления. Перифраз обычно выделяется
одно из черт явлений, которая представляется в данном
конкретном случае характерной, существенной...
Наиболее частой и одновременно наиболее характерной
функцией перифраза является функция дополнительной
характеристики описываемого явления или предмета
действительности» [147], – дей келе, перифраздың
3 тобын – логикалық, метафоралық жəне метонимиялық
деген түрлерін атап көрсетеді. И.Р. Гальпериннің ойын-
ша, перифраз дегеніміз заттың, құбылыстың өз атын
атамай, оның қасиетін ғана образды немесе анықта-
147
малы түрде суреттеп көрсету. Бұл классификацияға
тура мағыналы перифраз бен ауыспалы мағыналы пери-
фраздар кіреді.
Ал профессор А.И. Ефимов перифразды образды
синоним деп қарайды. Бұған оның «Для перифразы
характерно переносно – иносказательное наименование
лица или предмета употребления вместо обычных рече-
вых средств, при помощи которых дается художествен-
ное описание и создается образная характеристика
предмета или явления» [156], – дегені дəлел.
А.Д. Григорьева перифразға: «Причинами, стимулиру-
ющими перифрастиность речи, может быть и желание
ввести запретные предметы в поэзию (перифраза
как эвфемизм) и стремление к своеобразно понятой
красивости, к речевому разнообразию, и желание создать
особое настроение путем затушевывания предмет-
ности, вещественности, материальности» [151], – деген
анықтама береді.
А.Д. Григорьева, П.Р. Гальперин мен А.И. Ефимовтың
көзқарасын қолдай отырып, перифразды поэзияда
қолданудың кейбір себептерін де ашуға тырысады.
Оның ойынша, суреткердің тыйым салынған заттарды
поэзияға кіргізгісі келуі, немесе əдемілікке, сөз
қайталамаушылыққа ұмтылуы, оқушы сезіміне əсер ету
мақсаты перифраздың тууына түрткі болады. Біздіңше,
А.Д. Григорьеваның бұл байымдауы дəйекті. Неге
десеңіз, əрбір ақын өз шығармасының əсерлі болуын
көздейді. Ал əдемілік (көркемдік) пен сезімге əсер ету
образдылықтың басты белгілері. Бұл зерттеулердің
қай-қайсысын алсақ та, перифраздың толық жəне
қайшылықсыз жүйесін анықтап бере алмайды.
Ол перифраздың структуралық-семантикалық екі
типін бөліп көрсеткен. Ю.А. Гвоздаревтің топтастыруы
148
өзінің логикалық жүйесімен ерекшеленеді. Дегенмен,
бұл да толық деп айта алмаймыз, өйткені мұнда ол
номинативтік мағынадағы перифраздар («город трех
революции» [149] – Ленинград, «Родина великих
живописцев» – Италия), яғни құрылымы сөз тіркестеріне
ұқсас перифраздарды елемеген.
Осы шолудан байқалатынындай, зерттеушілер əр
алуан пікір жетегінде болғанмен, бір түйінге келіп
тірелетін сияқты. Осының өзінен-ақ бұл мəселені
түбегейлі зерттеу қажеттігі көрінеді.
Жалпы А.А. Потебня мен В.П. Уткинаны қолдай
отырып, біздің ойымызша, перифразға тек бейнелі
көркем тіркестерді жатқызғанымыз жөн болар дей-
міз. Бұндай перифраздар фразеологиямен тығыз
байланысты. Бұл жайында В.П. Уткина өте құнды
пікір айтқан: «Иносказательное выражение понятия
может представлять собой словосочетание чисто
индивидуальное, независимое, принадлежащее опреде-
ленной личности, но вполне возможен такой случай,
когда перифраза выражается с помощью словосочетания
привычного, употребительного, обработанного в речевой
практике коллектива и существующего долгое время
в языке. Следовательно, понятие перифрастического
оборота перекрещивается с различного рода фразео-
логизмами» [227].
Перифраз – ерекше сөз тіркесі. Ол сөздің жай ғана
эквиваленті емес, ол сөздің семантикасына бір жаңалық
енгізе келе, затқа, құбылысқа қосымша түр, көрініс бе-
реді. Осы орайда Т.А. Прокудинаның берген анықтама-
сын да есте тұтқан жөн. «Перифраза – оригинальная
комбинация слов, которая не имеет эквивалента среди
свободных (переменных) словосочетаний обладающая
целостным значением, соотнесенная с одним денотатом,
являющая образным синонимом слов, но вносящая
дополнительную информацию о предмете или явлении».
149
Ал Н.Н. Иванова перифраз туралы: « ... вопрос о
перифрастическом выражении какого-нибудь явления,
...действия или процесса, является и вопросом о
синонимических средствах», – дегенді айтады. Н.Н. Ива-
нованың перифразды синонимдік тəсілмен байла-
ныстыруын орынды пікір деп ойлаймыз. Соңғы 20 жыл
ішінде осы пікірді қуаттайтын көптеген еңбектердің
жазылуы (В.И. Зимин, 1963; И.И. Кирсанова, 1964;
С.К. Бережан, 1973; И.В. Черкасская, 1976; А.А. Брагина,
1986; Т.Қоңыров, 1966) тіпті де тегін емес.
Перифраздың фразеологизмге негіз болатынын айта
келіп, Л.Н. Синельникова А.И. Моложайды қолдайды.
Ол атап айтқанда перифраз туралы: «Традиционных
же перифраз в общелитературном языке т.е. перифраз
единицы словаря не существует: возникнув в речи, так
называемые традиционные перифразы, благодаря ре-
гулярности, частоте употребления, приобретают черты,
свойственные фразеологизмами », – деп жазады.
Сөйтіп, Л.Н. Синельникова перифраз бен фразеоло-
гизм арасын айырып (перифраз – сөйлеу единицасы да,
фразеологизм – тілдік единица), «дəстүрлі» (тұрақты)
перифраз бен «индивидуалды-авторлық перифраз»
дегенді түсіндіре келіп, перифраз бен сөз – денотат
арасындағы синонимдік қатынасты талдай келе пери-
фрразды 4 топқа бөліп қарастырады:
а) перифразы – логические синонимы («работник
полей» – колхозник):
б) перифразы – соотносимые с синекдохой («люди в
синих шинелях» – милиционеры):
в) перифразы – тождество («первооткрыватель
радио» – А.С. Попов).
г) перифразы, называющие и экспресивно харак-
теризующие денотат («желтоволосый отрок» – месяц).
150
Л.Н. Синельникованың классификациясында тек есім
(именные) перифраздар ғана қаралып, етістікті пе-
рифраздар (глагольные) ескерілмейді. Бұл – автордың
кемшілігі. Шындығында, ондай перифраздар көп-ақ.
Мəселен, етістіктің перифрастикалық формалары
тюркологияда біраз зерттеушілердің назарына іліккен.
М.С. Михайлов бірінші рет бұл формаға анықтама
беріп, оның жасалу жолдарын жəне мағыналық типтерін
ажыратып көрсеткен. Д.Г. Тумашева қандай тіркестерді
перифрастикалық форма деп атау керек екенін жəне
«бол» – көмекші етістігінің көмегімен жасалатын
тіркестерді қарастырған. Ал К.Сулайманов пен
К.А. Тұрсынқұлова етістіктің перифрастикалық форма-
ларын, құрылымдық түрлерін ашып көрсеткен.
Белгілі бір жазушының тілін зерттей отыра, пери-
фразға жанамалай тоқталып кеткен тілшілеріміз де
жоқ емес. Мəселен, Т.Қоңыров Сəкен Сейфуллин тілін
зерттегенде перифразды образды синонимдер деп, оған
мынандай анықтама бере кетеді: «Перифраз дегеніміз –
затты, процесті, құбылысты өз атымен атамай, басқаша
атау əрі соның негізінде бір қасиетін келтірінді мағы-
нада қолдана отырып, соны образды түрде сипаттау,
анықтау» десе, Қ.Мұхамеджанов: «Қазіргі қазақ тілін-
дегі сөздердің ауыс мағынасына жатқызып, заттың,
құбылыстың, процестің атауын оның өзіне тəн
белгілерінен басқа астарлы мағынада суреттеу əдісі», –
дейді.
Ал К.Шəменов С.Торайғыров тілін зерттей келе
перифразды емеурін деп алып, оны символ, аллегориямен
ұштастырады да, оны көбінесе сатиралық сипатта
болады деп түйеді.
Тіл білімінде А.А. Потебня: «Перифраз дегеніміз
суреттеп атау, қомсынып айтсақ, айналсоқтап сөйлеу»
(«Перифраз – описание хуже обиняк, речь околицею,
151
окололичнословие») деп анықтама береді. Əйгілі
ғалым Ш.Балли перифразға берген анықтамасында
«қайта айтып беру» (повторение), «қайталап айтудың
кеңейтілген түрі деген. Қазақ тіл білімінде осы ойды
айтқан академик З.Қабдолов «қайта айтып беру» дейді.
Проф. Ə.Болғанбаев өзінің «Синонимдер сөздігінде»
жазған кіріспе сөзінде перифраздар синонимдерді
қолданудың тағы бір тəсілі деп көрсетіп, жеке сөздің
орнына оның түсінігін сыпаттап беру деп анықтама
береді.
Қазақ тіл білімінде перифраз мəселесінде кеңірек
тоқталған профессор Р.Сыздықова көріктеу құрал-
дарының ішінде көп айтылмайтыны перифраз деп, оның
себебі біртектес троптық категорияларды бір-бірінен
дəл ажыратушылықтың жоқтығынан деп көрсетеді.
Өзінің «Абай шығармаларының тілі» деген еңбегінде
перифраздарға талдау жасай келе, ұлы ақынның тіліндегі
перифразды қолданумен қатар (өмірді «бұлдыр заман»
деуі: «қайта айналмас, жаңғырған бұлдыр заман», «сұм
жалған», «қайран дəурен» деуі: Бір қызық ісім екен
сұм жалғанда, Қалжыңдасып өткізген қайран дəурен),
перифрастикалық тіркестердің небір ойға келмейтін
түрлерін жасайтынын сөз етеді. Мысалы: «соқтықпалы,
соқпақсыз жерде өстім» деп, Абай өзі өскен ортаны,
өзін қоршаған сол кездегі əлеуметтік, қоғамдық ой-
пікірді айтып отырса, əбден қажыған кезін, өзінің бір
жабырқау күйін ақынның «сұрғылт тартқан бейуақ»
деп беруі тіпті əсерлі бейнелеу деп таниды. Проф.
Р.Сыздықова, сонымен бірге Абайдың жаңаша жасалған
перифраздарында Пушкин мен Лермонтовтың əсері
байқалатынын дəлелдейді.
Шынында, Абай тіліндегі перифраздар өзіндік
ерекшелігімен бой ұрып тұрған, бейнелі, көркем,
жаңашыл – өте шебер жасалған жəне қисынымен
қолдауын тапқан тіркестер. Олардың эстетикалық
құндылығы осында деп көрсеткен проф. Р. Сыздықова
перифразға «құбылыстың, заттың, айрықша белгісін
ерекшелеп, айқындап, оны сипаттап көрсету» [220] деп
анықтама береді.
Сонымен, біз барлық тілшілеріміздің еңбектеріне,
энциклопедия мен сөздіктерге сүйене отырып, перифраз
туралы өзіміздің көзқарасымызды ортаға салып, бір
анықтама беруге тырысып отырмыз. Яғни перифраз
дегеніміз – затты, процесті, құбылысты өз атымен
атамай, басқаша атау əрі соның негізінде сол заттың,
процестің, құбылыстың ең негізгі бір қасиетін келтірінді
мағынада қолдана отырып, соны образды түрде сипат-
тау, анықтау.
153
Достарыңызбен бөлісу: |