Перифраздары



Pdf көрінісі
бет50/80
Дата26.10.2022
өлшемі1,63 Mb.
#45500
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   80
Байланысты:
Ө.Айтпаев Қазақ фразеологизмдері

рыш атауының ығымен жасалған қызыл отау да – 
метафоралық тіркес. Мұнда қызыл қарын, терең сыр, 
қиял мекені сөз орамдарындағыдай бейнелілік, поэти-
калық астар жоқ. Ал перифраздарда бейнелілік қасиет 
үнемі болады. Онда образдылық, көркемдік мүлде 
жоғалмайды. Бұл перифраздың ең үлкен ерекшелігі. 
Осыған орай, басқаша айтқанда, троптың басқа түрлері 
сияқты, перифраз да метафора тудыратын өнімді тəсіл-
дердің бірі. Анықтап айтсақ, ең алдымен перифраз бо-
лады да содан барып семантикалық мағынасына қарай 
басқа троптарға бөлініп кетеді. Бұған төмендегідей 
мысалдар дəлел:
Ыдысысың параның 
Қотара құйса толмайтын (XVIII – XIX ғ.).
Айталық əңгіменің жібін үзбей, 
Əйтпесе тыңдаушымыз кетер жеріп (І. Ж.).
Адамның бурасына адам батып,
Батылдық күресуге етер де емес (Сонда).
Көсемі көш алдында басшы болып,
Бақыттың жайлауына қонған тұсы 
(Сонда).
Қызықтың айдынына құлаш ұрып,
Армансыз қаздай қалқып қудай жүзген 
(Сонда).


214
Тарихтың таңы атпастан ерте жасап,
Талайды қазақ түгіл көшірген тас (Сонда).
Даналықтың нұрлы шамы сөнді ғой (Сонда).
Тіршіліктің перделерін ашады (С.С.).
Ғайша жайын сырттан сөз қылушы қызыл ауыздар 
бар еді (М. Ə.). 
Ақбота болса, жылқышылардың қызыл кеңірдек 
болып ұғындыра алмаған ойын бір сөзбен-ақ түсіндірер 
еді (М. Д.).
Жан сарайының тереңінде жатқан, кім көрінгенге 
айтыла бермейтін небір құпия сырларын ақтара салғысы 
келді (С. О.).
Талаптың мініп тұлпарын,
Тас қияға өрледің (Абай).
Мына «ыдысысың параның», «əңгіменің жібі», «адам-
ның бурасы», «бақыттың жайлауы», «қызықтың айды-
ны», «тарихтың таңы», «даналықтың шамы», «тіршіліктің 
пердесі», «жан сарайы», «талаптың мініп тұлпарын» 
тəрізді асты сызылған сөз тіркестері нағыз перифраздар 
деп ойлаймыз. Адам баласының тойымсыздығын, пара-
қорлығын – «ыдысысың параның» үлкен, толымсыз 
ыдысқа теңеп, рахат, тыныш өмірді жайлауға – «бақыттың 
жайлауы» деп перифраздап айту да кез келген ақынның 
қаламына сай нəрсе емес. Жаңа өмірге келу немесе тірші-
лік есігін ашуды да «тіршілік пердесін ашу» деп перифраз-
дау да сөз бедерінің тамаша түрі.


215
Адамның ішкі дүниесінің өзі де бір жатқан сарай 
емес пе, осыны «жан сарайы» деудің өзі қандай əсерлі. 
Міне, бұл да сөзді перифразданудың жарасымды үлгісі. 
Я, болмаса, кісінің талабының зор екендігін тұлпарға 
теңеп, «талаптың мініп тұлпарын» деп перифраздап 
отыр. Осы келтірілген тіркестердің бəрінің де лин-
гвистикалық табиғатына бойлай отырып, олардың 
лексика-семантикалық мəніне үңіле түсіп, біз мұны 
метафоралық перифраздар деп атадық.
Бітпейді ішімде
Ғашықтық жарасы (Абай).
Сұм өмір сенен кəəусер ішем деп ем
Тұрмыс тонын өзімше пішем деп едім (С. М.).
Алтайдың Қайсар ойын отыр сезіп,
Ол-дағы ой сарайын тартты (Сонда).
Бұлттарын айдап бұрқыратып,
Күркіреп аспан сөйледі (С. Мəуленов).
Əйелдің мен бір шолпанын көрдім (Ж. А.).
Ала кестелі жібекке оранып, жасарған қара жер 
қызыл күннің көктем күліп тұрған алтын нұрына балқып, 
рахаттанған денесін төсеп, жас босанған, қалжасы жаққан 
келіншекке жадырап көсіліп жатқан тəрізді (С.С.).
Мына «тұрмыс тонын пішу» тұрақты сөз тіркесі, 
негізінде «өз ойынша өмір сүру» деген сөз ғой. 
Шындығында, өмір сүру үшін алға қойылған мақсат, 
жоспар өзінше бір тон пішкенмен бірдей. Осыны автор 


216
бейнелеп «тон пішу» деп отыр. Немесе «күркіреп аспан 
сөйлейді» аспандағы найзағайдың күркіреуі ол да 
өзінше аспанның сөйлеуі іспетті. Бұл да жақсы табылған 
образды теңеу немесе перифраз. Басқа мысалдарды да 
осы ретпен беруге болады.
Мұндай метафоралық перифраздар сөйлеу тілінде 
көркем шығармаларда, мақал-мəтелдерде, жұмбақ-
тарда, басқа да фольклорлық шығармаларда кеңінен 
қолданылады. Демек, көп жағдайда перифраз бен 
метафора бір-бірімен байланыста болып, бір-бірімен 
астасып жатады. Кейде бұлардың бірінен бірін айыру 
қиынға түсуі мүмкін. Бір ескеретін жай мынау: мұндай 
құбылыс екі не онан да көп мүшелі метафораларға тəн 
болады.
МЕТОНИМИЯЛЫҚ ПЕРИФРАЗДАР
Əдетте метафора мен метонимия өзара ұқсас келеді. 
Бірақ бұл екеуі бір құбылыс емес. Сөздің метонимиялық 
мағынасы жазба əдебиеттен гөрі көбінесе сөйлеу 
тілінен жиірек кездеседі. Мысалы: «Жақында үйімді 
көшіріп алдым» дегенде, үй дегенді дəлірек айтқанда, 
үй ішін көшіріп алу болып шығады. Осы мысалға 
қарап, кейбір заттар, не құбылыстар кеңістіктегі өзара 
байланыстылығында, 
мекендік 
қарым-қатынасына 
ір-гелес-шектестігіне қарай бірінің орнына екіншісі, 
яғни бірі екіншісінің атауымен аталып кетеді. 
Метонимияда метафорадағы тəрізді – заттардың өзара 
ұқсастығы емес, ол заттардың орын ерекшелігі, өзара 
қатынастығы, байланысы ескерілуі тиіс. Метафоралық 
мағына мен метонимиялық перифраздардың ең басты 
айырмашылығы осында.


217
Лингвистикалық əдебиеттерде, əсіресе қазақ тіл 
білімінде, метонимияға арналған толық зерттеулер 
жоқтың қасы. Тек Л. Нұржекееваның «Метонимияның 
лингвистикалық табиғаты» атты диссертациясы жəне 
жоғарыда айтылып кеткен профессорлар Ғ. Мұсабаев, 
Ə.Қайдаров, Р.Сыздықова, Ə. Хасенов, З. Ахметов, 
Т. Қоңыров, Р. Барлыбаев, Б. Хасанов, Қ. Мұхамеджанов, 
жəне басқалардың метонимия жөнінде айтқан бірлі-
жарым пікірлерін ғана атап өтуге болады. Метонимия
грек тілінің («переименование») «атын өзгерту, қайта ат 
қою» деген сөзі бойынша жасалған термин. Сонымен, 
бір заттың немесе құбылыстың атауының екінші затқа 
не құбылысқа олардың заттардың не құбылыстың өзара 
іргелестігі, шектестігі негізінде атау болып ауысуы 
жəне осыған орай сөздің ауыспалы мағынада жұмсалуы 
метонимия деп аталады.
Ал сөзді басқа сөзбен келтірінді мағынада атау, 
əрине перифраз. Демек, метонимия мен перифраздың 
да, айтып кеткеніміздей, тегі бір болып шықты. Сөз 
тіркесінің келтірінді мағынасы перифраз болады да, 
содан барып метонимияға бөлінеді. Бұл жайында 
Б.В. Томашевскийдің «Стилистика» деп аталатын 
кітабында «Когда развивают метонимию, получается 
то, что носит название перифраз (от греческого слова 
peгiphrazo – пересказ)» – деген [225]. Негізінде метони-
мия да, перифраз да тілде барлық уақытта бірге жүрген, 
бірақ та олар белгілі бір уақытқа, əдеби мектепке 
тəн болады. Əсіресе олар жай сөздерді поэтикалық 
сөз емес деп санаған уақытқа сай еді. Сондықтан 
да тілге поэтикалық əсер, нəр беру үшін, көптеген 
ақын-жазушыларымыз əртүрлі басқаша айту, бейнелі 
түрде сипаттау құралдарына жүгінген. Метофора мен 
метонимия сөз мағынасын басқаша айтудың ең басты 
түрлері.


218
«Перифраза строится на принципе развернутой 
метонимии» [193]. Енді мына мысалдарға қарап көрелік:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет