Перифраздары



Pdf көрінісі
бет55/80
Дата26.10.2022
өлшемі1,63 Mb.
#45500
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   80
Байланысты:
Ө.Айтпаев Қазақ фразеологизмдері

Ақ сандығым ашылды,
Ішінен жібек шашылды (Күннің көзі). 


238
Қос əйнек, шыны да емес, темір де емес,
Бұзылса оны адам түзер емес,
Кезінде өзі ашылып-жабылады
Мағынасы қымбат нəрсе, арзан емес (Адамның көзі).
Уыстасам уысыма толмайды (көзді жұму), 
Қоя берсем, жер жүзіне симайды (көзді ашу),
Кішкентай ғана түйме тас,
Атан түйе тарта алмас (Кене) (Қ. Ж.).
Бір түкті кілем,
Бір түксіз кілем (Аспан, жер) (Сонда).
Япырым-ау, бір мақұлық осындай-ау,
Қасында екі сойыл емес жаяу,
Шабатын өткір оның қылышы бар,
Қолына түскен жанды болмайды аяу.
Жымқырып қиып алып шықса кəне,
Аспанның ол бір түрлі нажағайы-ау (Бүркіт).
Ақ сəлделі қожалар, 
Зікір салып сұңқылдар,
Өз тамағы тойған соң
Бейне жынды бұрқылдар (Самауыр).
Алпыс тісті айдаһар,
Еш қонса қадам баспайды,
Қозғамасаң жатады,
Ештеңеден саспайды.
Ағаштан тамақ жейді екен,
Жұтпай шайнап тастайды (Ара).
Тарауды қорыта келгенде, перифраздың тілде қол-
данылу белсенділігінің артып отыруы осы жоғары-
дағы санап, талдап өткен қасиеттеріне тікелей қатысты. 


239
Өйткені қисынын тапса, троптардың бұл түрінің мүм-
кіндіктері шексіз.
Жоғарыдағы мысалдардан көріп отырғанымыздай
заттың тура атын атамай, перифразды қолданудың 
қаншалықты қажеті барлығын көрдік. Осыны есепке ала 
отырып, бұлардың мағынасы басқаша берілуі де мүмкін 
екенін еске саламыз. Көркем образдылықты үнемі бір 
қалыпта тұрады деуге еш болмайды, тілдің күнделікті 
қолданысында, көркем əдебиетте, жеке авторлардың 
қолданылуында да ауыспалы мағыналы сөздердің 
қызметін түсінуде контекстің атқаратын рөлі ерекше. 
Ауыспалы мағынаның жасалуы жəне оның əрі қарай 
өміршеңдігі контекспен тығыз байланыстығы соншалық, 
Т. Колшанский айтқандай «троптар – контекстің төл 
туындысы».
ЕСТІРТУ, ЖҰБАТУ, КӨҢІЛ АЙТУ, ЖОҚТАУ
ҚҰРАМЫНДАҒЫ ПЕРИФРАЗДАР
Қазақ поэзиясының шағын түрлері: мұң-шер өлең-
дері («естірту», «жұбату», «көңіл айту», «жоқтау») 
құрамында да перифраздар көптеп кездесіп жатады.
ЕСТІРТУ. 
Өлімді қаза болған кісінің туыстарына жанамалап
орағытып, тұспалдап барып айту. Тікелей, ашық айта 
салмай, тұспалдап, басқа сөзбен айту, əрине, перифразға 
жақын. Мына мысалдар соның дəлелі болмақ.
Ақсұңқар ұшты ұядан.
Жол жетпейтін қиядан,
Қанаты бүтін сұңқар жоқ,
Тұяғы бүтін тұлпар жоқ.


240
Тозбасты ұста соқпайды,
Өлместі тəңір жаратпайды
Топырағы торқа болсын,
Қалғанға өмір берсін!
Қазақтың ханы Абылай!
Ақиықты аспанға
Ұшпастай ғып торлады
Құлағанға ұқсайды.
Қазақтың қамал қорғаны,
Қайғырмаңыз, ханзадам,
Айтпасыма болмады,
Батырың өтті Бөгембай.
Тау құлады шынарынан,
Айырылып шықты көздің шырағыңнан.
Айырылдың Жиреншедей ділмарыңнан
Көрсең көзіңнің раушаны,
Көңіліңнің күш-қуаты,
Жүрегіңнің ол дидары.
Көзіңнің ол жанары,
Айырылдың əспеттеген перзентіңнен.
Иманын айтып өлерде,
Иекке жаны келгенде
Сəлем айтты үш қайта,
Кеттім деп сізді көре алмай.
Батырды қолдан өткіздім,
Сəлемін міне жеткіздім.
Ей, Абылай, Абылай,
Сөзімді тыңда тағыда-ай!
Өзіңнен біраз жасы үлкен,


241
Демпеш таудай басы үлкен.
Жасында болған сырласың,
Үлкен де болса құрдасың,
Сексеннен аса бергенде,
Қайырылмас қаза келгенде
Батырың өлді – Бөгенбай.
ЖОҚТАУ.
Жоқтау өлген кісіні жоқтап сөйлеу. Жоқтау көбінесе 
белгілі адамдарға айталады. Қаза болған кісінің əйелі, 
я қызы, я келіні зарлы үнмен өлген адамның тірідегі 
істерін, қазіргі бастарына түскен қайғы-қасірет, күйік-
терін шағып, жылағанда айтатын жыр түріндегі сөз. 
Жоқтауды көбінесе ақындар шығарып береді, сондық-
тан олар көркем сөздерге жүгінуі əбден мүмкін. Соның 
бірі – перифраз.
Арғымақ үйірін сағынса,
Артқы аяғын қағынар.
Алғанын бейбақ сағынса,
Қаннан ендік (далап) жағынар.
Асыл да гауһар болатым,
Ұшайын десем қанатым,
Əкем қосқан қосақтан
Айырды шебер құдайым.
Мөлтілдеген қара көз,
Жаспен оны ояйын
Алшаңдап жүрген жас төрем,
Орныңа кімді қояйын.
Жануар жаз жайладым, күз жайладым,
Сыртына қызды ауылдың көп байладым.


242
Құлагер мерт болды деп естігенде,
Жұлдым да сақалымды ойбайладым (Ақан сері).
Жасқа жас, ойға кəрі едің,
Атаңның атын жоймаған.
Замана, неткен тар едің,
Сол қалқамды қоймаған (Абай).
Жиырма жеті жасында
Əбдірахман көз жұмды.
Сəулең болса басыңда,
Кімді көрдің бұл сынды (Абай).
Құйрықты жұлдыз секілді
Туды да, көп тұрмады.
Көрген, білген өкінді,
Мін тағар жан болмады (Абай)
Қайғы болды, күйгендей,
Ол қуатым еді рас.
Көзге қамшы еді рас.
Шыр айналды артқы жас (Абай).
Іздеп табар жаманнан
Бала берген бенде едім.
Бенде өлмейді арманнан,
Мінеки, мен де өлмедім (Абай).
Айналайын, құдай-ау,
Қапалық салдың жасымнан.
Шешенің зарын тарттырдың,
Бес жасымда басымнан.
Сөйлемей бенде шыдамас


243
Қайғы отына ашынған.
Жарымды көрмей неше жыл,
Қапалықты асырған.
Жарымды алып қор қылдың,
Жас өмірде тасынған.
Айырып, от қып өртедің,
Əбіш сынды асылдан.
Қызылды гүлді жасылдан.
Тым болмаса қызмет қып,
Өткізбедім қасымнан.
Жиырма екі жасымда
Мен айырылдым жарымнан.
Жарық сəуле көрмедім
Шыққалы ана қарнынан.
Күйік күшті түскен соң,
Кетеді екен сабырдан.
Қызықты күнім қалмады
Жылаған айтып зарымнан.
Көре алмай зар боп айырылдым
Құдай қосқан жарымнан.
Өзгеше болып жаралған,
Таныған жан қалпынан
Тілеуді кесіп құдайым,
Зарлатып қойды артынан.
Құдай салды жүрекке
Жалғанда бітпес жараны.
Қалқамды алып, құдайым,
Қоймады күйік бойыма ес.
Əбіш сынды жарымнан,


