318
ілінуі тегін емес. Шаршы топта суырылып шығып, сөз
сайысына түскен небір дүлдүлдерді ол таңдана таңдап,
даланың Демосфендеріне теңеген.
Бұл кезеңдердің арғы-бергі жағында өмір кешкен
небір жезтаңдай əнші-жыршылар
мен ақын-жыраулар
артқа тастаған мұралар ше?!
Осы деректерді тізгенде, біз өз тілімізді өзіміз өзгеше
бір биікке көтеріп, басқалардан алабөтен ардақтап
уағыздаудан аулақпыз. Əрбір тілдің қалыптасып, даму
тарихында көзге айрықша түсетін бір кезеңі болады.
мұны осы тұрғыдан түсінген жөн.
Халқымыздың
сөзді өмірдің ұлы қаруы, ұлттың
ұлы мұрасы ретінде қастерлеп тұтынғанын, біз басқа
көптеген мəліметтермен қатар мақал-мəтелдерінен де
байқаймыз. Ақылдың көзіне айналып кеткен бұл аталар
сөзінде көкейге түйетін көп үлгі бар.
Сөз қасиетін терең түсінген ол ел оның бар қасиетін
тұжырымдап, түйін айтып кеткен.
Адам баласына
тəн өнердің бəрін тізіп келіп қазақ тіл өнерін алдына
шығарады да
«Өнер алды – қызыл тіл» дейді. Өйткені
«Тіл – көңілдің айнасы», «Қызыл тіл – жанның мияты»
деп ұғады. Өнер – білімді адамның өресін танытатын аса
бір керекті компонент деп танитын болсақ,
халықтың
бұлардың кілтін өнерден іздеуі тегін емес. Шынында да,
«Білім кілті – тіл».
«Жақсылардың көңілі алтын сандық,
Кілт болмаса сандықты кім ашады», – деген өлең
жолдары еске түскенде, осы бір іңкəр сезімнің заттық
формасын тауып, шебер өрнектей білген тілдің
тақылетіне тəнті болмаймыз ба...
Тіл туралы мақал-мəтелдерді сараласаңыз бұл
халықтық мұраға берген анықтамасының дəлдігіне,
əдемілігіне, мəнділігіне сүйсінесіз.
Оның барлық
319
қасиетін жан-жақты ашып, өрнекті тілмен өмірлік өнеге
беріп отырады. Мəселен,
«Көңіл – сандық, тіл – кілт»,
«Ой – бай, тіл – сараң», «Тіл – буынсыз, ой – түпсіз»,
«Тіл – қылыштан да өткір» т.б. тəрізді тағы басқа
мақалдарға зер салыңыз. Көңілдің сандығын ашатын
кілт сияқты бола тұра, тіл ойға қарағанда мүлде
сараң
əрі буынсыз. Кілт болмаса сандықтағы қазынаны игеру
мүлдем қиын. Ақтардыңыз екен, тіл буынсыз деп оңды-
солды сілтей беру тағы жөнсіз. Өйткені бай ойды бабын
тауып баяндау қажет. Тілдің сараңдығы деген сөз –
оның сарамандығы деген сөз. Тілдің мəдениетіне де
қойылатын шарттардың бірі осыған саяды.
Ал тілдің таянышы деген не? Əрі не? Нəрі не? Мұның
халық нақылы
«Жүздің көркі – сөз, тілдің көркі – сөз»
деп əдемі жеткізген. Сонымен бірге сөздің де пірі бар.
Достарыңызбен бөлісу: