Перифраздары



Pdf көрінісі
бет58/80
Дата26.10.2022
өлшемі1,63 Mb.
#45500
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   80
Байланысты:
Ө.Айтпаев Қазақ фразеологизмдері

Бірінші жол. Фразеологизмдердің мазмұны мен 
формасы, тіпті экспрессивті-эмоциялық əсері де түгел 
жеткізіледі. Басқаша айтқанда, фразеологизмдердің 
заттық бейнелі мағынасы толық сақталады.
Екінші жол. Фразеологизмдердің мазмұны толық 
жеткізілгенмен, лексика-грамматикалық құрылысында 
аздаған өзгерістер жасалады. Яғни мұның заттық-
бейнелі мағынасы жартылай сақталады.
Үшінші жол. Халықтар өміріндегі ұқсас тіршілік пен 
құбылыстар нəтижесінде жасалған мақал-мəтелдерді 
бір-біріне дайын балама ретінде пайдалануға болады. 
Мұндай лексика-семантикалық топтар қай халықта да 
жетерлік. Тек соны таба білу керек.
Бұл тəсілдердің ешқайсына да салуға көне бермейтін 
біраз мақал-мəтелдер бар. Олар ұлттық бояуы айқын 
фразеологизмдер. Бұлар аударылса ұлттық ажарынан 
айырылады, аудармауға тағы болмайды. Осындай 
өзгешелігі жағынан бұлар идиомдарға келетін тəрізді. 
М. Горький аудармашылары мұның да əрқилы амалын 
карастырған. Негізінен орыс тілінің небір қиын сөз 
орамдарын да аударуға болатынын, олар қазақ тілінің 
материалы арқылы дəлелдеуге тырысады.
М. Горький фразеологизмдерін аудару үшін алдымен, 
олардың 
шығармаларындағы 
қолданылу 
өрісін, 
көлемін, түрін, мақсатын анықтап алу қажет. Өйткені 
фразеологизмдер 
жазушының 
негізгі 
мақсатына 


259
орай стильдік қызмет атқарды. Ендеше жазушының 
стилистикалық мақсатына орай олардың аудармасын 
қарастырған жөн.
7. М. Горький фразеологизмдерді кейіпкерлер 
образын дараландыру үшін қолданады. Бұл қол-
даныстың мынадай түрлерін атап көрсетеміз. Ол 
халықтың қарапайым нақыл сөздерін кейде өзгертпей 
сол күйінде алса, кейде кейіпкерлердің іс-əрекеті, 
мінез-құлқына байланысты неше саққа салып өзгертіп, 
құлпырта қолданады. Олардың лексика-грамматикалық 
құрылысына өзгерістер енгізеді. Ал енді бір сəтте 
Горький кейіпкерлері халықтық фразеологизмдерге 
бергісіз мүлде жаңа афоризмдермен сөйлеп кетеді. 
Мұның бəрінің сыр-сипатын айырып, эмоциялық-
эстетикалық əсерін білу оңай емес. Аудармалардан 
байқауымызша мұндай тұстарды жеткізуге қазақ тілінің 
мүмкіндігі мол. Соларды аудару арқылы тіліміздің 
экспрессивті-эмоциялық мүмкіндігі аршыла түсті. 
Көптеген сөздеріміз жаңа мағыналық реңкке көшіп, 
стилистикалық өрісі кеңейді.
М. Горький қолданған əр алуан фразеологизмдерді 
аудару арқылы, оларға балама іздеу арқылы ана 
тіліміз даналық сөздер қорының қатарын молайтты. 
Қаламгерлеріміз осылар арқылы да бейнелеу құралын 
күшейтті. М. Горький шығармаларындағы нақыл 
сөздерді аударудың осылай бірте-бірте семантикалық 
жүйесі жасалады.
М. Горький творчествосына тəн ерекшеліктерді 
саралағанымызда жазушының өзіндік өзгешелігін 
айрықша танытатын тілдік құбылыстары мол екенін, 
оларды қазақ тіліне аударуда ана тіліміздің де 
мүмкіндігі жетерлік екенін байқадық. Бұл жерде, тек 
фразеологизмдердің əрбір шығармадағы стилистикалық 
қызметін айқындап алған жөн. Бұл аудармалар қазақ 
тілінің мəдениетін арттыруда үлкен рөл атқарды.