244
Айырылған соң барымнан,
Жалғанда болмас жұбаныш!
Көз жұмғанша дүниеден
Иманын айтып кеткені-ай!
«Бейсенбі ме бүгін?» деп
Жұмаға қарсы өткені-ай!
Жер күңіреніп, жұрт шулап,
Ағайын түгел жеткені-ай!
Жамиғат тоңбай күн жылап.
Тəңірім рахым еткен-ай!
Ием қабыл алды-ақ деп,
Көңіліме қуат біткені-ай!
Қуаттанып бақсам да,
Күнəлі нəпсім түтпеді-ай.
Ата тегі мұндағы
Орта жүздің ұлығы,
Ана тегі ондағы
Өзен судың тұнығы.
Екі асылдан қосылған
Сом алтынның сынығы,
Өлгенше естен қалмайды
Өзгеше біткен қылығы.
Қызыл балақ қыранның
Балапаны дерт алды.
Жеміс ағаш, бəйтерек
Балдырғанын өрт алды.
Артына белгі тастамай,
Жал-құйрығын келте алды,


245
Ағайынды тойғызбай,
Аз күн қоймай, ерте алды.
Көп жасамай, көк орған,
Жарасы үлкен жас өлім.
Күн шалған жерді тез орған,
Күншіл дүние қас өлім.
Артына белгі қалдырмай,
Бауыры қатты тас өлім.
Жыламайын десем де,
Шыдарлық па осы өлім?
Болмайды көштің көркі түйесі жоқ,
Сөз жаман таппай айтқан жүйесі жоқ
Баламды бірте-бірте ала берді,
Қала ма домбыранның иесі жоқ (Қ.Ə.).
Жолынан Мəдібұлақ ел көшеді,
Ұрысса екі ағайын сен деседі.
Баласы ер жігіттің өле берсе,
Шырағы жанып тұрған демде өшеді.
КӨҢІЛ АЙТУ.
Естірту, жоқтау сияқты көңіл айту да сөз өнерінің 
бір түрі. Көңіл айту да шеберлікті керек етеді, ақын-
жазушылар бұл жағдайда көркемдік құралдарға, соның 
ішінде перифраздарға да жүгінеді.
О, Жəке, жүз жасаған ақынымсың,
Қайғырып Алғадайға жатырмысың,
Сəулесін жүрегіңнің сөндірмеші,
Асқан еді Алатаудан ақыл-күшің,


246
Не күшті дүниеде, адам күшті,
Көрдіңіз бір ғасырда талай істі,
Миуалы Ұлы Отанның дарағы едің,
Жел соғып бір жемісің жерге түсті (Қ. Ə.).
ЖҰБАТУ.
Бермеген құлға, қайтесің,
Жұлып аларлық ерікті.
Ақжол тұра келген соң,
Шыдатпайды берікті.
Ғаріптікке көз жетті,
Алғаннан соң серікті.
Өмірін берген құдайым
Ажалын да беріпті (Абай).
Мұқұм қазақ баласы
Тегіс ақыл сұрапты.
Тобықтыны ел қылып,
Басын жиып құрапты.
Меккеде уақып үй салып,
Пəтер қып, жаққан шырақты.
Бір құдайдың жолына
Малды аямай бұлапты.
Ажал уақты жеткен соң,
Соның да гүлі қурапты.
Қажыны алған бұл өлім,
Сабыр қылсаң керекті (Абай).
Жылағанда тоқтатып.
Ынсап қылсақ жарайды
Қоймасаң, қайғы ауыр боп,
Тұла бойыңа тарайды.
Қызыл гүлің суалып,


247
Ақ көңілің анық қарайды.
Һəммə жанды аулымен
Патша құдай сынайды.
Бір сен емес жылатқан
Сыңарын алып талайды.
Бəрімізді аясаң
Тоқтау қылсаң ұнайды.
Ұмытқаның жарамас
Жаратушы құдайды.
Уақыты жетсе, құлайды.
Дəл уақыты жеткенде,
Талайдың гүлі қурайды.
Міне білемін, қайтейін,
Мұндай асыл тумайды.
Жылама, Мағаш, жылама,
Алладан өлім тілеме!
Қолдан ұшқан ақ сұңқар
Қайтіп келіп қонбайды.
Бір шешеден туғанда,
Бəрінен кетті тəуірім.
Көтермеске амал жоқ,
Көрдім дүние ауырын.
Тоқтамады, тұрмады,
Кетті ортадан асылым (Абай).
ТОЛҒАУЛАР ҚҰРАМЫНДАҒЫ ПЕРИФРАЗДАР
Ақындық толғау – қазақтың халық əдебиетінде 
ежелден келе жатқан, жанрлық жағынан лирикаға жақын, 
белгілі өлең түрлерінің бірі. Толғауда қоғам өмірінің 


248
маңызды уақиғалары, елеулі табиғат құбылыстары 
қамтылады немесе əлеумет өмірінде көрнекті қызмет 
атқаратын тарихи адамдардың өмірі, ісі сөз болады. 
Əрине, бұндайда ақын тілі көркемдік тəсілдерге бай 
болу керек. Соның бірі – перифраз. Ақын-жыраулардың 
толғауларын қарап отырсаңыз, алуан тақырыпты екенін 
көресіз. Олар өмірдің жалғандығын, жастық шақты, 
батырлық пен жауыздықты жəне сұлулықты толғай 
білген. Соның біразына шолу жасап көрелік.
Қоғалы көлдер, қом сулар
Кімдерге қоныс болмаған,
Саздауға біткен құба тал ағаш
Кімдерге сайғақ болмаған.
Басына жібек байлаған
Арулар кімдерден қалмаған.
Таңдап мінген тұлпарлар
Иесін қайда жаяу салмаған.
Құландар ішпес бұршақ қақ
Кімдерге шербет болмаған.
Садағына сары шіркей ұялап,
Жау іздеген ерлердің
Қайда басы қалмаған.
Мінелік те, түселік
Киелік те, ішелік
Ойналық та, күлелік
Қарап тұрсаң, жігіттер
Мына жалған дүние
Кімдерден кейін қалмаған!
Бұл үзінділерді де Махамбет өмірдің жалғандығын 
толғаудың көмегімен перифразды көптеп қолдана оты-
рып, əдемі жеткізген. Осы сияқты Ақтамберді жырау-


249
дың жастық туралы толғауында да перифраздар жоқ 
емес.
Күлдір де күлдір кісінетіп,
Күреңді мінер ме екеміз,
Күдеріден бау тағып,
Ақ кіреуке киер ме екеміз!
Жағасы алтын, жеңі жез,
Шығыршығы торғай көз
Сауыт киер ме екеміз! 
Ор қояндай жүгініп,
Аш күзендей бүгілтіп,
Жолбарыстай шұбарды
Таңдап мінер ме екеміз!
Сол тұлпарға мінген соң,
Қоңыраулы найза қолға алып,
Қоңыр салқын төске алып,
Қол төңкерер ме екеміз,
Жалаулы найза жанға алып,
Жау қашырар ма екеміз!
Тобыршықты ендіген
Толтыра тартар ма екеміз,
Тобылғы түбі құралай,
Бытыратып атар ма екеміз!
Жарлауға біткен жапырақ
Жамылсақ тоңар ма екеміз,
Жазыққа біткен бүлдірген
Сұғынсақ тояр ма екеміз! 
Тобылғы сапты қамшы алып,
Тұмар мойын ат мініп,
Қоныс та қарар ма екеміз!
Ел жазылып жайлауда
Жақсылар кеңес құрғанда


250
Мұртымыз өрге шаншылып,
Бұрын да сөйлер ме екеміз!
Жастықпен қатар, кəрілік те толғаудан тыс қалмаған. 
Бұл жайында Шал ақынның толғауы – жақсы үлгі.
Ұлғайып қартаяды жастан адам,
Жас қартайса қалады астан адам,
Жеткенін кəріліктің ескермейді,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет