«Сөздің атасы – ақыл, анасы – тіл». Ендеше сөз ақылдан
əл, тілден нəр алады. Сөйтіп барып тіл сүйексіз болса да,
сүйекті тебірентер қасиетке ие болады.
Тіл жеке адамның игілігінде болумен қатар, халық
қазынасы «Халық тілі – қайнар бұлақ» деудің мəнісі
осында. Көпшіліктің кəдесіне жараған тіл өз иесінің
заманына лайықты талап-тілегіне орай қашалып,
сұрыпталып, жетіліп отырады. Тарих іздері де осыны
байқатады. Əр халық үшін, əрине, өз тіліне жететін
де, содан асқан да бай тіл жоқ. Шынында, ананың ақ
сүтімен бойға сіңіп, біртіндеп ойыңды өсіретін, тəліміңді
жетілдіретін тілден қасиетті не бар? Міне, сол себепті
де халық «Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ой өсіреді» деп
келіп, «Ана тілі – дана тіл» деп түйін жасайды. Сонымен
бірге ана тілі өзге тілді үйренуге де үлкен сеп. Оның ұлы
қызметінің бірі осы. Ана тіліміздің алуан түрлі айшықты
құралдары мүмкіндігі болмаса бізге өзге тілдердің
байлығын танып білу, ұлт əжетіне жарату қиынға
соғар еді.
320
Ана тілін барынша игеріп, баппен ұстап, байыппен
əжетке жарату, əсіресе, жас ұрпақтың түбегейлі міндеті
болып саналады. Сөйлеу, жазу мəдениетіміздегі
олқылықтарды ойға алғанда өз тілімізде өрнектелген
тіл байлығын неге ескермейміз. Неге халықтық мақал-
мəтелдерден үлгі алмаймыз деген сауалдарға еріксіз
барасыз. Сөйлеу мəдениетін көтерудің алғы шарттары
халық нақылдарында айқын айтылған. Қалай сөйлеп,
қалай жазудың үлгісі осыларда жасалған.
Адамның əдептілігі алдымен тілінен байқалады,
содан соң тіл арқылы көрінетін білімінен байқалады. Біз
əлде бір кісілерге парасатты, пайымды, сыпайы, ізетті,
инабатты, есті адам деп баға беріп жатамыз. Осының
бəрі адамгершілігі мол адамның бойына жарасқылықты
қасиет. Бұлар мəдени өресі мейлінше биік, ерекше
жандар. Адамдардың бір-бірінен негізгі айырмашылығы
рухани байлық пен мəдени өреден байқалады. Жастар
осы рухта тəрбиеленіп отырса құба-құп. Алайда сөз
байлығын игеріп, мəдениетті азамат болу оңай емес. Ол
үшін не істеу керек? Қазақ мақал-мəтелдері мəселенің
бұл жағын да ескерген. «Оқып ойыңды түзет, үйреніп
сөзіңді түзет» дейді.
«Сөз де ара сияқты, оның балы да бар, уы да бар»,
тілдің байлығын игерудің бейнеті көп. «Адамға келетін
он пайданың тоғызы тілден» дей отырып, соған жетудің
əлденеше амалдарын алға тұтатын мақалдар бар. Барлап
қарасаңыз тіл асау арғымақ тəрізді, айлаң асып, күшің
жетіп, оны ауыздықтай алсаң арғымақ дегеніңе көнеді,
шамаң келмесе өзіңді тебеді.
«Ат жүйрігі асқа, тіл жүйрігі басқа», «Артық тұз
асқа залал, артық сөз басқа залал», «Жауынның көптігі
жерді құртады, сөздің көптігі елді құртады», «Адам
тілінен жазады, мал мүйізінен жазады», «Аңдамай
321
сөйлеген ауырмай өледі», «Қотыр қолдан жұғады, пəле
тілден жұғады», «Өз тілің өзіңе жау», «Тіл ерді қабірге
салады, нарды қазанға салады» дей келіп, халық тілдің
өткірлігін қылышқа теңейді. Соны ұстай біл, керегіңе
пайдалана біл дейді. «Тіл – қылыш, тиімсіз жерде тый,
тиімді жерде қи» деуде үлкен астар бар.
Халық мақалы «аузынан сөзі, қойнынан бөзі» түсіп
ылбырап тұрғандарды немесе өзі мен сөзіне ие бола
алмай ордаңдап шыға келетін ожар да олақ жандарды
өлтіре сынайды. «Сөзіне əлі жетпегеннің аузында
масқарасы бар», «Орынсыз сөз орға жығады», «Өзі
ынжықтың сөзі де ынжық». «Жаман қауып айтады,
жақсы тауып айтады», «Біреудің ат көтермес сөзі
бар, біреудің ат көтермес бөзі бар», «Жүре білмеген
Достарыңызбен бөлісу: |