260
8. Алайда аудармалардың бəрі бірдей үлгі тұтарлық 
дəрежеде емес. Біз тексеріп отырған нақты мəселенің 
өзін жеткізуде де толып жатқан олқылықтар кеткен. 
Сондықтан аудармалардың біразын қайта қолға алып, 
бүгінгі талғам таразысына лайықты қайта жасау қажет.
Əрбір аударма – өз кезеңінің жемісі. Оның əрқай-
сысында автор стиліне қоса аударылған кезеңнің, 
аудармашылардың тіл ерекшеліктері мен стилі көрінеді. 
Олай болса М. Горькийдің тіл, стиль ерекшеліктерін 
аударушылар əрқилы түсініп, əрқилы жеткізуге ты-
рысады.
М. Горький фразеологизмдерін тексеру арқылы бұ-
ларды аудару мəселесінде екі тілді фразеологиялық 
сөздіктің аса қажет екені байқалды.
9. Ал перифраздарды зерттеу барысында бұл мəсе-
ленің түркологияда мүлде аз қарастырылғанын, қазақ 
тілінде арнайы монографиялық еңбектер тіпті жоқ 
екенін аңғардық. Бірақ арнайы зерттеу болмағанымен, 
бірен-саран ғалымдарымыз белгілі-бір жазушының 
тілін зерттегенде перифразға жанамалай соғып кетіп 
отырған. Əрине, бұл перифраздардың түбегейлі 
зерттеуіне толық айғақ болмайды. Оның тілдік табиғатын 
ашуға пікірлер мүмкіндік бере қоймайды. Біздің 
перифразды зерттеу объектісі етіп алғандағы екінші 
мақсатымыз, зерттеушілер назарына іліге қоймаған тың 
саланың сырына үңіліп, оның тілдік табиғатын ашу, 
фразеологизмдермен байланысын көрсету еді. Сөйтіп, 
перифраз жайында толық мəліметті жинақтап шығар-
сақ деген ойда едік. Бұл мақсат біршама орындалған 
түрі бар. Мұнда біз əуелі перифраздың құрылымдық 
жəне семантикалық типтері, сондай-ақ стильдік 
қызметіне назар аудардық.
10. Зерттеу жұмысымызда перифраздың, ең алдымен 
тілдік единица екені, соның ішінде оның фразеология 


261
объектісі екені айқындалады. Оны фразеологизмдерге 
жақын дейтініміз мынадай себептерге байланысты. 
Біріншіден, перифраздың көбінесе екі не одан да көп 
сөздердің тіркесуі арқылы жасалатыны, екіншіден, 
олардың мағынасы міндетті түрде келтірінді бола-
тындығы. Жиналған материалдарға қарағанда «отаға, 
отарба, төраға» тəрізді перифраздар екі сөздің тіркесуі 
арқылы да жасалатын болып шықты. Ал құрылымы 
жағынан олар фразеологиялық тіркестерге жақындау. 
Семантикасы жағынан троптармен ұштасып жатады 
екен. Оларды метафоралық перифраз, метонимиялық 
перифраз, синекдохалық перифраз, эвфемистік пери-
фраз, синонимдік перифраздар деп қарастыруымыздың 
негізгі мəні осында.
Мақал-мəтелдер құрамындағы перифраздар, қанатты 
сөздер, афоризмдер құрамындағы перифраздар, жұм-
бақтар, мұң-шер жырлары жəне толғаулар құрамындағы 
перифраздар деп бөліп қарастыруда да осындай мақсат 
көзделген.
Лингвистикалық тұрғыдан қарағанда перифраздар 
тұрақты 
(узуалды) 
жəне 
еркін 
(окказионалды) 
перифраздар болып екі топқа бөлінеді. Рас, екіншісінің 
үлес-салмағы біріншіге қарағанда əлдеқайда басым. 
Біз узуалдық перифразды «тілдік перифраз» деп, ал 
окказионалды перифразды «поэтикалық перифраз» 
деп алдық та, олардың тілдік табиғатын қарастырдық. 
Поэтикалық перифраздың кейбіреулері тілде жиі 
қолданудың нəтижесінде тұрақтанып, тілдік перифразға 
айналады. Ал поэтикалық перифраздардың көбі бір 
қолданыс ретінде қала береді. Алайда тілдік перифраз 
бен поэтикалық перифраздың екеуінің де грамматикалық 
құбылысы бірдей, екеуі де сөз тіркесі ретінде өмір сүреді. 
Бұл екеуінің семантикасында да айырмашылық жоқ, екеуі 
де келтірінді, суреттемелі, көркем мағынада болады. 
Қорыта айтқанда, тілдік перифраз бен поэтикалық 
перифраздың құрылысы мен семантикасы бірдей.


262
11. Зерттеу барысында перифраз мүшелерінің 
грамматикалық мағыналарына қарай, перифраздың есім 
жəне етістікті перифраздар болып бөлінетіні анықталды. 
Біз оларды құрамына қарай екі мүшелі перифраздар, 
үш мүшелі перифраздар жəне көп мүшелі перифраздар 
деп топтадық. Соның ішінде модельдік типтеріне қарап, 
бірнеше шағын топтарға жіктедік.
Сондай-ақ перифраз мағыналарына қарай, тақырып-
тық топтарға да жіктеледі. Айталық, табиғат құбы-
лыстарына тəн перифраздар, өсімдіктерге байланысты 
перифраздар, жан-жануарлар, құстарға байланысты 
перифраздар, қыз-келіншекке, сұлулық, əдемілікке, 
батырлық, ерлікке байланысты перифраздар, сонымен 
бірге адамның жан-дүниесіне байланысты перифраздар 
деп жіктеп бөліп бердік. Осылардың ішіндегі ең көп 
табиғат құбылысына, өсімдікке жəне қыз-келіншекке, 
сұлулыққа, əдемілікке байланысты перифраздар болып 
шықты.
12. Өзімізден бұрынғы ғалымдардың зерттеулеріне 
сүйене отырып жəне перифраздың лингвистикалық 
статусын анықтай отырып, біз оған мынадай анықтама 
бердік. Перифраз дегеніміз – затты, процесті, құбы-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет