231
Ал мəтелдерде негізгі айтылатын ой-пікір жанамалап,
сілтеме-ишара түрінде беріледі.
Мысалы:
Күш атасын танымас.
Айласыз батыр алдырар.
Нар тəуекел – ер ісі.
Мақал-мəтелдердің, көпшілігі ауыспалы, келтірінді
мағынада беріледі.
Мысалы: Əркімнің өз шығар биігі бар.
Кісінің шырайына қарама, райына қара.
Оқ жетпес жерге қылышыңды суырма.
Мақал-мəтелдердің құрылысы тұрақты.
Олар өзара
ұқсас, тектес болғанмен, əрқайсысының бір-бірінен
айырмасы, өзіндік ерекшелігі бар. Жоғарыда айтқаны-
мыздай, мақал толық аяқталмаған ойды білдіреді, дербес
тұжырымды ұғым береді. Ал мəтелде сөйлем аяқталмай
тұрады, ондағы сөздер
басқа сөйлемдермен қосылған-
да ғана айтылмыш ойды анықтайды, толықтырады.
Үлкен Совет энциклопедиясы мақалды былай
сипаттайды: «Пословица – меткое изречение, которая
обобщает и типизирует различное явление жизни».
«... Пословицы и поговорки образцово формирует весь
жизненный, социально-исторический
опыт трудового
народа».
«Поговорка образное выражение, оборот речи, метко
определяющий явление жизни, в отличие от пословицы,
лишена обобщающего поучительного смысла».
232
Бұған қарағанда мақалға тəн қасиет өмірдегі түрлі
құбылысты жинақтау жəне типтендіру, əрі дөп айтыл-
ған сөз болуы, ойды түгел беру, əрі қорытынды жасауы,
мақалды, ойды толық жеткізбей тұспалдап қана айтуы.
Егер ол бейнелі сөз болса əрі дəл айтпай тұспалдап,
келтірінді
мағынада айтса, ол да перифразға жақын
болмай ма? Негізінен көркем əдебиетке, соның ішінде
поэтикалық туындыларға тəн көркемдегіш құралдардың
баршасы дерлік мақал-мəтелдерге тəн болып келеді.
Мақал-мəтелдер сол себепті де сезімді селт еткізіп, ақыл-
ойға сəуле шашады. Сап алтындай таза, қоспасыз асыл
сөздер. Ықшамдылығымен өткірлігі, көркемдік жəне
идеялық тұтастығы арқасында тез жатталады, адамның
жадында ұмытылмай сақталады.
Бұл барша халықтар-
дың шынайы мақал-мəтелдерінің тозбас қасиеті.
Ердің құнын екі сөзбен бітірер.
Жүрген аяққа жөргем ілінеді.
Жын соққаннан
мың соққан жаман.
Ерді кебенек ішінде таны.
Қисайған ауызды қырық дəрімен сыласа да түзелмейді.
Бір басты асырайтын екі қол.
Жүйрік ат аяғынан ақсайды,
Достарыңызбен бөлісу: